banner-top12

Ақпараттар ағымы f01770f31171a13dade2eacfb3a91163

Қосқан уақыты Шілде 10, 2015 | 579 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қайырымдылық акциясын өткізеді

2015 жылғы 10 шілде жұма күні сағат 15-00-де халықаралық «Жанашыр» қоры №2 Балалар үйінде (Каблуков көшесі, 89) қайырымдылық акциясын өткізеді.
Қасиетті Ораза айымен орайластыра ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасының мақсаты – қамкөңіл, мейірімге зәру балаларға бір сәттік болса да қуаныш сыйлау.
Бұл шараға Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы, сонымен бірге шетелдердегі қандастарымыз да қосылып отыр деп айтуымызға болады. Себебі, Халықаралық «Жанашыр» қорына Европа қазақ қоғамдары федерациясынан да азырақ қаржы келген. Еуропадағы қандастар әлемнің қақтығыс аймақтарындағы, дамушы елдердегі қамқорлыққа зәру азаматтар үшін Ораза айында қайрымдылық жасауды үрдіске айналдырған екен. Биыл да сол үрдіс бойынша әр елдерге жіберген қайырымыдылықтарына Қазақстандағы қолдауға мұқтаж жандарға жаратыңыздар деп Садие Сүрер басқаратын «Қазақ әйелдер қоғамы», Германияның Мюнхен қаласындағы Абдулқайым мен Фатма Кесіжилер отбасы, Сүлеймен-Дүнай Шадкамдар отбасы атынан 300 еуро келген болатын. Осылайша «Жанашыр» қоры №2 Балалар үйіндегі ер балалар тұратын бөлменің жабдықтарын жаңартып беруді қолына алды.
Ал, шараны қолдаған Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұн, қант, күріш, май, көкөністер және т.б азық-түліктер, естелік сыйлықтар алып бармақ. Сондай-ақ, ХҚКО инспекторлары тәрбиешілерге Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктерін үйретіп, таныстыру сабағын өткізбек.
Шара барысында қазақ эстрадасы жұлдыздары балаларға арнап өз өнерлерін көрсетеді. Балаларға естелік сыйлықтар мен ойыншықтар таратылады.

Өтетін уақыты: 2015 жылғы 10 шілде, сағат 15-00-де.

Ұйымдастырушылар: Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Хабарласу телефондары – 3036806, 8-7073240176

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑