banner-top12

Ақпараттар ағымы afiysha

Қосқан уақыты Қазан 3, 2016 | 474 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«ҚАЛЛЕКИ» ТЕАТРЫ ХХVI ЖАҢА МАУСЫМЫНЫН «АБАЙ» ТРАГЕДИЯСЫМЕН АШАДЫ

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 5 қазан күні сағат:17.30-да ХХVI жаңа маусымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізеді. Баспасөз конференцияға қатысатындар:
1. Теменов Талғат Досымғалиұлы – Театрдың көркемдік жетекшісі,
ҚР халық артисі, профессор.
2. Гүлжан Әспетова – ҚР халық артисі.
3. Түймехан Атымтаева – Театрдың негізін қалаушылардың бірі, ҚР
еңбек сіңірген қайраткері.
4. Бақыт Исабекова – Театрдың негізін қалаушылардың бірі, актриса.
5. Нұрай Танабаев – Театрдың негізін қалаушылардың бірі, дәстүрлі
әнші.
Баспасөз конференциясынан кейін сағат:18.30-да ХХVI жаңа маусым шымылдығын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады. Туындының қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қалибек Қуанышбаев шығармашылығындағы шоқтығы биік рөл дәл осы Абай рөлі екені дау¬сыз. Сондықтан болар, қойылымды сахналау аталған өнер ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Спектакльде қос Абайдың бейнесін көре аласыздар. Аға Абай бейнесін – ҚР Халық артисі Тілектес Мейрамов сомдаса, жас Абайды – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов ойнайды.
Жетістіктер:
– Театр ұжымы 25-мауысымында Мәскеуде өткен XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумына «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен қатысып, Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов – полковник Лукьянов, актер Әбілмансұр Серіков – Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева – Инга рөлдері үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанттары атанған еді.
– Сол сияқты Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінен Қаллеки театрының «ШИЕ» комедиясы «Үздік спектакль» номинация иегері атанды.
Театр ұжымы алдағы жаңа маусымда аптаның сейсенбі мен жексенбі күндері аралығында көрермендер назарына күнделікті қойылымдарды ұсынады.
Қараша айында театр ұжымы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қаллеки театрының 25-жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑