banner-top12

Замансөз показатели (1)

Қосқан уақыты Қыркүйек 28, 2019 | 292 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

  Оң өзгерістерге жеткізетін бағалы басымдықтар

   Қазіргі күні жер-жерде Азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқылануда. Құжат Қазақстанның таяу болашақтағы дамуының тұжырымдамалық көзқарасының азаматтық қолдауына айналуда.

     Тұңғыш Президент Н. Назарбаев «ҮЕҰ  – өмір сапасының жоғары стандарттарын ілгерілетудің драйвері болуы тиіс»,- деп ҮЕҰ-ларға жоғары жауапкершілік жүктеген болатын. 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамға қолдау білдіруді тапсырды. Бүгінде 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын жыл соңына дейін қабылдау қолға алынып, оның жобасына ұсыныстар мен пікірлер енгізілуде.

Тұжырымдаманы талқылау Азаматтық қоғамның дамыған институттарының ең көп саны шоғырланған Алматы қаласында да өтті. Қай жағ­дайда да азаматтық қоғамның дамуы үшін тұжырымдама қажет. Бұл азаматтық қоғам құруда бағыт-бағдар көрсететін нұсқаушы болмақ. Тұжырымдама жобасын төрт басым­дық бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, волонтерлік және қайырымдылық, қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру, саяси партияларға қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, БАҚ және медиа­ция институтын жетілдіру мәселелері назарға алынған. Екінші басымдық аясында үкіметтік емес ұйымдарды кәсі­билендіруге, олардың бәсекеге қабі­лет­тігін арттыруға баса назар аударыла­ды. Ал үшінші басымдық халықтың өзекті проблемаларын шешуде мемлекеттің аза­маттық қоғам институттары­мен бай­ланысын, әріптестігін жетілдіру, аза­мат­тардың мемлекеттік құжат­тарды әзір­­леуге қатысу мүмкіндік­т­ерін кеңей­туге бағытталған. Төртінші басымдық негі­зінде қоғам­дық-саяси жаңғыртуда заңнаманы либерализациялау, көппар­тия­лықты, саяси плюрализмді дамыту жолға қойылған. Мұның бәрі іс жүзіне асса, оң өзгерістерге жеткізетін бағалы басымдықтар.

Жаңа тұжырымдама бойынша билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жаңа, неғұрлым сапалы деңгейге шығады деп  үміттенуімізге болады. ҮЕҰ-лар да өздеріне жоғары межелер қойып, кәсібилену және әлеуметтік жауапкершілік үдесінен шығуға ұмтылары сөзсіз. Тұжырымдама жүйелі өзгерістерге бастайтын басымдықтарды ұсынып отыр. Әсіресе, халықтың өзекті проблемаларын шешуде мемлекеттің аза­маттық қоғам институттары­мен бай­ланысын, әріптестігін жетілдіруге бағытталған басымдықтары дұрыс жолға қойылғаны жөн. Жағдайды өзгерту үшін, азаматтық тұрғыда белсенді халықты елде болып жатқан процестерге тарту, оның шоғырлануы мен одан әрі кәсіби өсуін қамтамасыз ету, билік органдарымен және бизнеспен шын мәнінде сындарлы диалог құруына мүмкіндік жасау алдыңғы міндеттер қатарына шығуы тиіс.  Барлық күш-жігерімізді, құзыреттерді біріктіре отырып қана, біз Қазақстанның азаматтық қоғамының алдына қойылған міндеттерді шешуде ілгерілеуге қол жеткізе аламыз.

Жалпы, тұжырымдама бағыттарының бәрі де құптарлық, көп нәтижелер күтуге болады.

 

Жаңыл Әпетова,

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑