banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 2 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 56 рет оқылды

0

Оқыту дәстүрлі форматқа ауыса ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленбек.

1 қыркүйек президент Жолдауында шұғыл толыққанды оқу үдерісіне қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеуді тапсырған. Сонымен қатар, Тоқаев білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін жобалауды жүктеген.

notebook-336634_1920

Үкіметтің отырысында Асхат Аймағамбетов:

«Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Бірақ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», — деді.

Министрдің айтуынша, білім беру ұйымдарын оқытудың оффлайн форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп әзірленбек.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑