banner-top12

Ауылым – алтын бесігім! no image

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2014 | 745 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚАСИЕТТІ НАРАТЫМ

Әр адамның қасиетті кіндік қаны төгілген туған жер кімді аңсатпайды дейсің. Сол балалық шағыңды елестетіп есіңе түсіргенді мүлде қол жетпейтіндей алыстап қала береді.
Сағынышым жүрегіме ұялаған кезде өзіңді есіме алалармын деймін де елім деген пәк адал жүрегіммен отанға қадам тастап көзімнен жас ағызып кетіп барамын.
Содан Нараттың бүгінгі таң да әлемдегі елді жалт қаратқан жаңалық тарын – туған бір шеттен айтып берейін.
Нарат Қытай Республикасында саяхат ашу орында мемлекеттік атағын алып отыр. Ол Наратта негізінен 97% қазақ ұлты тұрады. Баратын болсаңыз, қазақтың ата бабасынан қалған байтақ құдіретті кең даласы. Көзіңізге бір елестетіп қуанып қаласыз, өкініп те қалуыңыз ғажап емес. Өйткені, сол байтақ далан өзгенің жыл санап құшағына кіріп бара жатқанын көріп, ұлттық сезіміңіз болса көзіңізден мөлт еткен жас ағады.
Еліне армандап, аңсайсың. Қолыңнан келер ештеңе жоқ өкініп ішіңнен тынасың да қаласың.
Ал, айтарым осынау егеменді ел болған бүгінгі таңда ел мен кең байтақ жер қашанда біздің мойынымызда тұрғанын ұмытпаумыз керек. Ел ертеңі бізге аманат.
«Жунго» – (Қытайды жергілікті қазақтар осылай атайды) мемлекетінің бір аймағы Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы-Құлжа қаласы. Климаты біздің оңтүстік өңірмен бірдей. Сайрам тұщы көлі, Сайын, Сақаралы, Нарат жайлауы, таулы қыратты, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін осындай жерлер не ексең, сол шығатын құтты мекен. Іле Қазақ облысы бойынша 4 миллион 400 мың халық өмір сүрсе, соның 35 ұлттан тұратын 450 мыңы Құлжа қаласында тұрады. Құлжада жаңадан бой көтерген фарфор, құрылыс материалдары, ащытқы, кафель зауыты және тағы басқа өндіріс ошақтары, түзу көшелері, гүлзәр бақтардың әсем көркі, бірінен соң бірі салынып жатқан тұрғын үй мөлтек аудандары мен мыңдаған жылдарды артқа қалдырған қайнаған базары қалаға нәр беріп тұр.
Мұның бәрі тамаша-ғой, бірақ қазақ мүддесінен қарағанда көңілге кірбің салатын жайттар көп. Құлжа қаласынан қазақ жеріне кіретін күре жол – батыс қақпасы «Қорғас» кедені яғни қазақ шекарасына дейін төрт қатарлы көлік пен темір жолын салып, аузын арандай ашып отыр. Жаңа технологиямен жаңаша дамып жатқан Құлжа өлкесі ішкі өңірлерден көшіп келіп жатқан хансулар (қытайлар) үшін болашағы зор. Тек ол қазақтар үшін емес. Өйткені, жергілікті қалың қазақ отырған жерлердің өзінде мектептер тек қытай тілінде. Он бес жасқа дейінгі қазақ балалары шалақазақтанып барады. Оның үстіне «Бәріміз бір ұлт болайық», «Партия мен дін бір емес» сияқты мемлекеттік саясат машинасы ондағы қазақтарды тілсіз, дінсіз, ділсіздендіріп көп ұзатпай сіңіріп жіберетіні айдан анық. Бұл үшін Жунго мемлекеті мен хансу халқын кінәлауға болмайды. Бұл әрбір мемлекетте болатын заңдылық. Бізде қазір қазақ тілі мен қазақ мектептері үшін күресіп жатырмыз. Ұлтын сақтағысы келетін әрбір қазақ тек қазақ жерінде ғана салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын, тілін, дінін, ділін, ұлттық мәдениетін сақтап қазақ бола алады. Жунгодағы қазақтарды «неге көшіп келмейсің»-деп кінәлау оңай. Бірақ, бұлай айту білімсіздік болады. Әр мемлекеттің ішкі саясаты, ішкі әлеуметтік жағдайы болады. Олардың да жаппай қозғалып кете алмауына осы екі себеп әсер етіп отыр. Кеше ғана Ресей өз отандастарына: – «Көшіп келіңдер. Бүкіл жағдайларыңды жасаймыз, ананы береміз, мынаны береміз» -деп үйіп-төккен уәделеріне де біздегі орыстар міз бақпай, көшпей отыр емес пе?. Бұл басқа әңгіме. Сондықтан қазіргі таңдағы күлдібадам, сөнген шоқтың күліне піскен шикі күлше сияқты көші-қон туралы заңды қайта қарамаса болмайды.
Ал, әзірге Алтайдың аржағында жүрегі елжіреп, көздерінде мұң, көкіректе шер, ет-бауыры езіліп, алып иірім жұтып бара жатқан бауырларым еске түскен сайын, көкірегім қарс айырылып, күлкім сап тыйылып, ішіп жатқан асым тамағыма тығылып, ойым әлем-жәлем күй кешеді…
Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңды ауыр қайғы жапқан бауырым,
Өміріңше жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген, жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей терің тонап жатқан бауырым…
Мағжан:
Жанарында мөлтілдеп жас, елге қарап жәутеңдеп, Құлжада қалды қарындас… Төс қағысып табысар күн болар ма екен бауырым?!

Даулетқалды Жұмағазы (Қытай Халық Республикасы)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың тыңдаушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑