banner-top12

Ақпараттар ағымы nwrov-matyciyn-pk

Қосқан уақыты Қыркүйек 20, 2016 | 470 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қатысушы елдерден келген делегация алғашқы бағаларын берді

Универсиадаға қатысушы елдерден келген делегация өкілдері Алматының 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы өткізу дайындығына қатысты алғашқы бағаларын берді.

nwrov-pk matyciyn-iynterviyu-smiy

 2016 жылдың 16 қыркүйегі – Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU)  президенті Олег Матыцин бастаған делегация, сондай-ақ, ұлттық студенттер спорты федерацияларының басшылары Универсиаданың спорт нысандары мен инфрақұрылым нысандарын көріп, функционалдық бағыттардың жұмысымен жан-жақты танысатын болады.

Қазіргі таңда  FISU делегациясы және Универсиадаға қатысушы елдер «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Алматы арена» мұз сарайы, «Медеу» биік таулы мұз айдыны және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені секілді бес спорт нысанының дайындығына баға берді.

Делегаттар спорт нысандарының жағдайына көңілдері толды және де Ойындарға дайындық барысы  FISU талаптарына сәйкес жоғары қарқынмен өтіп жатқандығын атап өтті.

“Универсиада нысандары ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Атлеттер ауылы – бұл жайлылығы жағынан Олимпиада нысандарынан асып түсетін бірден-бір жоба. Мен жақында ғана Риодан оралдым, Алматыдағы жайлылық деңгейі, коммуникациялар мен инфрақұрылым анағұрлым жоғары деп айта аламын”, – деп атап өтті FISU президенті Олег Матыцин.
«Мен Алматыда бұған дейін бірнеше рет болғанмын және Азиада ойындарына дайындық кезінде трамплиндердің қалай салынғанын көргенмін, сондықтан қазір бәрі дайын болатындығына мен де күмән болған жоқ, – деді Ресей Федерациясы ұлттық студенттер спорты федерациясынан келген делегация басшысы Сергей Сейранов. –  Жаңа хоккей алаңы, оның алаңы да, сыртқы келбеті де үлкен әсер береді. Айналаң  мұзбен қоршалса да, сарай ішінде жылы орта орнаған. Біз көрген басқа нысандар толығымен дайын деуге болады, дегенмен жиі ретте бір ай қалса да, жұмыс қызу жүргізіліп жататындығын мен өз тәжірибемнен білемін».

Ұлыбританиядан келген делегация өкілі Нейл Джеймс Роджерс былай деп өтті: «Мен бүгін көргеннің бәрі өте тамаша. Біз қыста осы нысандарды көріп қайтқан болатынбыз, ол кезде олар әлі салынып жатқан. Ал енді бәрі дайын болған соң жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көруге қуаныштымыз. Біздің осы жаңа сапарымыз үлкен әсер қалдыруда».

АҚШ делегация өкілі Эшли Биван былай деп бағасын берді: «Мен осында алғаш рет келіп отырмын. Өте әдемі ел, адамдары жылы жүзді. Нысандар туралы айтатын болсам, мен көрген нысандардың барлығы көңілімнен шықты, бөлме-жайлардың барлығы үлкен, ыңғайлы, инфрақұрылымы да жақсы. Қазақстан жақсы дайындалды деп айта аламын, ал біздің ерлер мен әйелдер арасындағы екі хоккей командамыз жоғары бағасын береді деп ойлаймын».

«Трамплиннен бастап (мен оны тамаша нысан деп есептеймін), мұз алаңдарына дейін барып қайтқан нысандардың барлығы маған үлкен әсер қалдырды», деді өз сөзінде Финляндия студенттер спорты федерациясының спорт жөніндегі директоры Тирри Юкка.

Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин бастаған делегация, сондай-ақ, ұлттық студенттер спорты федерацияларының басшылары Бүкіләлемдік студенттер ойындары өткізілетін спорт нысандарын тексеру мақсатында 14 қыркүйек күні Алматыға келгендігін еске саламыз.

Сондай-ақ, делегаттар спортшылар тұратын жаңа Атлеттер ауылының жағдайымен танысып, өздерін қызықтыратын барлық мәселелер жөнінде кеңінен ақпарат алатын болады. Делегация мүшелері командалық спорт түрлерінде жеребе тастау салтанатына, сондай-ақ, «Алматы арена» мұз сарайының ашылу салтанатына және де осы нысанда қаланың 1000 жылдығын тойлауға арналған гала-концертке қатыспақ.

Универсиаданың жабылу салтанатында келесі қысқы студенттер спортының эстафетасы  Красноярск қаласына тапсырылатындықтан, 2019 жылы Красноярск қаласында өткізілетін 29-шы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың ұйымдастыру комитетінің өкілдері – «Observer» бағдарламасының қатысушылары Универсиада нысандарын көру үшін шетелдік спорт делегаттарымен бірге Алматыға келетін болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑