banner-top12

Поэзия 4

Қосқан уақыты Мамыр 11, 2014 | 820 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ОЙЛАНЫҢДАР АРУЛАР

Ақ маңдайлы ауылдың арулары,

От жүректің өртенген жалындары.

Ғашық болып жібектей мінезіңе,

Махаббатын сыйлаған тау ұлдары.

 

Арулар-ай құлпырған қыр гүлісің,

Қыр гүлісің жайнаған қырмызысың.

Жанарыңнан сезімнің оты жанып,

Сені іздеген жүректің жұлдызысың.

 

От сезімді, жаз мінезді жалындар,

Өр жүрекке өрелі өрнек салыңдар.

Майда сөзге тез ерисің таңым бар,

Ойланыңдар, ойланыңдар арулар.

 

Жая салар дастарқан ба жүрегің,

Арулар көп еш талғамсыз жүретін.

Іздесең де мыңнан бірдің ішінен,

Таба алмайсың кешегінің Жібегін.

 

Махаббатты айналдырған ойынға,

Мұндай қыздың болашақ жоқ ойында.

Ақша болса еш талғамсыз арнайтын,

Айналған ба жүректерің бұйымға.

 

Сақтадық па ата дәстүр үлгісін,

Естіп жүрміз, өзгелердің күлкісін.

Арсыздықпен мағынасыз өмірді,

Кейінгі ұрпақ қалай ғана жыр қылсын.

 

Перзентісің адам деген өлкенің,

Ұрпақпенен көгереді өркенің.

Асыл рухын егіп кеткен кеудеңе,

Жалғанатын тамырысың ертеңнің.

 

Үйрен бүгін ұлтың үшін күюге,

Үйрен бүгін жамандықты сүймеуге.

Нағыз бақыт арды биік бағалап,

Нағыз бақыт өмірді шын сүйюде.

 

Нүрипа Зайтқызы

        

. . . . .    ҒА

Сені көріп және тағат қалмады,

Жүрегімді қызыл жалын жалмады.

Көтереді қайтып нәзік жанарың,

Қорғасындай мінезіңнің салмағын.

 

Сені ойлаумен өткіземін күн-айды,

Ғазез жүрек ғашықтықтан жылайды.

Өзің айтшы сендей нәзік шын сұлу,

Қандай жанның құшағына құлайды.

 

Назарың сал менің аппақ мұңыма,

Арманым сен көкірегімде тұнық ән.

Ақ жүзіңе күлкі үйірген сәтіңді,

Айырбастап берші шаттық ғұмырға.

 

Нұрбақыт АСАНҒАЛИҰЛЫ

 

Тэгтер:




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑