banner-top12

Поэзия i

Қосқан уақыты Сәуір 17, 2016 | 1  098 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қаратау желі осылай

Суық торғай

О менің суық торғайым,
Мен сенің тірлікте
Жан-тәніммен қорғаймын.
Өйткені сен деген,
Айнымас, тапжылмас
Туған жердің кіндігісің.
Бұзылмас бірлігісің.
Ақпанда да көнгенсің,
Шілдесінде көргенсің.
Бар жоғыңда, аш тоғыңда
Бізбен бірге бөліскенсің, бөлгенсің,
О менің суық торғайым,
Қарлығашпен боз торғай,
Жыл құсы деп айта алман,
Сен тұрғанда әрине.
Жас шыбықтай басын иіп шайқалған,
Олар деген майдансыздар тірексіз,
Көп уақытын бодау еткен ретсіз.
Туған жерден құрбандықтан қорыққан жан,
Нағыз олар өлі-тірлік жүрексіз.
Ерлігіңмен, өрлігіңмен оларды
Тағы да бір дір еткіз.
О менің суық торғайым,
Ерлігіңе, өрлігіңе
Бола сенің әрқашан
Бірінші боп қорғаймын.
Жауын шықса қапелімде жасыннан,
Маған сенгін мырышыңа кеудемді
Тосып тұрмып қорғаймын.
О менің суық торғайым,
Мен келемін көше бойы,
Алаң-салаң әрнеге.
Тосын қиял сүзе тартады,
Сезімге еріп зән деме.
Бір жас жігіт сақ-сақ күледі,
Қартқа мына топ болған.
Зақымдалып ойран күнде,
Екі көзі жоқ болған.
Шыдамадым айқай салдым,
Жат көрмесін мұныңды,
Өшір дедім үніңді.
Ата заңнан аттап өтіп,
Кесер ме еді тіліңді.
Дедім дағы ойға баттым.
Халын көріп мынау қарттың
Толғаттырдың ой қаптырдың.
Ойлаттырдың, ойлап тұрдың,
Шыңырау терең тілсімге,
Құз басынан құс өте алмас.
Жол алдырттың, жолдас қылдың,
Сені соқыр деген жанмен.
Соттасамын, отбасамын,
Тірі тарих сенсің нағыз.
Мен боздағың жоқтасарың
Ей, жас жігіт, мас жігіт,
Рухани жақтан лас жігіт
Көзің ашық болғанменен,
Көкірегің саңылаусыз,
Нардай тұлғаң болғанменен,
Рухани жағың тым әлсіз.
Бұл мүсәпірлігіңе,
Қарау керек күмәнсіз,
Ал көзі соқыр болғанменен,
Көкірегі ашықтың
Даңғыл кеуде сайрап жатса,
Қалай келеді жастығың.
Соқыр болса Құнанбай,
Абай туып, ат қалдырмай мынандай.
Соқыр болса Құнанбай,
Аға сұлтан болар ма еді мынадай.
Соқыр болса Құнанбай,
Сұстылығы жыландай,
Жүйріктігі құландай,
Атты алмас еді мынадай.
Соқыр болса Құнанбай,
Үш жүзіңе жарлық салмас мынадай.
Құнанбайды соқыр деу,
Өзі соқыр айтқан соны кешегі.
“Соқыр десе Құнанбайға тиер сөз”
Дәл осыдан бастап енді өшеді.
Бізден сонау он бес ғасыр ілгері,
Бір оқиға болған еді күрделі.
Даңғой патша қарсысынан жеңіліп,
Қашарында жүргелі,
Жарлық шашты халқына,
Жеңілдену керек енді жалпы да,
Артық ауыз жарақсыздар жабдығын,
Кәрі-құртаң, ақсақ-тоқсақ барлығын,
Тастау керек жарлығым.
Хан жарлығын екі ете ме қарасы,
Барлығы да жеңілдепті шамасы.
Көзі де жоқ, аяғы жоқ әкесін,
Кебежеге тығып бақты баласы.
Жеңілістен көз ашпады қашқанмен,
Не бітіреді даңғой қалың жастармен,
Көңілі соқыр қалың бақыр бастармен.
Не істеуі мүмкін емес жоспармен,
Хан тағы да жарлық шашты бұйырып.
Жазалаумен сыйын ұқ,
Бұл соғысты кім басқарып жеңе алса,
Соған өтем бұл жалғанда сиынып.
Бұл жарлығы шуақты да сұсты еді,
Барлық сарбаз жасқанды.
Он бес жасар жас бала,
Белсеніп кеп істеді.
Күн арайлап, тәңір атты шуақтап.
Тау жастанып соғыс салды тұрақтап,
Жаудың бұзып енше дүркін қоршауын,
Батыр бала шықты міне ұлы атты ап,
Олжалады қарсы жақтың ханында.
Ақылшымен нөкерлері жанында,
Қарсыласын алдына әкеп бүктірді.
Ұлы ханы отырғанда тағында.
Риза боп ұлағатты ісіне,
Қайран қалды ақылы мен күшіне.
Сосын хан да ұсынбақ боп хандығын,
Жалпы жұртты жинағанда барлығын.
Жас батырың бір кебеже ап келді,
Мұны қауым нақ көрді.
Мені бүкіл алқалаған бұл қауымға,
Бір оқиға орындайын актерлі.
Менің барлық жемісімнің шуағы,
Менің барлық ерлігімнің тұрағы,
Сұқ саусақпен кебежені көрсетіп,
Сыры ашылад ашсаң әзір мынаны.
Екі сарбаз кебежені ашқанда,
Қарияны алып шықты топты алға.
Сөйле, сөйле деді ханда, тоқталма,
Ия, ия мен сөйлеймін барлығын.
Сенің сонау шашылғанда жарлығың,
Мен әкемді кебежеге жасырғам,
Саған құнды адам болды ал бүгін.
Міне, бүгін көрдің соқыр әкемді,
Бірақ саған жеңіс таңын әперді.
Сонау баста теріс желің,
Ала кетсе әкеңді,
Бұл оқиға болмас еді әсерлі.
Патшам сенің өрлігіңе
Ерлігіңе табынам.
Халықта екенін парламадың.
Ұлылықта мамр ән,
Тек өзіңнің аңғалдығың.
Талай қыршын сарбаздарың,
Үзгендігін білесің бе?
Қапелімде арман гүлін,
Олай болса адамзатта,
Екі соқыр болатынын білесің.
Ал, көзі соқыр мына менің әкем де,
Соңғысына патшам өзің кіресің.
Ия, ия адамдар бар,
Көзі соқыр, көңілі дана.
Мейірі шалқар, пейілі дала.
Арманы асқар, шың тұлғалы,
Ойы қыран ұмтылмалы.
Ал, ендеше көкірегі соқыр ше!
Оң құлақпен тыңдар болсаң отыршы,
Ондайлардан сақтаса екен жаратқан,
Алдырмасын қан кешсе де балақтан.
Ел тізгінін алар болса ондайын,
Шырылдады дей бер қарғам торғайың.
Екі жүздік істер олар қашанда,
Қанын қосып ішседағы қасанға.
Оған анау бір ситаты кешегі,
Отырарды жаныштауға, таптауға.
Опасыздық еткен қара шоқыны,
Алтайдағы Жанымқандай сопыны,
Келтіруге болады.
Бұл айтқанды өзің парлап түсінгің,
Бір уақиға айттым баста Мысырдың.
Қаншасын сен көкірегіңе қондырып,
Қаншасын сен ұшырдың.
Сенен мынау ожар істі көргенде,
Намысымнан жарылардай ісіндім.
Мұны тура түсінгің.
Ей, жас мырза күлме оған.
Намысыңды таптама,
Островский жазған жырға.
Моцрат жазса музыка,
Мен айтар ем мақтана.

ТЕРМЕ
Қазақстанның айтыс ақыны
Айнұр Тұрсынбайқызына арнаймын

Айнұр саған тәнтімін,
Бірі емессің жалпының.
Сөзден өрнек салатын,
Талмаған ұшса қанатың.
Бәйгеге түссең намыс деп,
Жүлдені жеңіп алатын.
Кермеге тосып кеудені,
Жаныңды соған салатын.
Құдіретіңе табынам:
Тіліңмен қулық сайласаң,
Түлкідей болып құбылдың.
Қоңыраулап айтсаң әніңді,
Әуені бар бұлбұлдың.
Теңіздей ойды сапырсаң,
Найзағайдай атылсаң.
Сара болып кетесің,
Аруақтарды шақырсаң,
Артық болмас өзіңе,
өнерің деп бас ұрсаң.
Айнұр, Айнұр, Айнұрым,
Қандай екен жәй-күнің.
Жыйнадың тілді саралап,
Арынды өнер байлығын.
Айтысқа келсе қарымың,
Елден ерек қарымың.
Саған берген бір Алла,
Көкжалдың нағыз салымын.
Сондықтан да тәнтімін,
Мынау менің жан сырым.
Өнермен өрде келесің,
Алшығы түсіп алшының.
Айнұр, Айнұр, Айнұрым,
Тілдей екен байлығың.
Бұлты сені шалмасын.
Бұл ғаламда қайғының.
Арыстандай айбатың,
Тiлде екен қайратың.
Бұл жалғаннан өткенше,
Қызыл тілің сайрасын.
Әлемдік ойды көтер сен,
Өнерге басың тоймасын.
Қазақтың қызы осы деп,
Алты құрлық адамы,
Сені көріп ойлансын.
Бір естіген тамсанып,
Мың естіген тоймасын.
Айнұр, Айнұр, Айнұр деп,
Ұйқыда жатып ойлансын.
Пәктігіңе қарасам,
Аққудай болып тұрасың.
Шүйілсең егер қыран боп,
Жол қалар сенен лашын.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Кең жайылған құлашың.
Сыртыңнан көрген еркекке,
Момақан болып тұрасың.
Қайтіп жиып алғансың,
Аталы сөз мұрасын.
Сондықтан да қазақтың,
Шолпаны болып тұрасың.
Сабырлы мынау бейнеңде,
Жатыр-ау талай тың қылық.
Өнерден шоқтық ұстатпай,
Көрсеттің талай қыңғылық.
Жілік майын суырдың,
Тіліңді ұштап, бұрғақтап.
Саған жетем деп жүріп,
Сан жігіт қалды бұрлығып.
Осыныңа табынам,
Сондықтан да табынам.
Осы жырды арнадым,
Басымда көп арманым.
Тасырқап жүр, шабыс көп,
Қайран мына тарланым.
Өнерден ұстап келесің,
Шаппа тұзақ қармағың.
Тапқыр ойға таң қалып,
Болашақта таңбағып,
Осы жырдан түсінсең,
Дархан “Жайыр” төсінен,
Сағынышты қанат қып,
Айнұр саған арнадым.
Туған жер құдіреті

Аң азайған біздің тауда,
Екі аяқты “тажалдан”.
Дәм түк емей екі елік,
Аман жүрді ажалдан.

Қанша қыспақ көрсе де,
Оқы ысқырып басынан.
Ненің күші кете алмады,
Өскен жердің жасынан.

Шөп шүйгіні мол жерді ол,
Аңсамады бармады.
Өзі жүрген қоңыр тауда,
Секілденді бар бағы.

Бесін кезі сұқты мерген,
Атты бірін қапелім.
Бірі қашты жан ұшырта,
Тірліктің сезіп қатерін.

Бірақ ол да қия алмады,
Тұрақ еткен мекенін.
Елік байғұс көп толғанды,
Қайдан қалай кетерін.

Қанағатсыз сұқты мерген,
Таяғанын аңғарды.
Жалт берді де тіке тартты,
Құз-қияға қарманды.

Шығып заңғар биігіне,
Бір байламға бекінді.
Қашпады ол басқа жаққа,
Құздан бірақ секірді.
Астамдықтың арты мұң

Қызыл шақа бөлтірікте жетілер,
Алмас қанжар абайсызда кесілер.
Құралайдың көзін атқан мергенде,
Соңғы оғы пілге тимей өкінер.

Неше толып, неше солып терілер,
Қулыққа да, сұмдыққа да берілер.
Майдан қылшық суырғандай шешендер,
Жас баладан жалғыз сөзден жеңілер.

Шық бермесі ебін тапса дең қылар,
Бұлақ суын өтірікші сең қылар.
Епті жандар тышқан сойып терісін,
Кер бестіге керме тойда өң қылар.

Ашық тұрып қас қағымда жел соғар,
Кірсіз жанды кінәлі етер сенсе олар.
Қанды балақ қашқан түлкі құтылмас,
Астамдықтан абайсызда жер соғар.

Намыс

Ойлан бауыр, ерлік пен намыс қайда,
Арындаған кешегі шабыс қайда.
Алаңдайсың несіне әлсін әлі,
Әлде біреу артыңнан табыстай ма.

Айтшы бауыр кешегі табыс қайда,
Бүгінгі өмір өткенге қабыспай ма.
Оза шауып алдыдан көрінбейсің,
Бос күйбеңі тірліктің қағыстай ма.

Бұл тірлікте ездікке бой ұрмағың,
Ісін қылма әлсізге дойырлардың.
Құзғын болма даярдан дәмететін,
Үкі болсын қыранға мойындадың.

Ерлігіңе сүйіндір дос-жаранды,
Есептеме еліңе қосқаныңды.
Намыс үшін берсеңде әз басыңды,
Таптаттырма қараша қостарыңды.

Қара құсты қастерле киесі бар,
Тірі тұр ғой өліден ие шығар.
Намысыңды естісе бала Жеңіс,
Көрлігінде көтеріп кие шығар.

Ездігіңді сезсе егер Абай, Қасым,
Лақтырады жеті қат жердің тасын.
Махамбет пен Мағжандар намыс үшін,
Жұлып алар ширығып көрден басын.

Ана

Асығыспын аялсыз қайда барам,
Даусы шықты анамның айдаладан.
Сен қайдасың кешегі он бес қайда,
Түсте кетіп, кеш барсам аймалаған.

Түскен шақта басыма қаралы күн,
Алыстады өзіңнен аралығым.
Жұмаққа беттеді ұлы денең,
Бізде қалып ізгілік даналығың.

Ғайып болдың міне АНА арамыздан,
Сезімім жоқ кешегі ала қызған.
Заңы солай өмірдің екі келмес,
Абай, Қасым қалған бұл Сара қыздан.

Өзің үшін қанша ақын төкті жырын,
Ана сені ардақтар текті ұлың.
“Күшік бағып, ит болып өзін қапқан”,
Сан ұлпандар өмірден өтті бұрын.

Ия осылай өтеді өтер жалған,
Өмір деген өкініш, толған арман.
Бір сөзіңді естуге тым болмаса,
Бір шапалақ ұруың болды-ау зәм-зәм.

Шақырма ана әзірше айдаладан,
Жасайыншы кең құшақ жайма маған.
Өйткені жетім емен отаным бар,
Құлыныңды құшақтап аймалаған.

Жанат Қизатұлы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑