banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 7, 2014 | 545 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ослода қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастық талқыланды

 

Үстіміздегі жылы 5 мамырда ҚР Норвегиядағы Елшісі Асқар Тәжиев Норвегия Корольдігі Парламентінің (Стортинг) Вице-президенті Ингъерд Скаумен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат «Қазақстан-2050» Стратегиясын және Елбасының Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауының негізгі бөлімдерімен таныстырып өтті. Оның ішінде, адам әлеуетін жүзеге асыру, жауапты басқару және тұрақты дамыту бойынша. Аталған сала бойынша, Норвегия алдыңғы қатарлы тәжірибе жинаған мемлекет ретінде қарастырылады.
Осыны ескеріп, сондай-ақ еліміздің 30 дамыған елдердің қатарына ену мақсатында, Норвегия Қазақстанның Еуропа Кеңесімен (ЕК) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) қатынастарында негізгі серіктес бола алады. Сұхбаттас мемлекетіміздің аталған институттарымен ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту туралы ақпаратты оң қабылдады.
Стортингтің Вице-президенті 2014-Жолдаудың әлеуметтік бағытын атап өтті. Елбасы Н. Назарбаевтың саясатта конфессияаралық келісім және этникалық төзімділік, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысында көрініс табатын стратегиялық көзқарасының маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ, Норвегия елінің азшылық халықтарының құқығын қорғайтын Саам Парламентінің жұмысының бірегей тәжірибесі бар.
Парламентаралық серіктестіктің маңызын ескеріп, Стортинг Вице-президенті «Қазақстан-норвег достар тобының» жаңа құрамын қалыптастыруға дайындығын атап айтты.
Екі жақ өзара қызығушылық тудыратын мәселе бойынша Қазақстан және Норвегия арасында серіктестікті нығайтуды жалғастыруға келісті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑