banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0542

Қосқан уақыты Ақпан 28, 2019 | 187 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

      Поэзия сүйер қауым тағы да жырмен сусындады

IMG_0468 IMG_0553 IMG_0515 IMG_0462 Халықаралық «Жанашыр» қоры кезекті жыр кешін өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кезекті кеш ақындар Дүйсенәлі Әлиасқар, Ынтай Қайсаұлы, Қызыр Егізбай шығармашылығына арналды.

Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен басқосуды ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.
Шараға ақын Жәркен Бөдеш, Жұмабек Табын, Серікхан Ахметов, Мұхан Мамытхан, Болат Құрманғажы, Әбділ Тәуекел, Омарәлі Әділбек, Әбдібек Әбдіманап, Құрман Жанболат, Елена Ағайса, Ләззат Игісін,  Сәулежан Тағзия қатарлы өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұл “Ақ желкен” поэзия клубы ұйымдастырған үшінші басқосу.

Аға буын мен жас ұрпақ арасын жалғаған поэзия кешіне жиналған жастар да өлеңдерін оқып, арғымақ жырдың тұсауын кесіп жатты. Ән мен өлеңге өрілген тағылымды кештің өнегесі мол болды.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑