banner-top12

Поэзия UW1A2244_5_6_7_8_tonemapped

Қосқан уақыты Сәуір 19, 2019 | 165 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«ҚАЗАҒЫМ, ҚАНЫМ» – ДЕП КЕЛДІМ!

 

 

photo_2019-04-07_21-09-13

«ҚАЗАҒЫМ, ҚАНЫМ»  – ДЕП КЕЛДІМ!

Кетігіңе кірпіш болып,

Қаланайын – деп келдім.

Жыртығыңа жамау болып,

Жамалайын – деп келдім .

Тамырыңа қан болып,

Таралайын  – деп келдім.

Дұшпаныңа оқ болып,

Қадалайын – деп келдім.

Жан санының бірі болып,

Саналайын  -деп келдім.

Бәйтеректей тұлғаңды,

Паналайын  – деп  келдім.

Қуаныштан жырымды,

Ағызайын – деп келдім .

Омырауыңа балымды,

Жағызайын – деп келдім.

Жыртысың боп тойыңа,

Жыртылайын – деп келдім.

Аунап-қуанап төріңде,

Бір тынайын деп келдім.

Өзің барда өзгемен,

Теңелейін – деп келдім.

Тамшыңды көрсем тарыдай,

Телегейім- деп келдім.

Уайым-қайғы дертімнен,

Жазылайын деп келдім.

Іздегендерге қасыңнан,

Табылайын  – деп келдім.

Сұлтандығын өзгенің,

Не қылайын -деп келдім.

Тасырқасаң тағаң боп,

Қағылайын – деп келдім

Әруаққа сиынып,

А Құдайым! -деп келдім.

Жеткенімше жеріңе ,

Саруайым  жеп келдім.

Топырағыңды торқадай,

Жамылайын  – деп келдім.

Үлесімді қосайын,

Тарыдайын  – деп келдім.

Тілім менен дінімнің,

Қайнары бар – деп келдім.

Береке мен бірліктің,

Қаймағы бар – деп келдім.

Дәм айдап кеткен шеткердің,

Тентегі едім текті елдің.

Бәрін айт та бірін айт,

Қазағым, қаным  – деп келдім.

 

ТАУ

Өзг елдің шыңынан,

Төбешігің төр маған.

Сенен ғана ұғынам,

Төзімдікті тозбаған.

 

Сенен ғана байқадм,

Бійіктіктің бар шегін.

Ылдый менен қайқаның,

Бөлінбейтін бөлшегің.

 

Таулар таулар тек сенде,

Ұлылықтың айнасы.

Тау боп пенде кетсең де,

Адамдықтан таймашы.

 

Биікпін деп мақтанбай,

Тауша өмір сүрейік.

Сайда жатқан тастардай,

Ел іргесін тірейік.

 

 

ҮКІ ДАУЫСЫ

Бейуақ. Ауыл кеші еді,

Түнгі жел баяу еседі.

Шақырды үкі жартаста,

Не жәйлы нелер деседі.

 

Жаңғыртқан тылсым тау ішін,

Тыңдадым үнсіз дауысын.

Сұм ажал жұтқан қапыда,

Отыр ма жылап жар үшін?

 

Жалғыздық көріп тағдырдан,

Мұңы ма тауға шағынған?

Сыңарын іздеп бейуақта,

Зары ма әлде сағынған?

 

Сөнгенін күтіп ақшамның,

Жолында тұр ма қас жаудың?

Аластар барлық пәледен,

Киесі ме әлде қарт таудың?

 

Қараңғы мынау ғаламның,

Мазасын алып барады үн.

Жартаста жалғыз жан үзген,

Зары ма батыр бабамның?

 

Күңірентіп тынық түнді ана,

Шығады кейде мұңдана.

Жалғызын іздеп жалғаннан,

Отыр ма жылап мұңлы ана?

 

Тау -тастың басып жерігін,

Барады түнді керіп үн.

Жас қалған ару жарынан,

Отыр ма жоқтап серігін?

 

Әйтеуір  сұмдық сұңғылы-ай,

Сақтасын елді бір құдай.

Барады ұшып асығыс,

Айналып таудың сыртын-ай.

 

ЖАЛҒЫЗ ТАЛ

Көлеміндей астаудың,

Жағасына бастаудың.

Тамаша бір тілекпен,

Жалғыз тал мынау кім еккен.

 

Жапан кезген жандарды,

Шөлеркеген аңдарды

Саяласын деді ме,

Ғасыр бопты кемінде.

 

Отыншы шапқан тыртығы,

Секілді тонның жыртығы.

Ақбасты мынау ақ талды ,

Сұр боран соғып сілкіді.

 

Сезбейді сүркей соққыны,

Қаулап тұр әлі көк бүрі.

Тамырын жатыр тас мұжып,

Құрт алмай мынау тектіні.

 

Найзағай, дауыл ұрса да,

Қайыспай әлі тұр шымыр.

Қуратпақ ғасыр құрдасын,

Уақыт неткен қытымыр.

 

Бүркеген талай тас тұман,

Түлеткен талай жас қыран.

Жер ана өзі баулыған,

Көгере берсін қас тұлғаң.

 

ОСЫ МЕН ҚАЙДА АСЫҒАМ

Осы мен қайда асығам, қайда асығам?

Зияны көп тірліктің пайдасынан.

Жер шарын жеті айналып шықсам дағы,

Көктегі қиял қуып айға асығам.

 

Осы мен қайда асығам, қайда асығам?

Жақсылық, құт береке, тойға асығам.

Онсызда белгілі ғой барар мекен,

Иманның адасқан көп арнасынан.

 

Осы мен қайда асығам, қайда асығам?

Жаңылған пенделік пе, тәубәсінан.

Қорқытша қобыз алып кезсем-дағы,

Ажалдың аса алмаймын айласынан.

 

Беріліп пенделікке асығамын,

Құл болып қу дүниеге асыл арым.

Өткізген күндерімді құлшылықсыз,

Ойласам опық жеймін ашынамын.

 

Шариғат қақ сөзіне құлақ асып,

Сәжде қыл қыбылаға жұмаға асық.

Уағын бес намаздың қаза қылма,

Беретін ол дүние нұрдан нәсіп.

 

Нәпіған (Қалау) Зәбіқанұлы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑