banner-top12

Оралмандар 402878

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 386 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ОРАЛМАНДАР ДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ТҰРА АЛАДЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж және мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына беру қарастырылған.

Мұқтаждар есебіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (санаттар Заңның 68 бабында көрсетілген, оның ішінде оралмандар), сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк мекемелердің қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары қабылданады. Бұл ретте, есепке қою үшін Алматы қаласында кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі және Заңның 69 бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ ҚР азаматтары, егер: есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Сондықтан, оралмандар есепке қойған кезде Қазақстан Республикасының аумағында және осы елді-мекенде меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса, республикалық маңызы бар қалаларда кемінде үш жыл тұрақты тіркелген болса, олар Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға немесе www.egov.kz сайт арқылы құжаттармен бірге (құжаттардың тізілімі қоса беріледі) жүгіне алады.

Есепке қою үшін келесі құжаттарды жеткізу қажет:

  • Есепке қою туралы нысан бойынша өтініш, бланк Халыққа қызмет көрсету орталығында;
  • Өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Некелесу (ажырасу), отбасы мүшелерінің қайтыс болу, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (өтініш иесінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқықтарында тұрғын үй бар немесе жоқ екендігі туралы) анықтамалар;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығынан отбасының барлық мүшелеріне мекенжай анықтамалары; мәлімет үшін: өтініш иесінің отбасы бір мекенжай бойынша атіркелген болу керек.
  • Халықтың әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш иесінің (отбасының)  халықтың әлсіз  топтарына жататындығын растайтын (мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама, толық емесе отбасылар үшін неке бұзу туралы/әкелігін анықтау туралы куәлік/ АХАЖ-дан № 4 және №5 нысан бойынша анықтама);
  • Халықтың әлсіз  топтарына жататын азаматтар өтініш бермес бұрын қосымша (жетім балалар, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар және мүгедек балаларды есептемегенде), отбасының әр мүшесіне соңғы он екі айдағы кірістер туралы мәліметті тапсырады;
  • Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер санатына жататын азаматтар және сайлаулы лауазымдарды атқаратын тұлғалар қосымша жұмыс (қызмет) орнынан анықтама тапсырады.

Құжаттар тіркелу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына беріледі. Анықтама телефондары: 3800510.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑