banner-top12

Ізгілік marelan-normal

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2014 | 972 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ОЙ МЕН ПІКІР

ОЙ МЕН ПІКІР

Ойыңыз бен пікіріңізге сақ болыңыз, өйткені ойлағандарыңыз – сөзге айналады.

Сөздеріңізге сақ болыңыз, өйткені сөздеріңіз- әрекетке, одан әдетке айналады. Әдеттеріңізге сақ болыңыз, өйткені әдетіңіз- мінез-құлыққа айналады.

Мінез-құдқыңызға сақ болыңыз, өйткені мінез-құлқыңыз – тағдырыңыз болады.

 

ДОСТАР

Екі дос егістікте бірге жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға  дейін еңбектеніп, тапқандарын теңдей етіп бөліп алатын. Күндердің күнінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнім мен пайданы теңдей бөлгеніміз дұрыс емес. Жалғыз болғандықтан қажеттілік те аз.»,- деп ойлайды. Осылайша бір қап астықты күнде жасырын түрде досының сарайына апарып тұрады. Үйленген досына: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес. Мен  үйлі-жайлымын , жұбайым мен балаларым бар. Қартайғанымда олар маған қарайды. Досымның болса ешкімі жоқ» деген ой келеді. Ол да түн жамылып жолдасының үйіне бір қап астықты жасырын апарып тұрады. Осыған қарамастан қаптардың саны неліктен азаймайтынын олар түсіне алмайды. Бір түні екеуі бір-біріне астық тасып жүргенде абайсызда соқтығысып қалады. Мән-жайға қаныққан олар адал достығы мен ниетіне тағы бір рет көз жеткізіп, көз жастарын біразға дейін тыя алмайды.

 

АРСЫЗДЫҚ

Сотта бір әйел мен ер кісінің дауы қаралады. Қазы орнына жайғасам дегенше, айтыс-тартыс басталып та кетеді. Алғашқы сөзді алған әйел еркекті нұсқап:

–         Бұл кісі мені зорлап, арымды аяққа таптады, – деп жылай бастайды.

–         Өтірік айтып отыр, қазы мырза. Мен сатқан қойларымның ақшасын

санап жатқанымда, осы әйел келді де, жағдайының қиын екенін айтып ақша сұрады. Мен бере қоймағаннан соң , өзінен-өзі айқай шығарды,- дейді ер кісі.

Қазы олардың сөзі мен әрекеттеріне қарап, іштей барлығын түсінді. Бірақ мұнысын ешкімге сездірмей ер кісіге:

Қане, қалтаңдағы ақшаны дереу оған бер. Немесе сені қамап тастаймын, – деп ашуға басты.

Қазының бұл әрекетіне барлығы таңырқай қарасты. Ақшаны қуана-қуана алған әйел шығып кетті. Сол кезде ер кісіге әйелдің артынан барып ақшаны алып келуін бұйырады. Түсінбей қалған байғұс сыртқа жүгіре жөнелді. Көп ұзамай екеуі қайта оралды. Еркектің беті тырналғаы соншалық – қаны сорғалап ағып тұрды. Алғашқы сөз тағы да әйелге берілді. Ол ашулы кейіпте:

–         Қазы мырза! Мына оңбаған  бұл жолы сіздің маған берген ақшаңызды

тартып алуға тырысты, – дегенінде қазы:

–         Жарайды. Ақшаны ала алды ма? – деп сұрады.

Әйел ыржиып:

–         Мен мына ілмиген бәлеге ақшамды беріп, қарап тұрамын ба? –

дегенде, қазы қатуланып:

–         Ей, ұятсыз! Жазықсыз жанға жала жауып, зорлады деп дауласасың.

Ақшаны қайтармау үшін барыңды салғанша , одан да арыңды таптатпау үшін жанталаспадың ба? Дереу қайтар ақшасын өзіне!- деп арсыздың жолын кесіпті.

 

ҚҰМЫРСҚА МЕН ХАЗРЕТІ СҮЛЕЙМЕН (ғ.с.)

 

Бір күні хазреті Сүлеймен (ғ.с) пайғамбар бір құмырысқадан бір жылда қанша азық жейтінін сұрайды. Құмырсқа: «Бір жылда бір бидай дәнін жеймін»  дейді. Алған жауабының рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатымен

Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбар құмырысқаны бір ыдысқа салып, жанына бір

түйір дәнін қойып, дем алатындай тесік тастап ыдысты бір жылға жауып   тастайды. Бір жыл өткеннен кейін ыдысты ашып қараса құмырысқа бидайдың жартысын ғана жепті. Оның бұл әрекетіне таң қалған пайғамбар(ғ.с.)

Құмырсқадан неліктен бидайдың барлығын жемегенін сұрайды. Сонда құмырысқа былай деп жауап берген екен: «Менің азығымды үнемі Аллаһ беретін. Мен оған сеніп бір бидайды толығымен жейтінмін.  Өйткені, оның мені ұмытпай ризығымды ұдайы беретініне еш күмәнім жоқ еді. Бірақ осы міндетті сен өзіңе алғаныңда, адам ғой деп саған онша сене қоймадым. Мені ұмытып, ризығымды бермей қалуың мүмкін еді. Сондықтан да бір жылдық азығымның жартысын жеп, жартысын келесі жылға қалдырған едім».

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑