banner-top12

Ақпараттар ағымы f968ac55-a9ec-4b4a-8ae0-23b9e67ae9fa

Қосқан уақыты Тамыз 1, 2017 | 446 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

«Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы бойынша «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:
«Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
…Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.» дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. 2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.
Бұл жиын Жоба аясында өтетін тақырыптық танымдық іс-шаралар қатарындағы – Қазақ этнографиясы тақырыбына арналмақ.

Ұсыныс, пікір білдірем деушілер, жиында сөйлеймін деушілер болса хабарласуына болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 37. Қазақстан Жазушылары кітапханасы.
Өтетін уақыты: 2017 жылғы 10 тамыз күні, сағат 15.00-де.
Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑