Қаһарман құрметіне турнир өтті - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 5 декабря, 2019 | қосқан shalqar | 373 рет оқылды

0

Қаһарман құрметіне турнир өтті

IMG_8986 IMG_8957 IMG_8958 IMG_8897 IMG_8995 IMG_9010 IMG_9149 IMG_9164   IMG_9140 IMG_9155IMG_9166IMG_9079
Алматыдағы № 4 қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған шахматтан турнир өтті. Ұйымдастырушылары — Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры және Қазақстан шахмат федерациясы.
Турнирдің басты мақсаты — патриотизмді нығайту.
Заманауи әлемде елдермен және олардың экономикалары ғана емес, тұтастай мәдениеттер де бәсекеге түсіп отыр. Ауыздықтарын тістескен алпауыт елдермен терезесі тең болудың алғышарттарының бірі — өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қатпарланған тарихын жадында сақтау екендігі даусыз.
Бұл да «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының бір ұстыны болып отыр. Әр елдің өмір кеңістігінде жүріп өткен соқпағы көп даңғыл жолы бар. “Желтоқсан” да қаймана қазақтың сол соқпақтарының бірі. Қанша қасіретті болса да оны есте сақтап, ұлағат етіп ұрпаққа жеткізу тарих алдындағы міндет.
Сондай ұлағатты істің бірі – халықтың қаһарман ұлы Қайрат Рысқұлбеков атындағы шахмат турнирі. Осы арқылы қаһарман ұлдарының есімін ұлттың жадында жаңғырту, ерлігін жастарға үлгі ету.
Турнирге республиканың әр өңірінен 20-дан аса талапкер өтініш берді. Турнирге жиналған жастар, алдымен желтоқсаншылардың Тәуелсіздікті арқау еткен әңгімелерін тыңдады. Желтоқсан оқиғасынан, Қайрат Рысқұлбековтің ерлігінен сыр шертілді…
Осыдан кейін бастау алған блиц-турнирге Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері төрелік етті. 20-дан аса қатысушы өзара бақ сынасып, үшеуі суырылып алға шықты. Үздік ойын көрсеткен Жалмаханов Рамазан — бірінші орын, Аңсат Алдияр — екінші орын, Исанкулов Арыстан — үшінші орындарды иемденді.
Ойын барысын бақылап, ойыншыларға демеу көрсетіп отырған желтоқсаншылар жеңімпаздардың марапаттарын тапсырып, шын ықыласпен құттықтауларын жеткізді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑