banner-top12

Ақпараттар ағымы ййй

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2019 | 10 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

№146 мектеп-лицейде «Рухани жаңғыру күні » шарасы өтті.

й йвй йвйв йй ййй йййййвйййввв йййййййй

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту” тақырыбындағы жоба аясында Алматы қаласы, №146 мектеп-лицейде «Рухани жаңғыру күні » шарасы өтті.

«Ұлы дала тарихы -ұрпаққа аманат»  атты кездесуге мектеп ұстаздары,  100-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу қонақтары қатысушылармен рухани жаңғыру тақырыбы аясында пікірталас жүргізіп, әңгіме өрбітті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Кездесу қонақтары: профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, тіл жанашыры  Асылы Әлиқызы Осман, «Халифа Алтай» қорының төрағасы, діңтанушы Қәбден Алтайұлы, ақын, Отандас ел ҚБ төрағасы Мұқан Мамытхан, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, Еларалық «Шалқар» газетінің бас редакторы Жаңыл Амантайқызы Әпетова, ақын, қоғам қайраткері Ләззат Игісін, дәстүрлі жас әнші Диас Мұратхан, мектеп директоры Нуридинов Н.М.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының мектеппен біріге өткізген рухани шарасы жастардың рухын көтеріп, санасына сәуле түсіріп, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерінің арта түсуіне ықпал етті.

Гулдана Ермекқызы            




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑