banner-top12

Ақпараттар ағымы Astana Opera_656_438_95

Қосқан уақыты Қараша 1, 2014 | 616 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Нью-Йоркте Қазақстанның мәдениет іс-шаралары өтті

Photo exhibition_673_365_95

2014 жылғы 28 қазанда Нью-Йорктегі БҰҰ Штаб-пәтерінде «Мәңгі даланың дауысы» атты танымал казақстандық және американдық суретшілер көрмесінің ресми ашылуы өтті, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Бұл жерде көркем сурет және мүсін өнерінің шеберлері, атап айтқанда Бақытнұр Бурдесбековтің, Мейіржан Нұрғожинның, Досбол Қасымовтың, Берік Көлмамыровтың, Талғат Тілеужановтың, Ербол Хамыровтың туындылары көрсетілді. Көрме қонақтарын американдық суретшілердің Қазақстанға, оның халқына, әсем табиғатына, дәстүрлеріне арнап салған еңбектері таң қалдырды. Суретшілердің арасынан Колин Блэкарды, Лейла Элайасты, Пит Дидрихты, Майкл Прэтиманды, Джанет Кукты және Фрэнк Сцичитаноды атап өтуге болады.

Американдық қоғам мен өнер қайраткерлерінің, БҰҰ мүше-мемлекеттері дипломаттарының, БҰҰ Хатшылығының басшылығы мен қызметшілерінің елеулі назарын өзіне аударған экспозиция алуан-түрлі стильдердің – реализмнен импрессионизмге және сюрреализмге дейінгі бағыттарының араласуы болып табылады. Көрмеге қатысушылар авторлардың өз ішкі сезімін қағаз бетіне аударып немесе мүсін салып келтіретін жоғары көркемдік шеберлігін атап өтті.
Ұлттар мен халықтардың, елдер мен құрлықтардың жақындасуы, мәдениеттер мен жалпы адамзаттық құндылықтардың өзара сіңісуі, дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін өнердің, мәдениет пен көркем суреттің, суретші дарындығының маңыздығына көңіл аударылды.
27 қазанда Нью-Йорк қаласында әлемге танымал «Карнеги Холл» концерт залында Астана Операның концерті өтті. Талғампаз нью-йорктік қауым дарынды қазақстандық әртістердің орындаушылық шеберлігін тамашалады. «Азия дауысы» концерті Астана Операның америка-еуропалық турнесінің шеңберінде БҰҰ жанындағы Қазақстан Тұрақты Өкілдігінің, АҚШ-дағы ҚР Елшілігі мен Нью-Йорктегі Бас Консулдығы қолдауымен өтті.
Мәдениет іс-шаралары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлау алды кампаниясы шеңберінде ұйымдастырылды.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑