banner-top12

Ақпараттар ағымы Изображение 027

Қосқан уақыты Шілде 13, 2015 | 692 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қайырымдылық акциясын өткізді

«Бала қуанса, пейіштің есгі ашылады» дейді. Балаларға бір сәттік болса да қуаныш сыйлау мақсатында халықаралық «Жанашыр» қоры Алматы қаласындағы №2 Балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді.

Балалар үйінде жазғы каникулға орай, біраз бала жан-жаққа лагерлерге кеткен екен. Ал мұндағы балалар да қазіргі кезде балалар үйі жанындағы лагерьде демалушылар. Оларға барлық жағдай жасалған. Дәріс  үш тілде оқытылатындықтан, балалар қазақша да, орысша да жақсы сөйлейді. Қазақтық салт-дәстүр рухында тәрбиелеу мақсатында есік алдындағы алаңға қазақ үй тігіліп, алтыбақан орнатылып, қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарымен жабдықталыпты. Лагерьдегі 50 шақты бала келген қонақтарды қуана қарсы алды.
Қасиетті Ораза айымен орайластыра ұйымдастырыған қайырымдылық шарасына Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы, сонымен бірге шетелдердегі қандастарымыз да қосылды деп айтуымызға болады. Себебі, Халықаралық «Жанашыр» қорына Европа қазақ қоғамдары федерациясынан да азырақ қаржы келген. Еуропадағы қандастар әлемнің қақтығыс аймақтарындағы, дамушы елдердегі қамқорлыққа зәру азаматтар үшін Ораза айында қайрымдылық жасауды үрдіске айналдырған екен. Биыл да сол үрдіс бойынша әр елдерге жіберген қайырымыдылықтарына Қазақстандағы қолдауға мұқтаж жандарға жаратыңыздар деп Садие Сүрер басқаратын Еуропадағы «Қазақ әйелдер қоғамы», Германияның Мюнхен қаласындағы Абдулқайым мен Фатма Кесіжилер отбасы, Сүлеймен мен Дүнай Шадкамдар отбасы атынан , барлығы 300 еуро келген болатын. Осы қаржыларды да қоса отырып «Жанашыр» қоры №2 Балалар үйіндегі ер балалар тұратын бөлменің жабдықтарын жаңартып берді.
Ал, шараны қолдаған Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұн, қант, күріш, май, көкөністер және т.б азық-түліктер алып барды.
Сондай-ақ, ХҚКО инспекторлары тәрбиешілер мен жасы ересек тәрбиеленушілерге Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктерін үйретіп, таныстыру сабағын өткізді.
Шара барысында қазақ эстрадасының жұлдыздары Еркін Мәулен, Роман Майғазиев, Ермек Мұқашевтар балаларға әннен шашу шашса, тәрбиеленушілер де өз өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында ұйымдастырушылар балаларға естелік сыйлықтар мен ойыншықтар таратты.

Шара соңында лагерь жетекшісі Сейтқали Айбосынұлы Бимендиев пен тәрбиеленушілер қайырымдылық акциясымен келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

Изображение 161Изображение 184Изображение 186Изображение 092Изображение 106Изображение 032Изображение 069Изображение 065image-10-07-15-22_00-6image-10-07-15-21_59-11 Изображение 047Изображение 036image-10-07-15-21_59-20  image-10-07-15-22_00-6  Изображение 027Изображение 053image-10-07-15-21_59-11IMG-20150710-WA0037image-10-07-15-22_00-7image-10-07-15-21_59-18image-10-07-15-21_59-19  image-10-07-15-22_00-3

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑