banner-top12

Ислам тағылымы i7XNBCCcM34

Қосқан уақыты Маусым 21, 2017 | 396 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қадір түні жақсылықтарды айрықша көп жасайды екен

  Иә, «Қадір» сүресінде айтылғандай Аллаһ Тағаланың рұқсатымен періштелер, соның ішінде бас періште Жебірейіл, аләйһис-сәләм да жерге түсіп, бар шаруаны реттейтін, таң атқанға дейін сәлем жалғасатын мың айдан да қайырлы бұл Тағдыр түні күйкі тірлікке көңіл бөлмей, тіпті, уағыз айтпай, тыңдамай, тек құлшылықпен, тағдырымызда бір жамандықтар жазулы тұрса, оны алып тастап, орнына жақсылықтар жазуын сұрап, Құдай Тағалаға жалбарынумен өткізген абзал шығар. Өйткені, уақыт тым қысқа, айтатын тілек өте көп. Өз басым, ұмытпас үшін басты дұғаларымды қағазға жазып алып, жалпы жер беті, барша адамзат үшін жақсылық тілеймін. Сұрағанға жауап беретін әл-Муджиб Раббымнан елімізде өтетін ЭКСПО, т.б.маңызды оқиғалардың еліміз үшін де, жалпы адамзат үшін де қайырлы, табысты, пайдалы болып, ың-шыңсыз,абыроймен, жоғары деңгейде өтуін, елімізді, жерімізді түрлі табиғат апаттарынан, соғыстан, басқадай да жаманшылықтардан сақтауын, күллі харамнан тазартуын, иманды, салауатты өмір тілеймін. Басқа да сұрайтын нәрсеміз аз емес. Бұл түннің қадірін білген адамдар қонаққа да бармайды, қонақ та шақырмайды, уақытын Құдыреті Шексіз Жаратушы Иесіне мұңын шағумен, сырын шертумен, екі дүниенің де жақсылықтарын сұрап, жалбарынумен өткізеді.  Сізге де, отбасыңызға да, барша мүмин мұсылмандарға Аллаһ Тағала Фирдаус жәннатын нәсіп етсін! Пайғамбарымыз, с.а.с., ең жомарт жан болғаны белгілі, ал, Рамазан айында қолы ерекше ашылып, сақабалардың өздері қайран қалатындай, шаңына да ілесе алмайтындай жақсылықтарды айрықша көп жасайды екен. Аллаһ Тағала баршамызға сол кісінің лайықты үмбеті болуды нәсіп етсін.

                                МЕНІҢ БАСТЫ ДҰҒАЛАРЫМ

Аллаһ Тағалаға Киелі Құранда не нәрсені Өзінен сұрауымызды, тілегімізге жауап беретінен, Өзіне сабыр сақтап. Намаз оқып жүріп,  ізгі  іс-амалдарымызды дәнекер етіп, Өзінің көркем есімдерін айта отырып жалбарынуымыз керектігін, ал, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед, ол кісіге Аллаһтың сәлемі, игіліктері болсын, Аллаһ Тағаладан жер мен көк арасындағыдай көп нәрселерді сұрасаң да беретінін, дұға мұсылманның қаруы, жер мен көктің нұры, нағыз құлшылық екенін айтқан. Дұға жасаудың әдептері, қабыл болатын уақыттары бар. Соның ішінде ораза ұстаушының ауыз ашар кездегі, Қадір түніндегі, Тахаджуд намазындағы, т.б.уақыттарда айтқан тілектері міндетті түрде қабыл болады. Дәретті болу,  әурәт жерлеріміздің жабық болуы, «Бисмилләмен» бастап, алдымен Аллаһ Тағалаға мадақ, Пайғамбарымызға«Аллаһумма салли ,ала саиидина Мухаммадан уа ,ала әли саиидина Мухаммад», сөз арасында есімі не пайғамбарлық дәрежесі аталса, «сәлләллаһу аләйһи уә сәлләм» деп, т.б.түрде салауат айтып, Аллаһ Тағаладан күнәләрі үшін кешірім сұрағаннан кейін тілектерін айту дұға жасау әдептеріне жатады. Мен Сіздерге өзімнің аздаған білімімнің негізінде қағазға жазып алған дұғаларымның үлгісін ұсынамын, бәлкім, кейбір замандастарымызға пайдасы тиіп қалар. Грамматикалық қателері болса, кешіріңіздер және түзетіп оқуларыңызды өтінемін. Ескеретін жайт: Аллаһ Тағаланың дұғаға жауап беруінің үш түрі бар. 1.Бірден. 2.Сол дұғаның құрметіне тағдырыңыздағы бір жамандықты алып тастайды. Мысалы, машина сұрасаңыз, ал, сізге көлік апатына ұшырау жазулы тұрса, көліктен апатқа ұшырау бақытсыздығын алып тастайды, не мерзімі жеткенде көлік нәсіп етеді.3.Айтқан дұғаларыңыздың сауабы Қиямет Күні жақсылық есептелетін таразыңызға сауылдап түсіп жатады. Мысалы, президенттік сайлауға он адам түседі, бәрі Аллаһ Тағалаға жалбарынады, бәрі бірдей президент болуы мүмкін емес қой, біреуі өтеді, қалғандарына, шын ықыласымен халқына қызмет еткісі келгендерге президент болып, халқына көп жақсылық жасағандай сауап жазылады,т.б. Сондықтан дұғам қабыл болмады деп уайымдамаңыздар, дұға жасауға ерінбеңіздер, әйтеуір бір игілігін көресіздер.

Бисмилләһи-р-Рахмани-р-Рахим. Әлхамдулилләһи роббил ,аламин– Барлық мадақкүллі әлемдердің қожасы Аллаһ Тағалаға ғана лайықты. Аллаһумма салли ,ала саиидина Мухаммадан уа ,ала әли саиидина Мухаммад — Пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһ Тағаланың сәлемі, игіліктері болсын. О, Құдыреті күшті Аллаһ Тағалам! Менің бұған дейін біліп істеген, білмей істеген күнәларымды Өзіңе ғана тән Кеңдігіңмен кешірші. Бір Өзіңе сиынамын, бір Өзіңе жалбарынамын, Бір Өзіңе бас иемін, бір Өзіңе арқа сүйеймін, Бір Өзіңе сенемін, бір Өзіңнен мейірім, қайырым, шапағат-шарапат күтемін,Бір Өзіңнен қатты қорқамын,Бір Өзіңді қатты жақсы көремін, Бір Өзіңді шексіз сүйемін, Бір Өзіңе шәксіз сенемін. Менің де, балаларымның да, бауырларымның да, әкем тарапынан да, анам тарапынан да барлық ағайын, туыс бауырларымның, құда-құдағиларымның, өзіме адал дос-жарандарымның, бізге білдіріп не білдірмей көмектесіп жүрген барлық адамдардың,бәріміздің ет жақын адамдарымыздың, бәріміздің өмірлік жарларымыздың, балаларымыздың, ұлдарымыз тарапынан да, қыздарымыз тарапынан да барлық ұл-қыз немере, шөберелеріміздің, Қиямет Күнге дейінгі барлық ұрпақтарымыздың біліп істеген, білмей істеген күллі күнәларымызды Өзіңе ғана тән кеңдігіңмен Кешірші әл-Ғаффар Раббым. Біздің бүкіл күнәларымызды кешірші және өшірші әл-Афу Раббым. Бізді кешірші, Өзіңе ұнамайтын бір іс жасасақ немесе жазықсыз адамды ренжітсек, Өзіңнен және жазықсыз ренжіткен адамнан кешірім сұрайтын әрі кешірімі қабыл болатын құлдарыңның қатарынан қылшы әл-Ғафур Раббым. Бізді тәубаға келтір және тәубамызды қабыл ет әт-Тәуаб Раббым. Бізге Өзің риза болатындай және қабыл алатындай дәрежеде тәубаға келуді үйрет және нәсіп ет әт-Тәуаб Раббым. Бізді үлкен күнәлар, үлкен қателіктер, ауыр күнәлар, ауыр қателіктер жасаудан, екіжүзділіктен сақта әл-Хафиз Раббым. Бізді тура жолыңда жүретін, тура жолыңда өмір сүретін, тура жолыңда өлетін ең тура жолдағы құлдарыңның қатарынан қыл әл-Һәди Раббым. Бізді қандай жағдайларда да: жақсылықта да, жамандықта та, қуанышта да. қайғы-қасыретте де, бақытты-бақытсыз шақтарымызда да Өзіңді бір сәт ұмытпайтын, Өзіңді бір сәт естен шығармайтын, үнемі Өзіңе жалбарынып жүретін, ешкімге қылдай қиянат, жамандық, опасыздық, сатқындық, әділетсіздік, залымдық жасамайтын, ешкімге жала жаппайтын, ешкімнің обалына қалмайтын, ешкімге қоқан-лоққы, үстемдік, әлімжеттік жасамайтын, күш, қыр көрсетпейтін, жәбір-жапа шектірмейтін, тек қана жақсылықтарға, ізгі амалдарға ұйтқы болатын; Өзің риза болатындай дәрежеде өмір сүретін,Өзің риза болатындай дәрежеде еңбек ететін, Өзің риза болатындай дәрежеде денсаулығымызды күтетін, Өзің риза болатындай дәрежеде жан-жақты дамитын, жан-жақты байитын; ілім, соның ішінде ислам ілімін және Киелі Құранды мәнерлеп оқуды Өзің риза болатындай жоғары деңгейде меңгеріп, Өзің риза болатындай дәрежеде берік ұстанатын, жүзеге асыратын, пайдаланатын, басқаларға Өзің риза болатындай дәрежеде үйрететін, насихаттайтын, тарататын, бір-бірімізбен, басқа да адамдармен Өзің риза болатындай дәрежеде араласып, көмек, қолдау көрсетететін, басқа да ізгі амалдарды Өзің риза болатындай дәрежеде жүзеге асыратын; қандай қиын ауыр жағдайларда да сабыр сақтап, қыңқ етпейтін, тура жолдан таймайтын, иманы әлсіремейтін, жоқтан барды құрастырып, үйдің ажар-көркін, шырайын, берекесін кіргізіп отыратын, таухидты, шариғатты мықтап берік ұстанатын, өзіміздің өкпе-ренішіміз, мұң-мұқтажымыз, арыз-шағымымыз болса оны бір-бірімізге, басқа да адамдарға өте нәзік, әдепті, биязы, сыпайы, мәдениетті түрде жеткізетін, сөзін де өткізетін, бірақ, орынсыз өкпе-реніш, арыз-шағым, өсек-аяң айтпайтын, өсек-аяңға ермейтін, қандай қиын ауыр жағдайларда да отбасына харам кіріп кетпеуін қатаң түрде қадағалап, отбасымызға адалдан ас ішкізетін, адалдан киім кигізетін, адал нәрселерді үйрететін, адал нәрселерді көрсететін, бес мезгіл намазымызға, оразамызға, басқа да мұсылмандық парыздарымызға, Пайғамбарымыздың, сәлләллаһу аләйһи уә сәлләм, қасиетті Сүннетіне өте адал болып, оларға үлкен сүйіспеншілікпен, үлкен құрметпен, үлкен жауапкершілікпен қарайтын, Өзің риза болатындай дәрежеде көркем түрде намаз оқитын, Өзің риза болатындай дәрежеде көркем түрде құлшылық қылатын ең мумин, ең иманды, ең тақуа құлдарыңның қатарынан қыл әл-Мумин Раббым. Бізді жанымыздың, тәніміздің барлық кеселдерінен айықтыр, сауықтыр, барлық дертімізге шипа бер, күллі жаман мінез-құлқымыздан арылт, көркем мінезді қыл. өзіміз білетін, білмейтін ауру-сырқауларымыз асқынбай, кесел-кесепатқа ұшырамай, тез арада жазылып, айығып-сауығып кетуімізді нәсіп ет, әш-Шәфи Раббым. Бізге қандай жағдайларда да ұстамдылық, байсалдылық, таза, күшті асыл рух, үлкен төзім, үлкен шыдам, үлкен, көркем сабыр нәсіп ет ас-Сабур Раббым. Бізді барлық қарызымыздан құтқар, қарызсыз өмір сүретін, керісінше, басқаларға қиналмай, қысылмай, еркін, молынан қарыз бере алатын, егер біреулер қарызын өтей алмай жатса оны кешіре салатын бай да бақуатты, берекелі құлдарыңның қатарынан қыл, бізге рухани және материалдық байлық нәсіп ет. әл-Кәрим Раббым, Сөйтіп, бізді жан-жақты дамыт, жан-жақты байыт, әл-Ғани Раббым, Бізге Өзің берген рухани және материалдық байлықты Өзің риза болатын істерге, нәрселерге ғана жұмсауды үйрет және нәсіп ет, сөйтіп, сол байлыққа лайықты құлдарыңа айналдыр, әл-Муғни Раббым. Бізді тек қана шындықты айтатын, шыншыл адамдармен бірге жүретін, алдыңа шыншыл құлдарыңның қатарынан болып баратын шыншыл құлдарыңның қатарынан қыл, әл-Хаққ Раббым. Бізді бұ дүниенің барша фитнасынан сақта, екі дүниенің де тыныштығына бөле әс-Сәләм Раббым. Бізге екідүниеде де өте Кең, өте Кешірімді, өте Жомарт, өте Мәрт, өте Жанашыр, өте Қамқор, Өте Жұмсақ, өте Мейірімді, өте Қайырымды, өте Рақымды бол ар-Рахман, ар-Рахим Раббым. Біздің жанымызды, тәнімізді, қанымызды, ойымызды, бойымызды, миымызды, сана-сезімімізді, жүрегімізді, тілімізді, дінімізді, жадымызды, зейін-зердемізді барлық жаман нәрседен, күллі кеселден, тіл-көз болса тіл-көзден, сиқыр болса сиқырдан, барлық харамнан, Өзіңе ұнамайтын, біздерге зиянды барлық нәрседен Өзің арылт, Өзің тазарт Әл-Қуддус Раббым. Бізді дос-дұшпан, ағайын-туыс, басқа да тіршілік иелері жапқан барлық пәле-жаладан, күллі өсек-аяңнан Өзің аршып ал, Өзің тазартып ал, Өзің ағартып ал, Өзің ақтап ал әл-Қуддус Раббым. Сен тазартпай, Сен ағартпай, Сен ақтамай біз тазармаймыз, ағармаймыз, ақталмаймыз, бізді тазарта гөр, ағарта гөр, ақтай гөр әл-Қуддус Раббым. Біз Сенің тазартуыңа, ағартуыңа, ақтауыңа аса мұқтажбыз, бізді тазарта гөр, ақтай гөр, ағарта гөр әл-Қуддус Раббым. Біздің өзіміз білетін білмейтін, тәубаға келмеген дұшпандарымыздың, барлық жын-шайтандардың, қара күштердің быт-шытын шығар, тас-талқанын шығар, қайтып бас көтертпей тұқыртып таста әл-Қаһһар Раббым. Олардан біз үшін, біздің қадір тұтқан нәрселеріміз үшін лайықты түрде кек ал, әл-Мунтақим Раббым. Бізді бүткіл жын-шайтандардың, қара күштердің, өзіміз білетін-білмейтін барлық зиянды тіршілік иелерінің, күллі ішкі-сыртқы дұшпандарымыздың алдап-арбап, азғыруынан, абыройымызды төгуінен, бір-бірімізге айдап салып, араздастыруынан, шағыстыруынан, дауластыруынан, жауластыруынан, теріс жолға итеруінен, сәтсіздікке, бақытсыздыққа ұшырату үшін, жолымызды, бағымызды байлау үшін жасайтын барлық қитұрқы, зымиян, арамза, аяр, көлгір, жымысқы іс-әрекеттерінің кесірі тиюінен, бүткіл жамандық-қастандықтарынан, күллі кесір-кесапаттарынан, барлық зиян-зардаптарынан, титтей де болса зиян тигізулерінен, барлық шабуылдарынан, имансыздықтан, ширктен, бидағаттан, риядан, тіл-көзден, сиқырдан, жаман күпір ойлардан, жаман ауру-сырқаулардан, Өзің жек көретін барлық нәрселерден, Яджуж, Маджуждың шабуылына ұшыраудан, Даджалдың фитнасынан, азғыруынан, имансыз, абыройсыз, ауыр, азапты, кездейсоқ, өкінішті, жаман, арам өлім-жітімнен, күллі рухани апаттардан, барлық табиғат апаттарынан, өзіміз білетін, білмейтін басқадай да бүткіл апаттардан, өзіміз білетін, білмейтін басқадай да барлық жаманшылықтардан, абыройсыздықтардан, бақытсыздықтардан, сәтсіздіктерден, фитналардан тікелей Өзің сақта, Өзің қорға Аллаһ Тағалам. Бұл жаманшылықтардың бірде-бірін бізге мүлдем жолатпа, оларды бізден мүлдем алыс қыл, оларды бізден жер мен көк, батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүтік бір-бірінен қандай алыс болса сондай алыс қыл, “Иа, құр-Рабби, ә,узу бикә мин һәмәзатиш шайатын уа әузу бикә ай йахдуррун” (Құран аяты) Бізді достың күлкісіне, дұшпанның табасына қалудан сақта, олардан біздің еңсемізді биік, мерейімізді үстем қыл ар-Рафиу Раббым. Бізді басымызға түскен барлық сынақтан аман-есен, абыроймен, жеңілдікпен алып шық, бізге барлық кезде, барлық жағдайда Өзің жар бол, Өзің қорған бол, барлық істе тікелей Өзің Басшылық, Өзің Жетекшілік, Өзің Қамқорлық жаса Аллаһ Тағалам! Біздің барлық мұң-мұқтажымызды, проблемаларымызды Өзің шешіп бер ас-Сомад Раббым. Бізді Өзіңнен басқа ешкімге алақан жайғызба ас-Сомад Раббым. Бізге Өзіңнен басқа ешкімге алақан жаймай нағыз мұсылманша өмір сүруді үйрет және нәсіп ет, ас-Сомад Раббым. Біздің ризығымызды кеспе, бөгеме, кешеуілдетпе әл-Қабыйд Раббым. Бізге халал, қайырлы, таза, жақсы ризықтарды адалынан, молынан, кеңінен жайып таста әл-Басыйт Раббым. Сөйтіп, біздерді екі дүниеде де ризығы өте мол құлдарыңның қатарынан қыл ар-Раззақ Раббым. Бізге не берсең де қайырлысын, халалын есепсіз-сұраусыз нәсіп ет, біздерді өзімізден артылған ризықты кедей-кепшік, мұқтаж жандармен бөлісе алатындай, басқадай да ізгі істерге аямай жұмсайтындай Өзің риза болатындай дәрежедегі кеңпейіл, жомарт, мәрт қыл әл-Кәрим Раббым. Бізді Өзің берген әрбір ризықты, игілікті, нығметті қанағат тұтып, шүкіршілік қылатын шүкіршілігі мол құлдарыңның қатарынан қыл, әш-Шакур Раббым. Бізге екі дүниеде де көптеген игіліктер, сыйлықтар, нығметтер нәсіп ет әл-Уаһһаб Раббым. Біздің үйіміз жоқтарға, не үйіміз нашарларға, не үйіміз қайырсыздарға өзімізге, ата-әжемізге, ата-анамызға, өмірлік жарымызға, балаларымызға, ұлдарымыз тарапынан да, қыздарымыз тарапынан да барлық ұл-қыз немере-шөберелерімізге, Қиямет Күнге дейінгі барлық ұрпақтарымызға, бәріміздің от басы мүшелерімізге, ет жақын ағайын-туыстарымызға қандай жағдайда да: жақсылықта да, жамандықта да, бақытты-бақытсыз шақтарымызда да, қуанышта да, қайғы-қасыретте де, соғыс, табиғат апаты жағдайларында да,Яджуж-Маджуж қаптаған, Даджал қатты азғырған өте ауыр сынақтарда да бәріміз үшін өте қайырлы, өте қауіпсіз, өте қолайлы, өте жайлы, өте ыңғайлы, өте тиімді, өте кең, өте жарық, өте таза, суы да, ауасы да таза, өте құтты, өте берекелі, өте жақсы үй нәсіп ет әл-Кәрим Раббым.

Біздің жұмысымыз жоқтарға, жұмысымыз нашарларға не жұмысымыз қайырсыздарға екі дүниеміз үшін де өте қайырлы, пайдалы болатын, мамандығымызға лайықты, табысы халал әрі мол, өте қолайлы, өте жайлы, өте құтты, өте берекелі, өте жақсы жұмыс нәсіп ет, Аллаһ Тағалам.

Бізге терең де қайырлы ілім, оны Өзің риза болатындай дәрежеде жүзеге асыратын қабылет пен мүмкіндік нәсіп ет, әл Алиим Раббым. Сөйтіп, бізге өзіміз білуге, ұстануға, жүзеге асыруға тиіс барлық нәрселерді үйрет және нәсіп ет әл-Алиим Раббым. Бізді Өзіңнің ең білімдар, ең білікті, ең зиялы құлдарыңның қатарынан қыл әл-Алиим Раббым. Бізге даналық нәсіп ет әл-Хаким Раббым. Өйткені, Өзің киелі Құранда байлық пен билікті сүйген құлыңа да, сүймеген құлыңа да беретініңді, ал, білім мен даналықты тек сүйген құлдарыңа ғана беретініңді айтасың. Бізді осындай сүйген құлдарыңның қатарынан қыл әл-Уадуд Раббым. Бізді Өзіңді және Пайғамбарымызды, с..а.с. барлығынан артық сүйетін, Өзің де бізді сүйетін ең сүйікті құлдарыңның қатарынан қыл әл-Уадуд Раббым. Бізге бірінші кезекте Өзің дос бол, бізге Киелі Құранды, Қасиетті Сүннетті дос қыл, бізді бір-бірімізге дос қыл, бізге шынайы муминқұлдарыңды көптеп дос қыл әл-Уәли Раббым. Біздің жанымызды, тәнімізді, қанымызды, ойымызды, бойымызды, миымызды, сана-сезімімізді, жүрегімізді, тілімізді, дінімізді, жадымызды, зейін-зердемізді, рухымызды алдымыздан да, артымыздан да, оңымыздан да, солымыздан да, жоғарыдан да, төменнен де Өзіңнің нұрыңа бөле ан-Нур Раббым. Бізге нұрлы иман, нұрлы жүрек, нұрлы ақыл-парасат, нұрлы сана-сезім, нұрлы ой, нұрлы бой, нұрлы дидар, нұрлы түр-тұлға, нұрлы жан, нұрлы тән, нұрлы қан, нұрлы ми, нұрлы жады, нұрлы ілім, нұрлы рух нәсіп ет, ан-Нур Раббым. Егер біз бір мәселеде шатасып, сол мәселенің анық, нақты, қайырлы жауабын таппай, өзімізше пендеге тән болжам жасап, қателесіп, қараңғылықта қалсақ, онда сол мәселелердің анық, нақты, қайырлы жауабын көрсетіп, сол қараңғылықтан Өзіңнің жарық, нұрлы әлеміңе алып шық ан-Нур Раббым. Бізді иманымызға, ар-ұятымызға, абырой-намысымызға, беделімізге, мұсылмандық, адамгершілік қадір-қасиетімізге, миымызға, жадымызға, зейін-зердемізге, сана-сезімімізге, жалпы денсаулығымызға, екі дүниедегі де тағдырымызға, мұң-мүддемізге, арман-тілегімізге, ниет-пейілімізге, мақсат-мұратымызға, рухымызға; Өзің риза болатындай дәрежеде өмір сүруімізге, еңбек етуімізге, намаз оқуымызға, құлшылық қылуымызға, денсаулығымызды күтуімізге, жан-жақты дамуымызға, жан-жақты баюымызға, өзімізге қажет дұғаны дер кезінде айтып жалынып-жалбарынуымызға, ілім, соның ішінде ислам ілімін, Киелі Құранды Өзің риза болатындай жоғары деңгейде көркем түрде мәнерлеп оқуды меңгеруімізге, осы ілімдерді Өзің риза болатындай дәрежеде берік ұстануымызға, пайдалануымызға, басқа адамдарға үйретуімізге, насихаттауымызға, бір-бірімізбен, басқа да адамдармен Өзің риза болатындай дәрежеде араласып, көмек, қолдау көрсетуімізге, басқа да ізгі амалдарды Өзің риза болатындай дәрежеде жүзеге асыруымызға зияны тиетін, кедергі келтіретін барлық нәрселерден сақта, қорға әл-Хафиз. Бізді өзімізге, бір-бірімізге, елімізге, жерімізге, яғни, күллі ислам елдеріне, жерлеріне, барлық мұсылмандарға, соның ішінде қазақ халқына, Қазақстанға, ислам дініне, суннизмге, суннизмнің таза іліміне және осы ілімді берік ұстанушыларға, таратушыларға, осының бәріне адал қазақстандықтарға, осының бәріне адал жер бетіндегі басқа да барлық адамзатқа, жалпы жер бетіне, күллі пайдалы,  қайырлы жаратылыстарға, ата-әжелерімізге, ата-анамызға, басқа да ет жақын адамдарымызға, зиянымыз тимеуге тиіс басқа да да адамдарға, нәрселерге, тіршілік иелеріне зиянымызды тигізуден сақта әл-Хафиз Тәңірім. Біздің қабылеттілерімізді Киелі Құранды, хадистерді жаттап алатын нұрлы жады иесіне айналдыр әл-Хафиз Раббым. Біздің өзімізге, отбасымызға, елімізге, жерімізге қайырлы тыныштық, бейбітшілік, амандық нәсіп ет әс-Сәләм Раббым. Бізді өзара тату-тәтті, ынтымақ-бірлігімізді күшті қыл, егер біреулер бізді бір-бірімізге айдап салып, араздастырғысы, жауластырғысы, дауластырғысы келсе, оларды тәубаға келтір, тәубаға келмесе, бет пердесін аш, хас масқарасын шығар, сөйтіп, біздің ынтымақ-бірлігімізге титтей де, зәредей де зиянын тигізбе, Аллаһ Тағалам. Бізді бір-бірімізге өте кең, өте кешірімді, өте адал, өте жомарт, өте мәрт,өте жанашыр, өте жұмсақ, өте қамқор, өте жайлы, өте мейірімді, өте рақымды, өте қайырымды, өте сыйлы, өте құрметті, өте пайдалы, өте қайырлы, өте сенімді қыл Аллаһ Тағалам. Біздің және біздің еліміздің, жеріміздің, яғни, күллі ислам елдерінің, жерлерінің, барлық мұсылмандардың, қазақ халқының, Қазақстанның, қазақ тілінің, араб тілінің, ислам дінінің, суннизмнің еш қоспасыз таза ілімінің, осы ілімдерді Өзің риза болатындай дәрежеде берік ұстанып, насихаттаушылардың, осының бәріне адал қазақстандықтардың, жер бетіндегі басқа да адамзаттың, жалпы жер бетінің, барлық пайдалы, қайырлы жаратылыстардың тағдырында Өзіңе тәуекел еттім, біздің тағдырымызды Өзіңе тапсырдым, Өзіңе аманат еттім, аманатымды, тәуекелімді қабыл ет, әл-Уәкил Раббым. Біздің осының бәріне, өзімізге, бір-бірімізге жасағымыз келетін, бірақ, жасай алмайтын жақсылықтарды, қамқорлықтарды, осының бәріне және бізге қажет басқа да жақсылықтарды, қамқорлықтарды осының бәріне және бізге Өзің жаса, әд-Уәкил Раббым. Бізді қандай жағдайларда да Өзіңе тәуекел ететін, тәуекелі қабыл әрі қайырлы болатын тәуекелшіл құлдарыңның қатарынан қыл, әл-Уәкил Раббым. Бізге жұмсақ бол, бізді де жұмсақ қыл, әл-Латыйф Раббым. Біздің Қиямет Күнгі есебімізді өзіміз, бір-біріміз, ата-бабаларымыз, әжелеріміз, ата-анамыз, бауырларымыз, балаларымыз, ұрпақтарымыз, басқа да ет жақын адамдарымыз үшін өте қайырлы, өте жеңіл, өте пайдалы қыл, Қиямет Күнгі есепте біздерге кешірім бер, әл-Хасиб Раббым. Бізді өлер сәтінде Ажал періштесі жанын еш қинамай, еш ауыртпай, өте жұмсақ, өте тез, өте жеңіл алатын, қабір азабын шекпейтін, Қиямет Күні іс-амалдары таразыға тартылғанда жақсы іс-амалдарының, яғни сауап таразысы өте ауыр тартып, жаман, жағымсыз іс-амалдарының, яғни күнә таразысы өте жеңіл тартып, Өзіңнің үлкен кешіріміңе, мейіріміңе, рақымыңа бөленетін, Қиямет Күні Көлеңкеңде тұратын, Пайғамбарымыздың, салләЛлаһу аләйһи уә сәлләм, шапағатына ілінетін, ол кісімен бірге барып Кәусәр көлінен су ішетін, амал дәптері оң қолына берілетін, Сират көпірінен найзағайдан бетер жарқ етіп лезде, тез өте шығатын, Фирдаус жәннатына кіретін, жәннатқа сұраусыз кіретін Өзіңнің ең таңдаулы, ең бақытты, ең сүйікті құлдарыңның қатарынан қыл Мәлики йаумиддин әл-Мәлик Раббым. Біз үшін күнде жасап жүрген дұғаларымның бәрі қабыл ет, Өзіне жайылған алақанды бос қайтаруға ұялатын, Өзіне айтылған тілек-дұғаға одан да жақсы жауап беретін әл-Муджиб Раббым. Өйткені, біз Саған қатты мұқтажбыз, Сенсіз күніміз қараң, сондықтан Саған жалбарынам, дұғаларымды қабыл ет әл-Муджиб Раббым. Және бізді қандай жағдайларда да: жақсылықта да, жамандықта да, бақытты, бақытсыз шақтарымызда да, қуанышта да, қайғы-қасыретте де Өзіңді бір сәт ұмытпайтын, Өзіңді бір сәт естен шығармайтын, үнемі Өзіңе жалбарынып жүретін, Өзімізге қажет дұғаны дер кезінде, дәл тауып, ерінбей жалықпай, Өзің қабыл алатындай дәрежеде айта білетін, дұға жасағыш және дұғасы қабыл болғыш құлдарыңның қатарынан қыл әл- Муджиб Раббым. Біздерге барлық ізгі іс-амал, әрекеттерімізде, соның ішінде дініміз, тіліміз, еліміз, жеріміз үшін күресте, дұшпандарымызбен күресте жан-жақты жәрдем бер. ән-Насыйрр Раббым. Және біздерге түбегейлі, баянды, қайырлы, таза, абыройлы жеңіс нәсіп ет әл-Фаттаһ Раббым. Бізге ұзақ та қайырлы ғұмыр нәсіп ет, әл-Хай-юл, әл-Қайюм Раббым. Біз бір істің көзін тауып, бұл ісіміз дамып, көркейіп,балаларымызға, ұлдарымыз тарапынан да, қыздарымыз тарапынан да барлық ұл-қыз немере, шөберелерімізге, Қиямет Күнге дейінгі барлық ұрпақтарымызға халал, қайырлы, таза, жақсы, баянды, мол мұра болып қалса екен әл-Уәрис Раббым. Сөйтіп, бізді әр тиынын халал жолмен табатын, әр тиынын Өзің риза болатын нәрселерге, істерге ғана жұмсайтын Өзіңнің ең тура жолдағы, іс-амалдары ең дұрыс құлдарыңның қатарынан қыл, әл-Һәди Раббым.

Біздің елімізді, жерімізді, күллі ислам елдерін, жерлерін, жалпы жер бетін күллі ширктен, бидағаттан,харамнан,  риядан, тіл-көзден, сиқырдан, жаман күпір ойлардан, жаман ауру сырқаулардан Өзің арылта гөр, Өзің тазарта гөр әл-Қуддус Раббым. Біздің елімізді, жерімізді, өзімізді, отбасымызды барлық жаманат-кесапаттардан, күллі жын-шайтандардың, қара күштердің, өзіміз білетін, білмейтін барлық ішкі-сыртқы дұшпандарымыздың бүткіл жамандық, қастандықтарынан, күллі зиян-зардаптарынан, барлық кесір-кесапаттарынан, бүкіл шабуылдарынан, Яджуж-Маджуждың шабуылдарына ұшыраудан, Даджалдың фитнасынан, азғыруынан, күллі табиғат апаттарынан, бүткіл рухани апаттардан, басқадай да өзіміз білетін, білмейтін барлық апаттардан, соғыстан, имансыздықтан, дефольттан, тағдыр тәлкегіне ұшыраудан, қарызға батудан, достың күлкісіне, дұшпанның табасына қалудан,терактілерден, игилдің-даиштың келуінен, басқа да өзіміз білетін, білмейтін барлық жамандықтардан, қастандықтардан, абыройсыздықтардан, бақытсыздықтардан, сәтсіздіктерден тікелей Өзің сақта, Өзің қорға Аллаһ Тағалам. Бұл жаманшылықтардың бірде-бірін елімізге, жерімізге, өзімізге, отбасымызға мүлдем жолатпа, оларды біздің елімізден, жерімізден, өзімізден, отбасымыздан мүлдем алыс қыл, жер мен көк, батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік қандай алыс болса сондай алыс қыл. Біздің еліміздің, жеріміздің, өзіміздің, ислам дінінің, күллі мұсылмандардың, суннизмнің таза ілімінің, осы ілімді берік ұстанып, таратушылардың, жалпы жер бетінің, барлық қайырлы жаратылыстардың дұшпандарының быт-шытын, тас-талқанын шығар, қайтып бас көтертпей тұқыртып таста әл-Қаһһар Тәңірім.

Біздің о дүниедегі ата-аналарымыздың, әкеміз тарапынан да, шешеміз тарапынан да о дүниедегі ата-бабаларымыздың, ағайын туыс-бауырларымыздың, нағашы ата-бабаларымыздың, нағашы әжелеріміздің, нағашы ағайын-туыстарымыздың, сонау Адам ата, аләйһис-сәләм заманынан бастап«Лә иләһә илләЛлаһ» деп өмірден өткен барлық мұсылмандардың,  «Лә иләһә илләЛлаһ Мухәммәдур-расулуллаһ деп өмірден өткен барлық мұсылмандардың,  о дүниедегі иманды ұстаздарымыздың, кластас-курстастарымыздың, әріптестеріміздің, көршілеріміздің, жерлестеріміздің, басқа да өзіміз білетін-білмейтін иманды ет жақын адамдарымыздың тірліктерінде біліп, білмей істеген барлық күнәларын Өзіңе ғана тән Кеңдігіңмен кешіре гөр, әл-Ғаффар Құдайым. Оларды қабір азабынан, Қиямет Күнгі, Сират көпірінен өткендегі барлық қиыншылықтардан, азаптардан, тозақтан сақта. Оларды о дүниенің игіліктеріне бөлей гөр. Олардың артында қалған барлық ұрпақтарына, отбасы мүшелеріне, ағайын-туыстарына, басқа да ет жақын адамдарына, кластастарына, курстастарына, көршілеріне, әріптестеріне, жерлестеріне иман байлығын, екі дүниенің де жақсылықтарын нәсіп етіп, баршамызды жәннатта қауыштыра гөр.

Қазақ халқын жан-жақты дамыт, жан-жақты байыт. Қазақ халқына толыққанды тәуелсіздік нәсіп ет. Қазақ халқын өз жерінің шынайы, иманды, абыройлы, нағыз лайықты қожасына айналдыр. Елімізде қазақ тілі мен ислам діні үстемдік етсін. Қазақ халқы өте иманды, өте тақуа, өте берекелі, жан-жақты дамыған, жан-жақты байыған.биік адамгершілік иесі, көркем мінезді, адал, ақкөңіл, ақпейіл, еңбекқор, пысық, ширақ, өнертапқыш, білімді, дарынды, талантты, озық ойлы, озық өркениетті, озық ілімді, озық мәдениетті, жаны да, тәні де сау, жаны да, тәні де таза, жаны да, тәні де сұлу, қабылетті, зиялы, мәдениетті, кішіпейіл, қарапайым, өте ізгі, өте салиқалы, Өзің риза болатындай дәрежедегі жомарт, мәрт, ең озық, ең алдыңғы қатарлы, тек қана жақсылықтарға ұйтқы болатын, дүние жүзі санасатын көш басшы, Өзіңнің бүгінгі таңнан бастап Қиямет Күнге дейінгі ең таңдаулы, ең бақытты, ең сүйікті халқыңа айналса екен.

Қазақстандықтар қазақ халқын алға шығарып, қазақ халқының маңында топталып, жиналып, қазақтың тілін, дінін, мәдениетін, барлық құндылықтарын құрметтеп, Өзің әр қазақстандыққа қайырлы ырыс-құт, береке дарытып, елімізде, жерімізде иманды, саламатты, берекелі, тату-тәтті тірлік, ынтымақ-бірлік, баянды бейбітшілік орнаса екен. Ал, Қазақстан өте иманды, өте берекелі, жан-жақты дамыған, жан-жақты байыған, озық ойлы, озық өркениетті, озық ілімді, озық мәдениетті, тек қана жақсылықтарға ұйтқы болатын, дүние жүзі санасатын көшбасшы, Өзіңнің бүгінгі таңнан бастап Қиямет Күнге дейінгі ең таңдаулы, ең бақытты, ең сүйікті мемлекетіңе айналса екен. Осы ең сүйікті мемлекетіңнің көш басында қазақ халқы жүрсе екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап Қиямет Күнге дейінгі барлық Қазақстан президенттері таза қазақ болып, елімізді Қүран мен Сүннеттің таза шариғатына сай басқарса екен. Қазақстанның Қиямет Күнге дейінгі барлық президенттері, іс басындағы күллі азаматтар, халқымыздың тағдырына ықпал етер әр азамат отбасы мүшелерімен, ет жақын адамдарымен бірге шынайы тәубаға келіп, Өзің олардың тәубасын қабылдап, олар ендігі жерде жаман істерін жақсы істермен алмастырып, басқа да ізгі амалдарын көбейтіп, мен күнде дұғамда айтып жүргендей қазақ халқы мен Қазақстанның Қиямет Күнгі дейінгі Өзіңнің ең иманды, ең ізгі, ең салиқалы, ең абыройлы, ең беделді, ең күшті, ең қуатты, ең таңдаулы, ең бақытты, ең сүйікті халқың мен мемлекетіңе айналуы үшін қолдарынан келген бар шараларды ұйымдастырып, жүзеге асырып, келер ұрпаққа тамаша жол, тамаша ғибрат, тамаша халық, тамаша мемлекет қалдырып кетсе екен. Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылған Еуразия Одағы бірінші кезекте күллі ислам елдері, барлық мұсылмандар, соның ішінде қазақ халқы, Қазақстан, қазақ тілі үшін пайдалы, қайырлы болып, жер бетіне тек қана жақсы жағынан ықпал етіп, тек ізгі іс-амалдарға ұйтқы болып, әлем халқы санасатын, арқа сүйейтін өте бір қуатты, салиқалы, салмақты,жер бетіндегі қанды қақтығыстардың, соғыстардың тоқтауына ықпал ететін, адамзаттың дос, бауыр ретінде араласып, бір-бірінің жан-жақты дамуына, жан-жақты баюына ықпал етуіне, ынтымақ-бірлігі артуына ұйтқы болатын, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешетін әлемдегі ең ықпалды, ең абыройлы, ең беделді ұйымға айналса екен. Көш басында қазақ халқы, Қазақстан жүрсе екен. Сондай-ақ Қазақстанныңшекара, кеден бекетінің, еліміздің , жеріміздің күзетіне, қауіпсіздігіне байланысты жерлерде отырған мамандарды отбасы мүшелерімен бірге шынайы тәубаға келтір. Имандарын күшейт, білімдерін, адамгершілік қасиеттерін, жауапкершіліктерін, іскерліктерін, шеберліктерін арттыр, оларға ақыл, бер, ой сал. Сөйтіп, еліміздің, жеріміздің шекарасын, күзетін, қауіпсіздігін Өзің риза болатындай, басқалар ғибрат алатындай, ешкім, ешнәрсе зәредей де зиянын тигізе алмайтындай өте жоғары дәрежеде өте шебер ұйымдастырып, соған қажетті нақты шараларды толыққанды түрде жүзеге асыруларын үйрет және нәсіп ет. Және елімізде өтетін әрбір іс-шара, соның ішінде ЭКСПО, т.б. іс-шаралар Өзің риза болатындай, басқалар ғибрат алатындай жоғары деңгейде ың-шыңсыз, аббыроймен өтіп, өтіп,  күллі адамзат, соның ішінде өз мемлекетіміз, халқымыз үшін аса пайдалы, өте қайырлы болса екен.Мұның бәрі еш мүмкін емес нәрсе, бірақ, мүмкін еместі мүмкін қылатын Құдыретсің, сондықтан осы дұғаларыммды, яғни осы тілектерімді, күнде айтып жүрген басқа да тілектерімді қабыл қыла гөр әл-Муджиб Раббым. Қадір түнін Өзің риза болатындай дәрежеде өткізуді нәсіп ет және күллі мүмин мұсылмандардың ақ тілектерін қабыл қыла гөр, әл-Муджиб Раббым. Барлық мадақ Аллаһ Тағалаға ғана лайықты.

Аллаһтан медет, Пайғамбарымыздан, салләЛлаһу аләйһи уә сәлләм, шапағат тілеймін.

Иә, күллі әлемдердің Жаратушысы, Сақтаушысы, Қорғаушысы, Қолдаушысы, Асыраушысы, Қамқоршысы, тумаған, туылмаған, ешкімге, ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше күллі әлемдер, барлық тіршілік иелері бір Өзіңе ғана мұқтаж, Өзіңе жайылған алақанды бос қайтаруға ұялатын, Өзіңе айтылған тілекке одан да артық, одан да жақсы жауап беретін Кең де Кешірімді, Мейірімді де Рақымды, Жомарт та Мәрт, Қайырымды да Қамқор, күллі игіліктердің, күллі нығмет байлықтардың, күллі ризықтардың, күллі шипалардың, күллі жаратылыстардың, күллі әлемдердің, күллі тіршілік иелерінің, күллі ілімдердің Иесі Раббым Аллаһ, сен менің Уәлиімсің, Сенен басқа Тәңірім жоқ, Осы тілектерімді, күнде айтып жүрген басқа да тілектерімді қабыл қыла гөр, әмин!

   Гүлбаһрам Жебесін,

        Алматы қаласы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑