banner-top12

Ақпараттар ағымы 1426497036_16rabmesta1

Қосқан уақыты Мамыр 23, 2015 | 584 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша Қазақстанда 500 мың жұмыс орны ашылады

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстанда 500 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Strategy.kz.

«Нұрлы жол» бағдарламасын автожолдардың көлік коммуникациялары бойынша біз алдағы үш жылдың көлемінде аяқтайтын боламыз. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық аймақтарының теңдестірілген дамуына қол жеткізіп, экономикалық даму мен әлеуметтік демографиялық жағдайдың оңтайлануына мүмкіндік береді. Біз еліміздің астанасынан аймақтарға дейінгі автожолдар желісін шұғыла принципі бойынша саламыз. Темір жолдар мен көпірлер, электр желілері мен мектептер, ауруханалар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын және әсіресе жастар үшін үлкен көлемде тұрғын үйлер саламыз»,-деді Н.Назарбаев.
Ұлт көшбасшысының сөзінше, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың есебінен қосымша 500 мың жұмыс орны ашылады.
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2019 жылға дейін көршілес елдерге баруға жол аша отырып, ірі қалалар арасындағы жолдар 3 есеге қысқарады. Электр энергиясына деген қажеттілікті толық қамтамасыз ететін бірыңғай энерго жүйе қалыптасады. Бұл өз кезегінде еліміздің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық өсімнің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бағдарлама жарты миллион жұмыс орындарымен қамтиды. Біз үшін бұл аз емес»,- деді Мемлекет басшысы.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑