banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2014 | 593 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Оралмандармен елге жеткен мәдениет

Жамали Диқанұлының  Оралмандардың  Алматы қалалық  «Елге оралып, еңбегі жанғандар!» форумында сөйлеген сөзі.

Намысы мен ар-ұятын сақтап, елдікті ұран еткен, досқа айқара құшақ жайып, дұшпанына кесіп түсер қылыштай болған алты алаштың баласы, Ассалаумағалайкум!

Тарихтың арғы -бергісін ғалымдарымыз бен жазушыларымыз айшықты мәліметтер мен дәйекті дәлелдер арқылы айтып өтті.

Дөңгеленген дүниенің елуден астам елінде қандастарымыз қоныс тепкені баршамызға аян.

1991 жылы16  желтоқсанда қабылданған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” заңымыздың 7- бабында «Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұйымдастыру кезеңдерінде адамгершілікке жат өзге саяси шаралар нәтижесінде, республика аумағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардыңұрпақтарын бұрынғы одақтас республикалық аумағында тұратын қазақтардыңөз территориясына оралу үшін жағдай жасайды» деп көрсетті .

1992 жылы 28 қыркүйекте Елбасымыздың жарлығымен шетелдегі қандастарымыздың тарихи отанына оралуына № 791 жеңілдіктер қаулысын қабылдады.

20 жыл ішінде бір милионға жуыққандастарымыз Отанына оралып, әсіресе этникалыққазақтар шоғырлы қоныстанған Моңғолия мен Қытайдағы қазақтар арасында ұлттық дәстүр мен мәдениет, тіл, ұлттықөнер барынша сақталған. Қандастарымыздың көптеп көшіп келуі нәтижесінде, тың күш, жаңа мәдени леп әкелді.

Оралмандар мен елге жеткен мәдениетті  мынадай екі топқа бөліп жатқызуға болады:

  1. Дәстүрлі мәдениет.
  2. Заманауи мәдеиет.

Дәстүрлі мәдениет дегенде қазақтың қаймағы бұзылмаған тілін, дәстүрлі дінін, тұрмыс салтын атап айтуымызға болады.

Қазақтыңұлттық  рухын,қарапайым мінез құлқын, моральдыққасиеттерін, дәстүрлі қолөнеркәсіптік түрлі үлгілерін әкелді.

Қазақтың дәстүрлі емшілігін әкелді.

Қазақтың дәстүрлі көмескі ән-би музыкалыққұндылықтары мен

Спорт түрлерін әкелді.

Қазаққа мәдени төңкеріс әкелген дәстүрлі биіміздің бірі- «Қаражорға» халқымен қайта қауыша отырып Гиннестің рекорттар кітабынан екі мәрте орын алды.

Белгілі күйші, композитор Долда Кенешұлыныңқазақән-күйлерін жинақтастырған жеті томдық еңбегі қазақтың алтын қорын толықтырды.

Заманауи мәдениет тұрғысынан айтар болсақ,

жаңа спорт өнері шығыс жекпе-жегінің таэквондо мектебінің тағанын қалап кеткен қаракөз ұлдарыңыз әлемдік спорт қауымдастығында орны бөлек, 6-дан қара белдік иесі, жасындай жарқ  еткен Мұстафа Өзтүрік екені баршамызға  аян.

Заманауи дәстүрлі өнерден әлемдік опера өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Майра Мұхамедқызы тағы басқа әнші ұл- қыздарымыз жетерлік.

Балуан білекті,  жолбарыс жүректі ел іші ғана емес, төрткүл дүниеге аты мәшһүр шойын жұдырықты бокс саласына еселі үлес қосып жүрген, Бейжің  олимпиадасының алтын және қола жүлдегерлері  – Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Сіләм ұлы.

Отанымызға орлған этникалыққазақтардыңүлесі бұл ғана емес, алғашқы жылдары қоғамдық ортаға үйлесуі оңай бола қойған жоқ.

Елге ел қосылса құт екенін біле –білсек,  оралмандарды жанашыр  қорлар арқылы қолдап, дарынды ұл-қыздарымызды қалалық мәслихат жанынан оралмандарға арналған бейімдеу орталығын ашып, Елбасымыз айтқандай салауатты өмір салтын ұстануына ,бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасауларыңызды үміт етемін. Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын, ағайын.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑