banner-top12

Жаңалықтар preview-image

Қосқан уақыты Қараша 25, 2015 | 768 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Пилоттық жоба табысты жүруде

2015 жылдың мамыр айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады Бұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №86 және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №220 бұйрығы негізінде іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.

Аталған «пилоттың» шеңберінде «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы Алматы қаласының Әуезов және Алмалы ауданындағы мемлекеттік кірістер органдарына 10 инспекторды іссапарға жіберілді.

Осы уақыт ішінде ХҚКО инспекторлары МКО-да 12660 мемлекеттік қызмет ұсынды.

Олардың ішінде сұранысқа ие қызметтер: Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу, Салық есебін қабылдау; Жеке кәсіпкерлерге патенттер беру.

Жоба бойынша қазан айында Алматы қаласы бойынша – Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеуге – 666 қызмет; Салық есебін қабылдау-544; Жеке кәсіпкерлерге патенттер беру -384; Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар -79; Салық салу нысандары және (немесе) салық салумен байланысты нысандардың тұрғылықты жері бойынша есепке алу -88 және т.б.

Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑