banner-top12

Ақпараттар ағымы egov

Қосқан уақыты Шілде 17, 2015 | 555 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қарқынды дамыған жүйе

Қазіргі таңда Үкімет өз қызметтерін ұсынып отыр. Біз оны Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) арқасында аламыз. Бізде, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық бөлімдерінде электронды Үкіметтің www.egov.kz порталы жұмыс жасайды. Ол арқылы барлық мемлекеттік органдардың ақпараты қолжетімді. Мысалы, мемлекеттік органдардан анықтамалар алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу (егер сіз завңды тұлға болсаңыз) немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдану сияқты қабылдауларыңызды жүзеге асыра аласыздар. Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – әртүрлі онлайн қызметтерді алғанда сіздің электрондық қолтаңба қызметін орындай отырып (анықтамалар алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Ол электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Яғни ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады. ЭСҚ бір жылға беріледі. Сол себепті жыл сайын ЭСҚ әрекетін ұзарту қажет. Осылайша сіз сертификатыңыз жоғалмағанын және бөгде адамдардың қолында емес, сіздің қолыңызда екенін растайсыз.
Мысалы сіз кілтті 2015 жылдың 15 шілдесінде алсаңыз, онда сәйкесінше оның әрекет ету мерзімі 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін. Қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін ЭСҚ кілтін пайдалана алмайсыз. Себебі, жаңа қолтаңба алу рәсімінен қайта өтуіңіз керек. Ол үшін онлайн өтінім беруге халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) барып ЭСҚ орналастыруларыңызға болады. ЭСҚ қолданылу мерзімін ұзарту, оны алу сияқты, рәсім тегін.
Жеке куәлікте жазылған ЭСҚ қолданылу мерзімін ұзарту рәсімі мүлде басқаша. Егер жоғарыда сипатталған жағдайда барлық жұмыс тікелей компьютерде жасалса, онда аталмыш жағдайда сізге ХҚКО-на ЭСҚ қайта жазу өтінішімен бару қажет.Оған жеке куәлігіңіздің түпнұсқасынан басқа ешқандай құжаттар талап етілмейді.
Қазіргі таңда ХҚКО-ның барлық бөлімдерінде ЭСҚ-ны ұялы байланыстарға орналастыру жүзеге асырылуда. Ол үшін сізде өзіңізбен бірге ұялы байланысыңыздың юзби бауы болуы керек. ХҚКО операторы сіздің ұялы байланысыңызға интернет жүйесінен www.egov.kz порталын көшіріп алып, кілтті телефонға ораналастырады. Ұялы байланыстардың да атқаратын қызметі компьютерлердегідей барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл уақыт унемдеудің ең тиімді жолы деп білемін. Сондықтан, азаматтарымыздың барлығына ЭСҚ кілттерін ұялы байланысқа орналастырып, уақытты үнемдеңіздер дегім келеді.

Ерғараева Қарлығаш,
Түрксіб аудандық
ХҚКО инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑