banner-top12

Айтарым бар nimg299

Қосқан уақыты Наурыз 10, 2015 | 915 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Нұрлы жол» аясында тұрғындарға жаңа пәтер кілттері 20 наурызда табысталады

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғындарға жаңа пәтердің кілті 20 наурызда тапсырылады. Бұл туралы бүгiн «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингiнің» басшысы Қуандық Бишiмбаев мәлiм еттi. Холдинг басшысының айтуынша, қазірдің өзінде Астана, Алматы, Көкшетау, Семей және Қостанай қалаларында жалпы көлемі 76,5 мың шаршы метр болатын 1357 пәтер сатып алынған. Бұл баспаналар наурыз айында тұрғындарға теңдей бөлінетін болады. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейiн жалдамалы пәтерлердi сатып алу және салу бойынша нақты жоспар жасақталған. Холдингтiң еншiлес компанияларымен 2015 жылдың сәуiрiнен желтоқсанға дейiн Астана, Қостанай, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда қалалары 165 мың шаршы метр болатын 1511 пәтер сатып алады. Сонымен қатар пәтер кезегiнде тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй құрылысы да жүргiзiлмек.

Қуандық Бишiмбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингi» АҚ басқарма төрағасы: – Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан «Бәйтерек» холдингіне 145 млрд теңге бөлінген болатын. Сондай-ақ жергілікті атқару органдары, инженерлік коммуникация құрылымды жүргізу үшін 35 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Бәйтерек холдингі 92,5 млрд теңге биылғы жылға бөлінсе, қалған 52,5 млрд теңге 2016 жылы бөлінбек

24.kz




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑