banner-top12

Ақпараттар ағымы 1f612f564f0b36278f3d5450672e756d

Қосқан уақыты Мамыр 11, 2014 | 739 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Оралмандарды облыстарға қоныстандыру туралы жаңа қаулы

«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізілді. Үкімет қаулысы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

«Көрсетілген қаулымен бекітілген оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» делінген ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың қолы қойылған қаулыда. Яғни, қаулы қосымшасында оралмандардың қоныстануы үшін еліміздің 14 облысы түгелдей қамтылған.
Айта кетейік, 20 наурыздағы «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыда шеттен келген қазақтар тек қана Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан сияқты 7 облысқа ғана қоныстандыру керектігі белгіленген болатын. Сондай-ақ, өзге өңірлерге келген қандастарымыз оралман емес, мигрант ретінде қаралып, олардың ықтияр хат алуы үшін төлем қабілетін растауы талап етілген еді.

baq.kz

Тэгтер:




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑