banner-top12

Ақпараттар ағымы startup-photos

Қосқан уақыты Шілде 11, 2017 | 361 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қаржыландырудың негіздерін үйренді

 

  Халықаралық ынтымақтастықтың Жапон Агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ  Даму бағдарламасы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  «Қаржы академиясы»  АҚ- мен бірлесіп, БКБ  өкілдері,  Қазақстан Республикасының  парламентінің мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер үшін «Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, қаржыландыру» (Gender Responsive Budgeting)  тақырыбы бойынша  бір күндік семинар өткізді.

Семинар шеңберінде гендерлік қаржыландыру саласында  әлемге танымал  жетекші сарапшыРейна Ичии, Австралия RMIT University университетінің профессоры, Халықаралық ынтымақтастықтың Жапон агенттігінің консультанты және ҚР бұрынғы Қаржы министрі, ал  « Қаржы академиясы» АҚ-ның қазіргі Президенті, экономикалық ғылымдарының докторы Наталья Коржова  сөз сөйледі.

Семинардың мақсаты  Қазақстан Республикасының  бюджетін  жоспарлау және талдау сапасын  арттыру болып табылады.

Семинар  қатысушыларғңа  гендерлік аспектіні есепке  ала отырып, қаржыландырудың негізгі  тәсілдерімен танысуға әрі  семинар шеңберінде  алынған білім мен машықты есепке ала отырып,  бюджеттің  жобаларына дайындық жүргізуде  топтық интерактивті жұмыс  жасауға қатысуға  мүмкіндік береді.

Қазақстандағы БҰҰ ДБ  тұрақты өкілінің  орынбасарыМунхтуя Алтангерел: «Гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін  кеңейту ДТ Тұрақты Дамудың Мақсатында  жеке мақсат болып қаралады.  Бұл мақсатқа қол жеткізу   барлық деңгейде де орасан күш-жігерді  талап етеді» – деп сөзін  түйіндеді.

Наталья Коржова : «Әйелдердің  қажеттілігін ескеретін, олардың елімізде әлеуметтік, экономикалық  және саяси шараларға тепе-тең қатысуын қамтамасыз ететін қаржыландыру гендерлік  теңдікке қол жеткізуде  әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін  ілгерілетуге  көмек беретін  практикалық құрал болып саналады» – деп сөзін аяқтады.

БҰҰ Даму бағдарламасы  гендерлік теңдікті  белсенді түрде қолдайды, себебі  ол  бейбітшілік пен қауіпсіздіктің  нығаюының барынша тиімді  тәсілі болып саналады, сондай-ақ  экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал етеді. Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, қаржыландыруды енгізу  мемлекеттік  салаларда, бағдарламаларда  гендерлік тәсілді  ілгерілету  мәселелерінде  қызметкерлердің әлеуетін  көтеруге әрі мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін  гендерлік талдауды қолданудың артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік туғызады .

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑