banner-top12

Жаңа кітап no image

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2012 | 685 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қараш палуан» жарық көрді

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Құдайберген Қорабаевтың «Қараш палуан» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Ақын бұған дейін де төрт кітапты өз оқырманына тарту еткен болатын. Қорабаевтың қоғамға, өмірге деген көзқарасы, туған жерге, елге, өзіне деген сенімі әр өлеңінде шынайлылығын көрсетеді. Өлеңдерінің оқиғаға құралған тұстары да адамды қызықтыра түседі, ары қарай оқи түсуге жетелейді. Оқырманына жағымды өлеңдерімен ұнайды деуге әбден болады. Жасы жетпістен асса да өзінің алға қойған арманы мен мақсатын орындауға жүретіні байқалады. Өмірді шынайы сүйетін ақын екені көрініп тұр.
«Қараш палуан» кітабы нақты өмірден алынған, нағыз шындыққа құрылған поэмалар мен өлеңдер. Басқа кітаптарындағы еңбектері де дәл сондай шығармалар.
Біз жаңа туындыға ақ жол тілей отырып, алдағы күндерде кейбіріне жеке-жеке тоқталатын шығармыз деген ойдамыз.
Шығармашылық жолы бұдан да жоғары бола берсін! – деген тілегімізді білдіреміз.
Ләззат Игісін




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑