banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_3036

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2019 | 89 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

№146 мектеп-лицейде өткен «ҚАЗАҚТАНУ» лекторийі

 

  IMG_3014 IMG_3026IMG_3033 IMG_3021

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, №146 мектеп-лицейде «ҚАЗАҚТАНУ» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Лекторийге профессор, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, «Парасат» орденінің иегері, тіл жанашыры Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының президенті Қәбден Алтайұлы, «Отандас ел» ҚБ төрағасы, педагог Мұқан Мамтыхан, «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, ақын Ләззат Игісін қатысып, рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының мектеппен бірге өткізген рухани шарасы жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑