banner-top12

Ақпараттар ағымы ӘМЖ көлемі-қаз

Қосқан уақыты Қаңтар 24, 2020 | 113 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Өткен жылы Алматы қаласында 591 009 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушылар болды

Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 02.09.2019 жылғы жолдауының аясында, көп балалы отбасыларға көмек ретінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына сәйкес 01.01.2020 жылдан бастап ай сайын төленетін көп балалы отбасылық мемлекеттік жәрдемақы кіргізілді. Балалардың санына қарай көп балалы отбасыларына төленетін жәрдемақылар мөлшері:
– 4 балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК);
– 5 балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК);
– 6 балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК);
– 7 балаға – 74 388 теңге (28,06 АЕК);
Жаңадан тапсырған жағдайда, көп балалы отбасыларына жәрдемақы растайтын құжаттармен бірге, өтініш жазған күннен бастап тағайындалады. Растайтын құжаттары болмаған жағдайда немесе тапсыратын құжаттарында ақау болған жағдайда жәрдемақы тағайындалмайды. Сонымен бірге назар аудару қажет – кәмелеттік жасқа толған 23 жасқа дейінгі (оқу орнынан анықтамасы болған жағдайда) балалар отбасында бірге тұрған тұрмағанына қарамастан есепке алынады.
Алматы қаласы бойынша, 2019 жылы зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны, соның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (ЕҚҚБ) 591 009 алушы болды.
Қала бойынша 250 052 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде (баланың тууына біржолғы төлем, бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы) – 17 699, жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен – 3 984 медициналық және әлеуметтік сараптама (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар) арқылы – мүгедектік және мүгедектігі үшін әлеуметтік төлемдер) – 2 906.
Ал, республика бойынша айтар болсақ, көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.
«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәрдемақыны рәсімдей алады. Осыған дейін жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрін алушылар тізімінде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы – бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алғандар.
Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсімделуіне Түркістан облысынан көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.
Естеріңізге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелет жасына толғаннан кейін білім беру ұйымдарын тәмамдағанға дейін (23 жасқа дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы көлемі: 4 баласы барларға – 42 496 тг, 5 балаға – 53 127 тг, 6 балаға – 63 757 тг, 7 және одан көп балаға – 74 388 тг.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑