banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Қараша 25, 2012 | 702 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Оралмандар және олардың медициналыққызметті пайдалануындағы кейбір мәселелер

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізге оралған қандастарымыз бен олардыңұрпақтарының саны миллионға жетті. Бұл ресми дерек. Яғни еліміздегі он қазақтың біреуі оралман деген сөз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әр жылғы Халыққа жолдаунда шетелден келетін қандастарымызға бөлінетін қаржы мен жасалатын қамқорлықтың көбейтілетінін айтады. Бірақ Елбасының «Қазақ көшін» атажұртқа бұрған сәлиқалы саясатының кей-кейде лайықты жалғасын таппай жататыны шындық. Оның бір дәлелі –оралман пробелмасыныңәлі де өзекті болып келе жатқандығында.

Алғаш Отанына ат басын бұрған ағайындарымызға көп жерде қолайлылық тудыратын «Қазақ куәлігі» беріуліші еді. Олар осы куәлікпен кез келген қызметті жеңілдікпен пайдалануға құқықты болған. Қазір ол құжат күшінен қалды. Оның орнына «Оралман куәлігі» берілетін болды. Біздің бұл мәселені тәптештеп сөз етіп отырғанымыз оралман ағайындардың медициналыққызметті пайдаланудағы мүмкіндіктерінің еріксіз шектелетінін айтқымыз келіп отыр. Яғни кез келген оралман жеке басын растайтын «Оралман куәлігі» болғанда ғана медициналыққызметтердің жеңілдетілген түрелерін пайдалана алады. Айталық, жедел жәрдем қызметі, тұрақты тіркелген орыны бойынша тегін медициналық көмек сияқтылар. Бірақ осы куәлікті алудың машақаты оралмандардыңөзіне ғана аян. Биылғы жылы бұл мәселе тіпті де күрделене түсті.

Біріншіден,жаңа қабылданған «Көші-қон» туралы Заң бойынша оралмандар бұрын тұрған елінің азаматтығынан шығып келуі керек. Тіпті «Сотталмаған» деген анықтаманы да әкелу міндеттелген. Бұл кедергілер қандастарымыздың «Оралман куәлігін» алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға айтарлықтай тосалғы болып отыр. Онымен қоймай біз сөз етіп отырған тегін медициналыққызметті де «Оралман куәлігі» болмағандықтан пайдалануға құқығы жоқ.

Екіншіден, «Оралман куәлігі» бар азаматтардың, тіпті Қазақстан Республикасының азаматтығын алған ағайындардың алдынан шығатын тағы бір мәселе медициналыққызметтерді пайдаланудағы тіл мәселелсі. Мен бір сұхбатымда «Қазақстанда орысша білмесеңөледі екенсің» деген оралман ағайынның сөзін мысалға келтіргем. Оны айтып отырғаным біздің елімізде жедел жәрдем қызметіндегі ақ халаттылардың мемлекеттік тілді білу деңгейі назарға алынбайды. Айталық, бір оралман хал үстінде жатып жедел жәрдем қызметіне жүгінсе, оған келген «құтқарушы» дәрігеріміз бір ауыз қазақ тілін білмейтұғын болса, сонда аурудың жағдайын қалай біліп, қалай ем көрсете алады. Жедел жәрдем қызметініңөзі аудармашы оңай табылмайтын тығыз-таяң уақытта, түн ортасында немесе жол үстінде қажет болатынын ескерсек бұл өте күрделі мәселе.

Үшіншіден, тағы да тіл мәселесі. Дәріханаға барып, дәрі алғанымызда оның нұсқаулығының көбінде орыс тілінде болатындығын бәріміз білеміз. Бұл оралман ағайындарға айтарлықтай қиындық тудырады. Өзі пайдаланғалы отырған шипашақтыңқасиетін немесе кері әсерін білмесе қалай болғаны… Сондықтан мейлі қайдан әкелінседе Қазақстанда сатылатындықтан кез келген дәрінің нұсқаулығы мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Төртіншіден, Қытай елінің сан қырлы шипагерлігін меңгерген қазақ мамандарын елге тарту, олардыңқұжаттарын рәсімдеуде жеңілдіктер қарастыру мәселесі. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Дүниежүзі қазақтарыныңқұрылтайында айтылған ойымен сабақтасып жатқан дүние. Сондықтан бұл мәселеге жай қарауға болмайды.

Бесіншіден, көп балалы, мүгедек оралмандардың да құқығы заңмен қадағаланып, олардың да Қазақстан азаматымен бірдей жеңілдіктерді пайдалануына жол ашу. Сол арқылы қандастарымыздың атажұртқа деген ықыласын арттыру.

Алтыншыдан,қазақтілді медициналық ақпаратты халыққа ұсынушы оралмандарға жан-жақтылы қолдау көрсету. Күнделікті Бұқаралық ақпарат құралдырынан көптеген оралман ағайындардың, мамандардыңҚазақстан халқына қажетті құнды мағлұматтарды ұсынып жатқандығын көреміз. Біздің «Жас-Ай» журналыныңөзі осы мақсатқа үш жылдан бері халықты медициналық ақпараттармен сусындатып келеді. Бес мың данамен таралатын журналымыз бетінде көптеген халыққа қажетті мағлұматтарды беруге тырыстық. Тіпті шетелге барған сапарларымда біздің журнал туралы білетін ғалымдарды да кездестіріп тәнті болдым. Біздің бұл еңбегімізді ескеріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен алғыс хат жариялады. Бұған да шүкір. Бірақ мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған жоқпыз. Яғни журнал таралымын тіпті де арттырып, халыққажетіне жарату кезек күттірмейтін іс. Сондықтан осы мәселеге де баса назар аударған жөн.

Жалпы, оралмандардың медициналыққызметті пайдаланудағы ең басты мәселесі – құжат мәселесі десек қателеспейміз. Сондықтан осы мәселеге жауап беретін әрқайсы құзырлы орган ақылдаса отырып, оралмандардың тегін медициналыққызметті пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс. Ал ел медицинасын дамытуға үлес қосып жатқан оралман ағайындарға жан-жақтылы қолдау көрсету де кезек күттірмейтін келелі шаруа. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «оралмандардың табанына кірген шөгір, біздің маңдайымызға кірсін» деген Елбасымыздыңұлағатты сөзін басшылыққа алып, алыстан келген ағайынның басы ауырып, балтыры сыздағанда атажаұртындағы ақ халаттылардан қағажу көріп қалмауын әрқашан басты назарда ұстаған жөн.

Жасан Зекейұлы, «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының директоры, Халықаралық  инемен емдеу академиясының, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Вена Халықаралық Университетінің «Құрметті профессоры», ҚР Денсалық сақтау ісініңүздігі,  Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің иегері, медицина ғылымдарының докторы , профессор.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑