banner-top12

Ақпараттар ағымы кс миграция 146

Қосқан уақыты Маусым 27, 2016 | 442 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Оралмандарға арналған дөңгелек үстел өтеді

 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының  Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Оралмандардың әлеуметтік бейімделу орталығы» жобасын жүзеге асыруда.

Орталық жұмысы  аясында оралмандардың қалалық ортаға бейімделуін ынталандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін – кездесулер, дөңгелек үстелдер, оқыту курстарын (мемлекеттік және орыс тілдері, құқықтық, әлеуметтік-мәдени курстары)  ұйымдастыру көзделген.

Мақсат – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайынға жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу. Тілдік кедергілерін жоюға, құқықтық сауатын арттыруға және басқа да қажетті ақпараттарды алуына мүмкіндік туғызу.

Осы орайда 2016 жылы Алматы қаласының келіп қоныстанған оралмандар мен этникалық қазақтарды жан-жақты ақпараттандыру мақсатында қаланың барлық аудандарында кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

2015 жылғы 29 маусым күні мұндай жиын Әуезов ауданында өтеді. Жиын мақсаты – Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-қадамын басшылыққа ала отырып, оралмандарды қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен толыққанды  ақпараттар тарату.

Жиынға Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Көші-қон полициясының өкілдері; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің өкілдері; Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері; Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының өкілдері; Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму Басқармасы өкілдері; Алматы қаласы Әділет департаменті өкілдері; Алматы қаласы Әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері; Алматы қаласы мәслихатының депутаттары; БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысады.

 

Өтетін орны: Қазақстан Жазушылары кітапханасы (Алтынсарин даңғылы, 37-үй, Жандосов көшесімен қиылысы.)

 

Өтетін уақыты: 2015 жылғы 29 маусым, сағат 15-00-де.

 

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік  еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы;

 

Хабарласу телефондары – 9738533, 3036806, 2620426,  8-7073240176

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑