banner-top12

Ақпараттар ағымы e990535ed64e78e9400d06003f451825_resize_w_520_h_

Қосқан уақыты Қыркүйек 16, 2017 | 338 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында  дөңгелек үстел өтеді

 

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізеді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:  

  «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

…Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.»  дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.   2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.  

Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болды. Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясындағы іс-шараларын осы бағытта жүзеге асыруда.  Ең бастысы – бағыт-бағдар анық, жолымыз жарқын.

     Жоба аясында 2017 жылғы 20 қыркүйек күні өтетін тақырыптық шаралардың бірі Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары тақырыбына арналмақ.

 

Ұсыныс, пікір білдірем деушілер, жиында сөйлеймін деушілер болса хабарласуына болады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 37. Қазақстан Жазушылары кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 20 қыркүйек күні, сағат 15.00-де.

Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑