banner-top12

Тарих 1458800665_l

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 377 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ӨТКЕНСІЗ БҮГІН ЖОҚ. ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ ТҮРКІЛЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ӨНЕРІ

Мусаипов Дастан Фархатұлы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №122 ЖББМ 

тарих пәнінің  мұғалімі

 

Әскери істің дамуының бірқатар мәселелері. Еуразия кеңістігінің б.з.д. І мыңжылдықтың басы шаруашылық жүргізудің жаңа түрлеріне көшумен белгіленеді және беймәлім болған өмір салтына бейімделу қарқынды жүргендігін білеміз. Өзгеру үрдісі ежелгі қоғам өмір салтының барлық саласын қамтыды. Әскер іс алдыңғылардың бірі болып өзгеріске ұшырады. Соның нәтижесінде соғыс жүргізу тактикасы, әскер құрамы мен қару-жарақтың техникалық сипаты жаңа талаптарға сай келетін өзіндік деңгейге көтеріліді.

«Бұл кезеңде көптеген аймақтар мен қоғамдар қатарында кәсіби армия қалыптасты» деп тұжырым жасауға болады (Чотбаев, 2013,122-б.).

Ірі соғыстар мен өзара талас-тартыстарға толы дәуір қоғамдық қарым-қатынастарға айтарлықтай өзгеріс енгізіп, қоғамның әрбір мүшесі – қорғаушыға, ал соғыс – билік құралына айналды.  Әскери істің дамуына әсер еткен факторлардың бірі – мал шаруашылығының дамуы болды, нақтырақ айтқанды ежелгі тайпалардың алдында жайылымдық жерлеулерді кеңейту мәселесін қойды. Соғыстаң көмегі арқылы шешілетін бұл мәселе, әскери күшті тұрақты кәсіп пен байлық көзінің құралына айналдырды.

Осылайша, көшпелі өмір салты соғыс жүргізу өнеріне қарсылық танытпады, керсінше олар бір бірін өзар толықтыра келе, қару-жарақ арсеналын жағалауды және қолданыстағыны жетілдіру қажет еткен әскери ұйымға қосымшалар мен түзетулер енгізіп отырды. Әскеи құрам – садақтармен, қанжарлармен, аракідік шақан және найзалармен қаруланған жауынгерлер құралды. Қарастырылып отырған кезеңге тән қылыштар көп емес, бізге бірнеше данасы ғана белгілі. Олар негізінен савромат тарихи-мәдени қауымдастығы мекендеген территориядан кездесті.

Қашықтықтан ұрыс жүргізу үшін садақ пен қондырмалы ұңғылы, шегелі және айырлы жебелер қолданылды. Садақ үлгілері жерлеу кешендерінен табылмағанымен, сынтастар мен салт аттылардың шағын бейнелері бар. Барлық кескіндерде садақ садаққапқа салынып, белдіктің сол жағына ілінген. Сақталған жебе үлгілеріне қарй отырып, б.з.д. VIII-VII ғғ. садақшы-жауынгерлер қарапайым садақты қолданған деп тұжырымдауға болады (Чотбаев, 2013, 122-б.).

Ерте сақ кезеңіндегі жауынгерлердің қорамсақтары Қазақстанға тін дәстүрлі үлгідегі ұңғылы және шегелі қола жебелер жиынтығымен сипатталады. Бұл кезеңге тән жебе түрлері мен пішіндерінің алуан түрлілігі әскери істің жоғарғы деңгейінен хабар береді. Жетілдірілген екі қанатты ұңғылы жебелердің бастары салмақтанып, ұңғысында ілгектер пайда болады. Ал, төт қанатты жебелердің жасалуын тәжірибиелік нәтиже деп есептеу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Барлық жерлеу ескерткіштерінде қорамсақтар адам қаңқасының сол жағында, сан жілігінің тұсына қойылған. Қорамсақтар барлық жерлеу орындарында кездеспейді және жекеленген бөлшектер түрінде тіркелген. Жебелер қорамсаұұа ұштары төмен қаратыла салынады. Жебелердің қрамсаққа қолайлы орналасуы садақшы жауынгердің жылдам қимылдауына көмектеседі, ал шапшаңдық пен ептілік ұрыстың тағдырын шешуге ықпал ететіндігі белгілі.

Б.з.д. VIII-VII ғғ. жауынгерлер қола қанжарлардың екі түрімен қаруланады: балдағы «бүршікті» және «шатыр» тәрізіді. Б.з.д VII ғ. бастап бүйрек тәрізді балдақты қанжарлар пайда бола бастады.

Салт атты жауынгердің қару-жарақ жиытығында шақандар, аракідік найзалар болды. Жерлеуледегі қару-жарақ заттарының қойылуына қарап, жебе салынған қорамсақтар мен қанжарлар белдікке ілініп жүргендігін байқауға болады.

Белдіктер – әскери жарақтардың құрамдас бөлігі ретінде кешендерде қару-жарақтармен қатар кездеседі. Қазақстанда мұндай кешендердің бірнешеуі белгілі.

Сақ тайпалары қоныстанған аумақтарда бадана сауыттар аз кездеседі және олардың мерзімделуі б.з.д. VI ғ. ерте емес. Мұндай сауыттардың болмауы садақ пен жебелердің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Мүмкін бұл уақытта жауынгерлер қорғаныс мақсатында былғарыдан және басқа да органикалық материялдардан жасалған қалқандар мен сауыттарды пайдаланса керек.

Жоғарыда аталған қару-жарақ түрлеріне сүйене отырып, ерте сақ кезеңіндегі жауынгерлер негізінен садақ пен жебені кеңінен қолданған деп тұжырымдауға болады. Соғыс жүргізу тактикасына келер болсақ, мәліметтерге қарағанда ұрыс бегілі бір арақашықтықтан садақпен атудан басталып, қарсыластарының қатары сиреген тұста ғана қоян-қолтық ұрыспен жалғасқан. Осылайша, сақ дәуірінде қашықтықтан ұрыс салуды көбірек пайдаланған, ал бетпе-бет шайқаста қажет болған кезде ғана шыққан. Мұндай болжамды Геродот хабарламалары дәлелдейді: көшпелілер Кирмен шайқасы барысында «алғаш екі жақтыі әскерлері бір-бірімен садақпен атысып, жебелері таусылған соң қоян-қолтық ұрысқа көшті» (Геродот, 1947, 255-б.). Сонымен қатар Геродоттың жазбаларында олардың «наза және қылыштармен шайқасқаны» жайлы сөз болады. Б.з.д. VIII-VII ғғ. мерзімделетін найзалар мен қылыштардың аталған аумақта аз кездесуіне қарай соңғы мәлімет әзірге толық дәлелденген жоқ. Ареологиялық мағлұматтарға негіз артсақ жауынгерлер қанжарлар мен шақандарды қолдануы мүмкін. Шақандар Оңтүстік Сібір мен Моңғолияның ерте көшпелілері заманында жақынан ұрыс салудың жетекші қаруы болған.

Қарастырылып отырған уақыт өлшемі Қазақстан мен Еуразия далаларындағы ежелгі тұрғындардың өмірлік құндылықтары түбегейлі өзгеріске ұшыраған өтпелі кезеңмен сипатталады. Қоғамдағы жедел өзгерістер әскери істі де айналып өтпеді. Тіпті соғыс , әлеуметтік құбылыс ретінде көшпелілердің қоғамдық-экономикалық өміріне айтарлықтай әсерін тигізіді. Қару-жарақтарды пішіні мен зеленуіне қарай, элитарлы және қатардағы әлеуметтік топқа жатады деп бөлуге болады.

Элитарлылар қатарына беті мен біраз бөліктері зооморфты немесе өсімдік элементтерімен әшекейленіп, аң стиліне орындалған және қымбат тастармен зерленген салтанатты қару-жарақтарды жатқызамыз. Қарулар пішінінің өзгеруімен қатар, түрлі әшекейлермен және зермен байытыла түседі. Ертедегі қару-жарақ жасаушы шеберлер қарулардың пішіні мен техникалық сипатын зерлеумен ұштастыра білді. Сақтарға тән қаруларды әшекейлеуге жыртқыш аңдар мен плиморфты тіршілік йелерінің бейнелері (грифон) қолданылды.

Қаруларды сәндеуге негізінен жырқыш аңдардың (қабан, қасқыр, барыс және т.б),  ал әскери қосымша жарақтарды әшекелеуге шөпқоректіліктілердің (бұғы, жылқы, тау ешкісі, арқаралардың және т.б) бейнелері қолданылды. Әшекелеуге таңдалған жануардың табиғи ерекшеліктеріне аса көңіл бөлді. Бірте-бірте қару-жарақтарға қатысты нақты мағыналық және магиялық түсініктер пайда болады. Мәселен, заттар өзінде бейнеленген жануардың табиғи қасиеттерін иеленеді деген ұғымдар қалыптасады. Осылайша, әскери жарақ түрлері оны қалыптастырған мәдениет аясында «кітапқа» айналады, ал ондай кітапты оқу үшін көшпелілер мәдениетіндегі әскери жарақ түрлерінің даму деңгейі мен ішкі сипаттырына сүйене отырып олардың атқаратын қызметінің ерекшеліктерін анықтау қажет.

Қазақстанның археология ғылымында жауынгерлерлердің әлеуметтік мәртебесі мен қару түрлеріне қатысты әлі де арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген (Чотбаев, 2013, 131-б.).

Қару-жарақтар әлеуметтік тиістіліктің белгілеушісі болумен қатар, түрлі рәсімдік салттарда қолданыла бастайды. Жинақталаған археологиялық материялдар әлеуметтік құрылымның бірқатар мәселерін қарастыруға мүмкіндік береді. Қарстырылып отырған заттардың жан-жақты талдау нәтижесінде төмендегідей қызметтерін бөліп көрсетуге болады: әскери, киелілік, әлеуметтік белгіні анықтауыш.

Өзіндік әскери қызметі – әскери демократиялық қоғамда қару-жарақтар түрленіп неғұрлым сапалы қарулар пайда болды. Шабуылдау қаруларының жаңа түрлерінің пайда болуымен бірге сапалы қорғаныс киімдері де қолданысқа енеді. Соғыс – түрлі халықтар арасындағы экономикалық және саяси әлеуметтік және басқа да өзара қарым-қатынастардың құралына айналды. Аталған қызмет қару-жарақтардың пішінін, дайындалатын материялдарын және құрылымын анықтаушы болды.

Киелі қызметі – қарудың қызметі аң бейнесімен толықтырылады, сәйкесінше қару мен бейне бір тұтас ұғымды құрады. Киелі қызметті негізінен – қанжарлар, қылышар мен шақандар атқарды. Қылыш немесе қанжар тірілер мен өлілер әлемін жалғастырушы киелі өзектің құрамды бөлігі болды. Киелі іс-әрекеттерді орындауға арналған қаруларда құдайларға теңестірілетін аңдар, сонымен бірге мифтік тіршілік иелері – грифондар бейнеленеді. Шақандарда (қарудың басқа түрлерінде де) арқарлар, грифондар және олардың бет-бейнелері кескінделеді. Арқар биік тауда ертедегі оны күн құдайымен кейіптеді. Ежелгі тайпалардың дүниетанымы бойынша грифон қайтыс болған адамның жанын сақтаушы, о дүниеге жеткізуші дәнекер ретінде сипатталады. Жылқының бас сүйегіндегі дөңгелек тесіктер көрсеткендей шақандар құрбаныдық малдарын өлтіру үшін қоланылады. Әлеуметтік белгісіне қатысты қызметі – билік атрибуты қару-жарақтың толық жиынтығымен байланысты. Қару биліктің атрибутын айналуы үшін, бірінші кезекте аң стиліне орындалған қаруларды әшекелеуге жұмсалатын қосымша еңбек күші мен материялдар қажет болды.

Есік «алтын адамның» жарақтары, ол тірі кезінде қоғамның белді мүшесі болғандығын толық айғақтайды. Ә.К. Ақышевтың ойнша, мұнда күн құдайның көлеңкесі болып абылатынжауынгер жерленеген (Акишев, 1981, 59-б.). Сақ көсемдерінің күн бейнемелесіне бейімділігі олардың киімдеріндегі алтын жапсырмалардан, қару-жарақтары мен сауыттарынадағы апталған алтыннан анық көрінеді. Аң стилінде әшекейленген киімдер, қанжар, қорамсақ және басқа да жарақтармен сипатталатын белдік жиынтығы айтулы жауынгерлердің дәстүрлі, әрі ең ұнамды жарақтарына айналады. Ежелгі қоғамда белдіктерді сәндеу мен тағынып жүруге қатысты түрлі түсініктер мен дәстурлер қалыптасты. Белдіктің сәнделуі мен салтанаттылығы элиталық топтардың арасында анық байқалады. Белдік зерінің күрделілігі, оның салтанатты таңдаулы топтың артықшылыеғын көрсетті.

Қоғамның жоғарғы тобын қанағаттандырған – сақ өнері, ақсүйектер мен қарапайым халық арасындағы қоғамдық алшақтық туралы ғана емес, рухани саладағы аражігі жөнінде де айтуға мүмкіндік береді. Геродот, «фракийлықтар, скифтер, парсылар, мидиялықтар яғни, әскери істі білетіндер ғана бекзат деп санайды»-деп жазады (Геродот, т. 4, 167-б.).

Ежелгі қоғамда ақсүйек жауынгерге біртіндеп магиялық күшке ие деп сенім, зұлым күштерден қорғаушы ретінде қабылдады. Жауынгер қорғаушыға айнала отырып, көсемге, құдайға теңестірілді. Осылайша ол абыздың қызметін атқарып, оның қару-жарағы қоғамдағы дәрежесін анықтайтын атрибутқа айналады. Осы жерде скифтердің аспаннан сый ретінде қару түсетін генеологиялық аңызын еске түсіре кетуге болады. Қару түрлері мен әскери жарақтардың ертеде пайда болған алуан түрлі қызметтері түркі кезеңінд түрлене түсіп, жаға қырлары пайда болады. Қазақ халқының этнографиялық материялдарында қару заттары мен әскери жарақтардың атқаратын қызметтері туралы мәліметтерде жетерлік. Қару-жарақтарда қазақ халқының мифологиялық түсініктері жинақталады.

Қалыптасқан дәстүрлерге сай, бірде-бір қазақ сарбазы жиындарға қару-жарақсыз келмеген, қарусыз келген жағдайда оған ешкім орында бермеген және пікірін де елемегейтін болған (Левшин, 1996, 177-б.).

Қазақ халқының дәстүрлері мен рәсімдік жоралғыларының барлығында қару-жарақ қолданылған. Мысалы, қалыңдықтың жасауында қару-жарақ заттарының болуына ерекше мән берген. Бақсылар салттық жоралғыларды орындау барысында қару-жарақ, әсіресе, қанжар, қылыш және найзаны кеңінен қолданған.

Жекелеп қарайтын болсақ, мысал ретінде 2012 жылдан бастап жүргізілген Қарақаба археологиялық қазба жұмыстарын айтуға болады. Соның ішінде Зейнолла Самашевтың мақаласындағы деректерді негіз ретінде алуға болады. Қарақаба өзенің бойындағы археологиялық қазбалардан мысал ретінде № 4 қорғанды алуға болады. Төртінші қорған бойынша сиппатама төмендегідей көрсетілген.

Шығыс жағында орналасқан қорғандар тізбегінен бөлек орналасқан. Төбенің бетінде биіктігі 0,2 м тас үйіндісімен жабылған, үйінді шеттері қалың бұта болып кеткен. Үйіндінің ортасында кішкене ойық болды.   Қорған тақтатастан және біраз бөлігі домалақ тастардан тұрғызылған.    Беткі қабаты ұсақ тақтатас, шеттерінде пішіндері әр түрлі плиткалардан құралған,  кейін бұл плиткалар үйінді қабырғасы болып шықты. Беткі шымдарды алған соң, қорғанның шеті белгіленді. Беткі тастардың қатты шашылуынан, алғашқы пішінін анықтауды қиындатты. Шымды алғанан кейінгі топырақтағы конструкциясының диаметрі 8х8 метрге жетті.  Беткі тас қабатын алғаннан кейін топырақтағы конструкциясы анықталды. Тік төрт бұрышты, бұрыштары көкжиек тұстарына бағытталған формада болды.   Қабырғаның алғашқы диаметрі 6х6 м, әр түрлі пішінді плиталардан тұрғызылған, негізінен тік бұрышты және сопақша тастар, үш-төрт пликалы қалау, кейбір жерде қабырға биіктігі 0,6 м жетеді. Қалыңдығы 0,4-0,5 м.  Қабырға ішіндегі кеңістік ұсақ тақтаспен толтырылған, жұмыр тас салынбаған.  Тас үйіндінің астында, әсіресе, оң түстік жағында топырақ конструкция ішінде қабір шұңқырынан шыққан топырақ қабаты қалыңдығы 0,1 м.

Батыс қабырғаның орталық бөлігіндегі үйіндіні тазалау кезінде плиталар астынан шашылған от шоқтары табылды, дегенімен, күйген топырақ байқалмады.

Ішкі кеңістікті тазалағаннан кейін қабір шұңқыры белгіленді. Шұңқыр үстінде тақтатастар орналасқан, маңайында қалану не, тас жиналу жүйесі болмады.  Қабір шұңқыры бұрыштары сүйірленген тік төрт бұрышты пішінді, ұзын осі бойынша сол түстік – шығыс, оңтүстік – батсқа бағытталған. Шұңқыр әр түрлі тастармен толтырылған, олардың арасынан қатты шіріп кеткен үш тірек табылды, арасы 0,4-1 м, тірек жуандығы 5-тен 10 см-ге дейін. Қабтты тазалау кезінде тіреулер одан ары қарай көлбеуленіп түбіне қарай кеткен. Тірек арасы үлкен және орташа жұмыр тастармен толтырылған.

Нөлдік белгіден тереңдігі 2,75 м дейінгі қабір шұңқыр әр түрлі көлемдегі тастармен толтырылған. Осы тереңдікте екі жылқы жатты, бастары оң түстік – батысқа бағытталған. Жылқылар осы деңгейдегі барлық жерлеу камерасын алып жатты, оң түстік қабырғаға тақала екі қатар болып жатқызылған. Жылқылар оң жақ бүйірге жатқызылып, аяқтары ішке бүгілген, мойыны созылып, бастары сол түстікке бұрылып, оң жақта жатыр.  Астыңғы жылқы батыс қабырғаға жақын, бұлай жатқызу олардың бастарын қатар қоюға мүмкіндік береді. Бастардың арасынан темір ауыздық табылды, қай жылқыға жататынын анықтау қиындау. Астыңғы жақ тұсынан сүйек тілше байқалды, жүгенен болуы мүмкін. Денесінің әр түрлі бөлігінен қатты тот басқан темір заттар табылды, пішіні мен қызметін айту қиын.

Екі жылқының сүйектері көзге көрінерлік қандай да бір зақымданусыз.  Қабір шұңқырының сол түстік қабырғасында 1,71 м тереңдікте батыс қабырғаның бұрышын қамтыйтын ұңғыма басталады. Шұңқыр түбіндегі үңгіменің ені 1 м жетеді. Нөлдік белгіден 3 м деңгейде жерленген адам сүйегін тазаланды, жылқылар деңгейінен 0,1м төмен жатты. Қайтыс болған адам шалқасынан, басы солтүстік – шығысқа қаратылып жатқызылған. Жерленген адам астынан қатты шіріп кеткен ағаш төсенді қалдығы табылды, бүтін бір тақтай болуы мүмкін. Ағаш қабірдің орны байқалмайды.

Жерленген адам екі жылқы деңгейінен төмен жерлеу камерасының сол түстік бөлігін алап жатыр.

Қайтыс болған адамның басы солға бұрылған, маңдайынан шаш қалдықтары табылды. Бас сүйек астынан, құлақ тұсында, екі бірдей сақина тәрізді, күмістен жасалған бұйым байқалды. Сақатылып қалынған бұлшық ет астыңғы жақты ұстап қалған. Бас сүйектің үстінгі жағында қимасы дөңгелек және шеттерінде тілімдері бар ағаш бұйымның бөлігі табылды. Оның ұзындығы 23 см. Бас сүйектің өзінде семсердің былғары қынының жоғарғы бөлігі және күміс бөлегі бар ілме табылды.

Бас сүйектің сол жағында ірі қараның не, жабайы аңның ағаш ыдысқа салынған қабырғалары, жауырыны, белдемелері қойылған. Орналасуына қарағанда белдеме бүтіндей қойылған. Ыдыс төрт бұрышыты доғалданған шеттерімен, түбі және биік емес қабырғасының бөлігі сақталмаған. Сақталып қалынған түбінде сопақ және дөңес пішінді қалақ сақталған, бүйірінде құлағы бар. Сақталынып қалынған қабырғаның биіктігі 2 см, ұзындығы 40 см, ені 20 см.

Жерленген адам үстіне екі қайыңнан жасалған қорамса, темір жебелер жиынтығымен қойылған.

Қорамса 1 (оң жақтағы) беті сақталмаған, тоғыз жебенің ағашын тазалап алды. Қорамсада жебе ұштары жоғары қаратылып салынған. Жоғарғы бөлігінде Г- пішінді кесілген ағаш төсеу бар, астында тік бұрышты ұңғыма немесе ойық бар, темір жебе ұштары тұратын. Астыңғы бөлігі жалпағырақ, үстіңгі жақтан 15 см қорамса жіңішкеріп мойын түзеді.   Қорамса ұзындығы 85 см, ең енді жері 16 см. Жебе ұзындығы ұшымен бірге 76 см, жебе сабының диаметрі 0,5-1 см.

Қорамса 2 ( сол жақтағы) толығымен сақталған, бірақ, қайыңды қорабы нашар сақталған. Пішіні біріншімен бірдей. Қорамсаның қайыңды қорабында бойлық ойықтар бар, онда жіңішке өзекшелер орналасып, қаттылық қызметін атқарған болуы мүмкін. Қорамсаның ұзындығы 87 см, астыңғы ені 20 см, үстінгі ені 13 см. Жоғарғы бетінде ойық бар, Г- пішінді кесілген ағаштан жасалған. Мұнда төрт темір жебе ұшы сабымен салынған. Үстінгі жақтың оң жағында темір портупеялық айылбас, қозғалатын тілшесімен орналасқан.

Жерленген адам бойымен екі қорамса арасына ағаш садақ қойылған, М-пішінді орта бөлігі сақталынған, ұштары шіріп кеткен. Садақ күрделі құрамды, былғары баумен бекітілген бөліктері табылды. Осы жерден жүрек пішінді ілме бау табылды.

Қорамса астында ірі темір ұшты найза қойылған. Найзадан ұзындығы 30 см, диаметрі 3см ағаш сабы сақталған. Найза ұшының қыймасы ромбы пішінді, фтулкалы бектпемен. Найза денеге көлдеңінен ұшымен жоғары қаратылып қойылған. Найзаның сақталуы жақсы, сабы да жақсы сақталған.

Жерленген адамның кеудесінің сол жағынан оңжақ тізесіне дейін темір қылыш орналасқан. Жүзі шамалы иілген, қимасында үш бұрышты, конус тәрізді ұшымен. Сабы ағаштан жаслған, балдағы түзу жіңішке, оюланып безендірілген, күміс болуы мүмкін. Сабын темір ұш аяқтайды, өзіндік шаршы жасай қатар орналасқан ромбылы, үш бұрышты, дөнгелек тесіктер жасалынған. Ұшында былғары бүлдіргі орналасқан.  Сабы біраз иілген, екі жерден темір бекітпе, ортасында былғары бау орамасы байқалады. Қылыш маңында былғары қын, астыңғы жағында ромбы пішінді тесігі бар  киілген темір ұш орналасқан. Орта және жоғарғы тұсында өрнектелген   доғалы темір құрсау кигізілген, белдікке тағу үшін. Құрсаудағы өрнек өсімдік сарынды, тармақталған жапырақ тәрізді, ал доғалы жерінде ромбы пішінді ойық бар.    Былғары орам ішінде ағаш негіз бар. Қын маңында екі темір дөнгелек тесігі бар ілмек орналасқан.

Қорамса астынан сол қол шынтағының тұсынан гриф басы төрт қазығымен және ағаштан жасалған музыкалық аспаптың мойын бөлігі табылды. Қалған бөліктері қатты шіріп кеткен, кейін ағаш төсенішке араласып, оның пішінін анықтау мүмкін болмады.

Сол қол шынтағының тұсынан темір дөңгелек фтулкалы зат табылды,

Аяқтарының арасына тізеден төмен тұста ұсақ малдың жамбасы және құймышағы қойылған. Оң аяқтың балтыр тұсында сапсыз үлкен темір жебе ұшы орналасқан. Сәл төменіректе сақинаға бекітілген былғары белбеу табылды.

Қайтыс болған адамның аяғының астына ер қойылған, оның негізі ағаштан жасалған, нашар сақталған былғары бөліктері табылды. Ағаш негізі жартылай шіріген, соның әсерінен оның пішінін толықтай келтіру мүмкін болмады. Көптеген темір ілмектер, сақина тәрізді айырмалар, белбеу бастары ер маңайында шашылған. Оның қасында сүйек псальға бекітілген ауыздық орналасқан. Ер маңында темір үзеңгілер табылды, олардың біреуінде былғары белдік бөлігі сақталған. Үзеңгі үлкен, жалпақ тұғырымен аяқ үшін.

Ер тұрманның қасында шамамен 40 см жерде қозғалатын тілшелі сүйек айылбас жатты, ол бастапқа жатпаған тәрізді. Осы жерде өзекше және пластинка секілді пішінді екі темір зат орналасқан.

Адамның сүйек қаңқасында өзіне қойылған қару жарақтың астында киім қалдықтары сақталған. Киім бірнеше қабат матадан тұрады. Кеуде тұсынан тоқылған киім қалдығы табылды. Сақталып қалынған киім бөлігі жамбастан сәл төменге дейін жетеді.

Кеуде тұсында киімнің мата қабат астында жерленген адамның терісі сақталған, ортан жіліктің кейбір жерлерінде де сақталған.

Осылай, қайтыс болған адам қабір шұңқырына қару жарағымен, ер тұрманымен және музыкалық аспаппен бірге жерленген, сонымен қатар оған тиесілі жылқалар жерленген.

Қазақ Алтайындағы Қарақаба қорымының №4 қорғанның құрылу уақытын анықтауда, сүйенерлік ескерткіш ретінде Монғол Алтайындағы Жарғаланттағы Хайрхан ескерткішіне бағдарлаймыз. Жартасты жерленуден  АМS әдісімен алынған радиокарбонды мөлшерленген уақыт б.д 690,770,780 біздің ескерткішке де сай келетін уақыт.

Осы уақытты Монғол Алтайындағы үлгілермен бірдей жоғарыда атап кеткен сегіз тәрізді үзеңгілер растайды және екі қорамсадағы темір жебе ұштары. Басқада табылған заттар: темір найза, қылыш, ауыздық, сүйек айылбас және т.б. растайды.

Ат әбзелдерінің әр түрлі үстеме түйіндіктеріне анализ жасалмады. Болашақта жерлеу рәсімі мен заттар жиынтығына егжей-тегжейлі анализ жасаудан кейін және де ғылыми зерттеу нәтижесі ескеріліп, ескеркіш уақыты нақтылануы мүмкін. Егер қарақабалық №4 қорғанның жерлеу рәсімі мен кейбір табылған заттарды В.В. Радлов қазған берел қорғанымен салыстырсақ, онда уақытын ертерекке б.д. IV-Viғғ. немесе V-VІғғ. апаруға болады, бірақ бұл үшін қолда бар заттарға толық анализ жасау керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  • Акишев К.А., Акишев А.К. Проблема хронологии раннего этапа сакской культуры // Археологические памятники Казахстана.- Алма-Ата, 1978. – С. 38-63.
  • Арсланова Ф. Х. Предметы вооружения из Казахстанского Прииртышья // Тезисы докладов Всесоюзной археологической конференции «Проблемы скифо-сибирского культурно-исторического единства»- Кемерово, 1979. – С. 95-99.
  • Оралбай Е. К. Тарбағатай теріскейіндегі 2013 жылғы қазба жұмыстарының қортындысы // Труды филиала Института археологии в г.Астана, – С. 131 -139.
  • Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. – М.- Л., 1953.- 202 с.+ 120 табл.
  • Самашев З., Ермолаева А., Кущ Г. Древние сокровища Казахского Алтая. – Алматы: Өнер, – 199 с., ил.
  • Самашев З., Жумабекова Г., Ермолаева А., Омаров Г. Раннесакские наконечники стрел из Казахского Алтая // Военная археология№ Оружие и военное дело в исторической и социальной перспективе // Материялы Международной конференции (Санкт-Петербург, 2-5 сентября 1998 г.). – СПб., 1998. – С. 155-160.
  • Кубарев В.Д. Курганы Уландрыка. Новосибирск, 1987. –С. 9.
  • Кирюшин Ю.Ф. Скифская эпоха Горного Алтая. Часть II: Погребально-поминальные комплексыпазырыкской культуры / Ю.Ф. Кирюшин, Н.Ф. Степанова, А.А. Тишкин.Барнаул: Изд-во Алт. ун-та, 2003. – С.
  • Марсадолов Л.С. Социальные ранги курганов кочевников Алтая VI-IV вв. до н.э. // Социально-экономические структуры древних обществ Западной Сибири. Барнаул, 1997. – С. 8.
  • Самашев З . Берел. – Алматы: Издательский дом «Таймас», 2011. – 236 с.
  • Тишкин А.А., Дашковский П.К. Классификация погребальных сооружений скифской эпохи Горного Алтая // Известия лаборатории археологии. – Горно-Алтайск, 1997, № 2. – С.
  • Сорокин С.С. О семантике некоторых археологических памятниковранних кочевников Азии. // Проблемы происхождения и этнической истории тюркских народов Сибири.Томск, 1987. – С. 7-9.
  • Сорокин С.С. Цепочка курганов веремени ранних кочевников на правом берегу Кок-су (Южный Алтай) // Археологический сборник Государственного Эрмитажа. Вып.16. – Л., 1974. – С. 62.
  • Савинов Д.Г. О завершающем этапе культуры ранних кочевников Горного Алтая // Краткие Сообщения Института Археологии. – М., 1978. – Вып.154. – С. 49-53.
  • Сорокин С.С.Памятники ранних кочевников в верховьях Бухтармы // Археологический сборник Государственного Эрмитажа. – Л., 1966. – Вып.8. – С. 47-53.
  • Тишкин А.А., Дашковский П.К. Социальная структура и система мировоззрений населения Алтая скифской эпохи. – Барнаул, 2003. – С. 150.
  • Матренин С.С. Способы захоронения населения Горного Алтая во II в. до н.э. – V в.н.э. // Изучение историко-культурного наследия Южной Сибири. – Горно-Алтайск, 2005. – С.41-42.
  • Савинов Д.Г. О скифском и хуннском пластах в формировании древнетюркского культурного комплекса // Вопросы археологии Казахстана. – Алматы, 1998. – Вып. 2. – С. 137-138.
  • Чотбаев А. Қазақ даласының ежелгі көшпелілерінің қару-жарақтары //Астана: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының баспа тобы, – 200 б. – Қазақша, орысша, ағылшынша.
  • Самашев З.С. Косинцев П.А Берел жылқылыры. Морфологиялық зерттеу = Берелские лошади. Морфологическое иследование = Berel horses. Morphological research // Астана: Ә.Х. Марғұлан атындағы архелогогия Институты Астана қаласындағы филиалының баспа тобы, 2014. – 368 б. – Қазақша, орысша, ағылшынша.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑