banner-top12

Ақпараттар ағымы thumb (1)

Қосқан уақыты Шілде 17, 2014 | 744 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Өз еліңде сұлтан бол!” республикалық жастар айтысының қорытындысы

    Ардақты айтыссүйер ағайын! Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен 12 шілде күні Алматы қаласында  “Өз еліңде сұлтан бол!” атты  республикалық аламан айтыс өткен еді. Айтыс десе ауызға аттары бірден түсетін танымал айтыскерлерден еш кем түспейтін таланттарға сахнадан орын тимей жүргенін біреу білсе, біреу білмейді. Негізінен жастардан жасақталған  бұл сөз додасында осылайша булығып жүрген біраз талантты өнерпаздар бақ сынады.

Олар:

Ахметов Марат – Ақтөбе, Әбенов Саят – Астана, Әділбек Сырым – Қызылорда, Әбдіманапұлы Дархан – Тараз, Бисенғалиев Айнабек – Орал, Есенқұлов Нұрлан – Шымкент, Қайболдин Ершат – Ақтөбе, Таңжарық Ержан  – Астана, Оразбай Рахман – Алматы, Сұлтанхан Мейірбек – Астана, Садықбек Асхат – Шымкент, Сексентай Білімбек – Астана, Сейітов Аян – Шалқар, Сембай Дәурен – Семей, Шұғатаев Аспанбек – Павлодар, Әміров Ержан – Қызылорда! 

Бұл айтыстың ерекшелігі әрбір айтыскер сахнаға өзінің ұстазымен бірге шығып. Ақындар айтысып болған соң әуелі төрелік айту ұстаздарға берілді. Қазақтың дәстүрімен қамшы тастау арқылы ұстаздар  өз пікірлерін білдіріп, шәкірті жеңген, не жеңілгенін дәлелдеуге құқықты. Екі жақтың ұстаздары да бір шешімге келе алмаса онда төрелік айту қазылар алқасына бұйырады. Қазылар алқасында Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, Бекжан Әшірбаев бастаған белгілі қаламгер отырады.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының төрағасы Жүрсін Ерман сахнаға шыққан айтыскерлерге одақтың мүшелік билеттерін тапсырып отырды.

Айтыс қорытындысы төмендегіше болды:

1. Мейірбек Сұлтанхан (Бас жүлде)                
2. Нұрлан Есенқұлов (I Орын)
3. Аспанбек Шұғатаев (II Орын)
4. Ержан Әміров (II Орын)
5. Рахмен Оразбай (III Орын)
6. Дәурен Сембай (III Орын)

Сонымен бірге барлық ақындар меценат Құсайын Омаровтың тағайындауымен қомақты ақшалай жүлделермен марапатталды.

kazaitys.kz




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑