banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_9974

Қосқан уақыты Желтоқсан 11, 2019 | 208 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Патриоттық әндер кеші өтті

IMG_0155IMG_0292 IMG_0077 IMG_0067 IMG_0055 IMG_0034 IMG_0014 IMG_9961 IMG_9958 IMG_9981 IMG_9974 IMG_9996IMG_0178IMG_0046IMG_0205IMG_9971

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры  Қазақстан Жазушылар Одағының үлкен концерт залында патриоттық әндер мерекелік кешін өткізді.

Кештің арнайы қонақтары ретінде от жүректі, өжет мінезді желтоқсан көтерілісіне қатысушы аға-әпкелеріміз шақырылды.

Концертке эстрада жұлдыздары, атап айтқанда, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Гүлнар Сиқымбаева, Байғали Есенәлиев, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, жастар сүйіп тыңдайтын «Жебе» тобы, «Салтанат» ән-би ансамблінің әншісі Мейіргүл Нұрмағанбетова және жас талантты әншілер  Жұбай Ғазиз, Сулеймен Шалқар, Салтанат Мырзабаева, Мәлік Алтынай Қонысбеков Қуат, Қыдырмолдаевтар тобы, Қасым Едіге, Аманғазы Кәріпжан, Байтеков Набижан, Даурен Баймырза, әнші, «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Әдия Бұрханова, «Балдаурен», «Гунчилар» топтары  ұлттық-патриоттық шығармаларды орындап, көрермен рухын көтеріп, тамаша сезімге бөледі.

Желтоқсаншы ақындар Аманғазы Кәріпжан, Нәбижан Бәйтековтер жүректерінен шыққан патриоттық өлеңдерін оқып, желтоқсан картинасын көпшіліктің  көз алдына алып келді.

«Кешке Желтоқсан қатысушылары, жастар жақсы жиналды. Бәрі де кеште орындалған шығармалардан жақсы әсер алып, рухтанып, ерекше сезіммен тарқасты. Мұндай шаралар науқандық емес, тұрақты түрде өтіп отырса, берер әсері мол болар еді», – дейді кеш ұйымдастырушысы Жаңыл Әпетова.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑