banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Қыркүйек 1, 2014 | 436 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Өркениеттер диалогын ілгерілету – Қазақстанның әлемге деген көзқарасының ажырамас бөлігі

 

Ү.ж. 29 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Бали аралында (Индонезия) өтіп жатқан VI Өркениеттер Альянсы (ӨА) Жаһандық Форумының жұмысына қатысты. Форум жұмысына Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова, 100 мемлекеттен астам делегаттар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.
Өркениеттер Альянсының Достар тобы мүшесі ретінде Қазақстан атынан сөз сөйлеген Е. Ыдырысов республика ӨА мақсаттарын толықтай қолдайтынын және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Съезін өткізу туралы бастамасын дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы халықаралық деңгейде өзара түсіністіктің нығая түсуіне қомақты үлес қосып отырғанын атап өтті.
ҚР сыртқы саяси ведомство басшысы атап өткендей, «Қазақстан Альянстың батыс пен ислам әлемі арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған ойын толықтайды қолдайды және оны үзеге асыруға кірісіп те кетті. Қазақстан діндер арасы және конфессиялар арасы үнкатысуының жаһандық платформасы болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Съезінінің тиімділігін арттыру бойынша қызмет атқарды және оны одан әрі жалғастыра береді. Съезд 3 жылда бір рет өтеді, келесі 5-ші мерейтойлық Конгресс 2015 жылы Астанада өтпек. Конгресске әлемнің 80 елінен әр түрлі сенім өкілдері қатысады».
Е. Ыдырысов өз сөзінде әлем шиеленістердің өрбуі мен әскери әлеуеттің арту кезеңіне қайта еніп, бірқатар ескі қарамақайшылықтар мен даулар қайта ушыға түскенін атап өтті. «Халықаралық құқық күтілгендей жұмыс істемейді, ал өзімбілдімшілдік қағидасы басым болып отыр.Біз мәселелерді шешудің орнына, оларды ушықтырып отырған қақтығыстар үшін өте қымбат баға төлеп отырмыз», – деп мәлімдеді ол.
Келісім мен өркениеттер арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған қолдауды алға тарта отырып, Қазақстан әрдайым белсенді ұстанымда болып, діндер арасындағы және мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту үшін әлемге өз ұысыныстары мен ой-пікірлерін ұсынды. Қазақстанның дамуындағы басты фактор болып бейбітшілік пен үйлесімділіктің тиімді моделі саналады. Біз барлық азаматтар арасында, олардың діни, этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, ұлттық бірлік пен келісімнің бірігей формуласын ойлап таптық. Тәуелсіз Қазақстан 120-дан астам этникалық топтар бейбітшілік пен үйлесімділік ішінде тұратын ел», – деп ол Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын ерекше атап өтті.
«Еліміздің атақты ақыны Фариза Оңғарсынованың дана сөзі бар: «Жасау дегеніміз барлық адамдар білетін нәрсеге өз жаныңның кішкентай бөлігін және жеке тәжірибеңде қоса білу». Бейбітшілік, рухани байлық пен келісім – бұл барлық 17 миллион халқымыздың өмірлік шығармашылығы», – деп айтты Е.Ыдырысов.
Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы БҰҰ шешімімен 29 тамыз күні осымен бесінші жыл қатарынан күллі әлемде Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні деп аталып отырғандығын ерекше атап өтті. Ол БҰҰ Бас хатшысына осы мәселеге қатысты бүгінгі арнайы мәлімдесі үшін алғыс айтты.
Форум аясында Е.Ыдырысов Ангола, Малайзия, Мьянма, Нидерланды, Перу, Танзания, Түркия, Чили және тағы да басқа мемлекеттердің делегация басшыларымен кездесті. Кездесулер барысында екі жақты қатынастар, халықаралық ұйымның нығайтылуы, сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұратқы емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету және аталған мемлекеттер өкілдерінің Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы мен ашылуына қатысу мәселелері талқыланды.
Бұған қоса, Қазастан СІМ басшысы Король Абдулазиз атындағы діндер және мәдениеттер арасындағы Халықаралық орталықтың Бас хатшысы Фейсал Муаммармен кездесті. Өркениеттер арасындағы диалог пен келісімді ілгерілету бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Съезін мен ҚХА қызметі аясындағы әріптестік талқыланды.
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының директоры Жозе Грациано да Сильвамен кездесу барысында сол ұйымның Қазақстанда бөлімшесін ашу және құрылғалы отырған Ислам азық-түлік қауіпсіздіггі ұйымымен ынтымақтастық сөз болды.
Е. Ыдырысов ертең Балиде Индонезияға ресми екі жақты сапары форматында кездесулер өткізбек.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑