banner-top12

Ақпараттар ағымы 20170329225527

Қосқан уақыты Наурыз 30, 2017 | 364 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов Алматыда шеберлік-сыныбын өткізеді

Қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов Алматыдағы «MD Boxing» залында шеберлік-сыныбын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгін боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. «1 сәуір күні Алматы қаласында WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам мен WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың ашық жаттығуы өтеді. Кәсіпқой боксшылар өз тәжірибелерімен бөліседі. Сұхбат, естелікке суретке түсу және боксшылардың қолы қойылған қолғаптар сіздер үшін. Есік ашық. Ашық жаттығу, Алматы қаласы, Гагарин-Өтепов көшелерінің қиылысындағы «MD бокс» клубының залында өтеді. 10:30-да барлығыңызды күтеміз», – деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қанат Исламның 9 қыркүйек күні Астана қаласында жекпе-жек өткізетіні туралы да хабарлаған болатынбыз.

Күнсұлтан Отарбай
http://www.inform.kz/kz/kanat-islam-men-zhanat-zhakiyanov-almatyda-sheberlik-synybyn-otkizedi_a3012180




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑