banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1097

Қосқан уақыты Желтоқсан 14, 2019 | 166 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қаһарман қыздар ұлықталды

 

IMG_1128 IMG_1060 IMG_1081 IMG_1163 IMG_1280 IMG_1055 IMG_0986 IMG_0902 IMG_0968 IMG_0313 IMG_0940 IMG_1070 IMG_1016 IMG_1266 IMG_1138 IMG_1295IMG_1258IMG_1102IMG_1103IMG_1274

Алматы қалалық №4 кітапханада мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің және 1986 жылғы Желтоқсаншылардың қатысуымен 1986 жылғы Желтоқсан құрбандары Ләззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанованың құрметіне қыздар арасында мәнерлеп оқудан шығармашылық кеш өтті.  Іс-шара Алматы қаласы Әкімдігі мен Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ПАТРИОТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» жобасы аясында өтті.

Іс-шараның мақсаты – аға ұрпақтың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына, қызмет етуге тәрбиелеу.

Шығармашылық кеш мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында мәнерлеп оқудан сайыс түрінде өтті. Байқауда жалпы саны 20-дан аса қатысушы өнер көрсетіп, бірі елімізге белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі ақындық талаттарын көрсетіп,  өз шығармашылықтарынан Желтоқсан оқиғасына арнауларын оқыды. Кеш барысы желтоқсан оқиғасын көзбен суреттегендей жалынды, ел рухын көтерер, Тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін жырлайтын, отансүйгіштік өлеңдермен өрбіді. Шығармашылық кешке қонақ ретінде әдебиет және өнер қайраткерлері, желтоқсаншылар келді. Олардың қатарында Құрманғажы Болат, Раев Сабит, Қазыбаева Мейіргүл, Нұрғалиева Шолпан, Сəрсенова Базаргүл, Сəрсенова Гүлғайша, Айтуаров Ермек, Қалмақбаев Ғани, Нұрғалиев Ерік сынды азаматтар бар.  Кеш қонақтарынан құралған қазылар алқасы қатысушыларды кәсіби шеберлігі мен оқылған өлеңінің жүрекке жеткізе білу өнеріне қарап бағалап, үздіктерді анықтады.

Байқау нәтижесі бойынша Сембек Дильназ 1-орын, Сейілова Гүлжанат 2-орын және Орынбасар Айсұлу 3-орынды иеленді. Сонымен қатар 4 ұміткер ынталандыру сыйлығына, қатысушы барлық көркем сөз оқудың шеберлері бағалы сыйлықтармен  және дипломдармен марапатталды.

Иә, Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.  Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Желтоқсан негізі болған Тәуелсіздігіміз жайлы, айтар ән мен туындар шығармалар толастамақ емес. Отанымыз – Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп!

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑