banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 5 мая, 2015 | қосқан shalqar | 636 рет оқылды

0

Орнықты әрі орынды

Мемлекеттік тіл деңгейін көтеру мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар бір шама. «Халыққа қызмет көрсету орталғы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тіл саясатын орынды ұстанып келе жатыр. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғысының 26-тармағы, 6-тармақшасын негізге ала отырып, жылдық жоспар бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Бұл жоспар бойынша мекемеде жүргізілетін барлық құжаттар тек қазақ тілінде жүргізілуін қадағалау, халыққа қажетті құжаттарды толтыру үлгілері мен нысандарына міндетті түрде мемлекеттік тілде жазу үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған көрнекті ақпараттар мен стендтер рәсімделуін қадағалау жұмыстары атқарылып жатыр. Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне орай қызметкерлерді іс-шараға қатыстырып, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы үздік қызметкерлерді анықтап, марапаттау жұмыстары да жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар әр тоқсан сайын қызметкерлердің арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында «тесттік» сынақтар өткізу де жолға қойылған. Демек, мекеме мемлекеттік тіл саясатының елімізде орнықты жүргізілуіне айтарлықтай үлес қосып отыр деп айтуға негіз бар.

Жадыра Әлімтай




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑