banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 17, 2014 | 621 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қатон-Қарағай» және «Ақжайық» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енгізілген

 

2014 жылғы 12 маусымда ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАБ) Халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының шешімімен қазақстандық екі табиғи резерваттарға «ЮНЕСКО биосфералық резерваты» Халықаралық мәртебесі бекітілді, олар: «Қатон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағы. Екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енгізілген, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысықтаудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады.
Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын және Алакөл номинациялары 2012-2013 жж. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мәртебесін алды.
Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне ену тамаша табиғаттың сақталуына, сондай-ақ, Қазақстанның экономикасы мен туристік әлеуетін дамытуға ықпал жасайды.
Сессия жұмысы барысында МАБ Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы Р.В. Ященко МАБ ЮНЕСКО вице-президенті болып сайланды, бұл өз кезегінде ЮНЕСКО жүйесіндегі Қазақстанның белсенді рөлін куәландырады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑