banner-top12

Ақпараттар ағымы фото 3

Қосқан уақыты Қазан 27, 2014 | 568 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қатысуға шақырамыз!

2014 жылғы 29 қазан күні «Шетелдерден келген қандастардың жаңа ортаға орналасу, бейімделу және мемлекеттік қызметті пайдалану мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.
Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар өкілдері мен елімізге шетелдерден келіп қоныстанған қандастар, этникалық қазақтар, енді келіп жатқан оралман мәртебесіндегі қандастар бір үстел басына жиналып, ашық әңгіме өткізетін болады.
Жиын мақсаты – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін, жеңілдіктер мен көмектерді түсіндіру, оларды алу, пайдалану және жаңа ортада бейімделуіне жол көрсету. Жаңадан елге келіп қосылып жатқан қандастардың толғандырған сұрақтарына жауап беру.
Жиынға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Көші-қон полициясы басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Ішкі саясат басқармасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Үкіметтік емес ұйымдар, Бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. құзырлы ұйымдар өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасы,
Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы
Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы,
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры
Қазақстан Жазушылары кітапханасы
Өтетін уақыты: 2014жылғы 29 қазан, сағат 15.00-де.

Өтетін орны: Алматы қ. Қазақстан Жазушылары кітапханасы, Алтынсарин көшесі, 37, Жандосов көшесімен қиылысы.

Хабарласу телефондары – 3036806, 8-7073240176

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑