banner-top12

Ақпараттар ағымы 20728841_1508888832505176_8694335924174347886_o (1)

Қосқан уақыты Тамыз 11, 2017 | 269 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20785936_1508887882505271_5911415583272867322_o (1) 20645353_1508889112505148_2455884935277633636_o 20645390_1508888419171884_2041181789124306389_o (1) 20689496_1508887355838657_8728748766539032675_o (1) 20689866_1508891745838218_7426047249257333654_o 20689882_1508892322504827_2037319299107048922_o 20689919_1508893105838082_7203415213160044909_o 20690160_1508893499171376_6408961444811706810_o 20690180_1508891159171610_7038343931010446700_o 20690460_1508892579171468_486880717957184169_o 20728703_1508890349171691_4402396353637777403_o 20728738_1508891925838200_6837856001569412514_o 20728836_1508888709171855_2008075614034852271_o (1) 20728841_1508888832505176_8694335924174347886_o (1) 20746090_1508891542504905_1227442408780381605_o 20747937_1508888952505164_293866391993582507_o 20748250_1508892135838179_4113113484398157156_o 20748300_1508891305838262_5233113811824842195_o

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізеді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:  

  «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

…Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.»  дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.   2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.  

      Бұл жиын Жоба аясында өтетін тақырыптық танымдық іс-шаралар қатарындағы – Қазақ этнографиясы тақырыбына арналды.  Жиынға белгілі этнографтар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑