banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_3391

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2019 | 96 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

№ 146 мектеп-лицейде «Буккросинг» өтті

IMG_3347IMG_3391IMG_3314 IMG_4014 IMG_3577 IMG_3576 IMG_3589 IMG_3445

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, № 146 мектеп-лицейде «Буккросинг», яғни кітап алмасу шарасы өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

«Буккроссинг», яғни кітап  алмасу шарасына мектеп оқушылары қатысып, өздерінің оқыған кітаптары жайлы мағлумат беріп, үйдегі артық кітаптарын кітапханаға өткізіп, бір-бірімен кітап алмасты. Шара қонақтары болып “Тіл жанашыры” ҚБ төрайымы, профессор, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының төрағасы, діңтанушы Қәбден Алтайұлы, ақын, «Отандас ел» ҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан,«Әсем» мәдениет, өнер орталығының жетекшісі Жүнісқызы Халима, «Бәйтерек» жастар орталығы  жетекшісі Қазыбаева Мейіргүл, «Желтоқсан жалыны” ҚБ  төрағасы Аманғазы Кәріпжанов, дәстүрлі жас әнші Диас Мұратхан, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін қатысты.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының мектеп ұжымымен біріге жасаған рухани шарасы жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, кітап оқуға деген құштарлығының арта түсуіне ықпал етті.

Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑