banner-top12

Әдебиет Kyz_Zhibek_Tolegen

Қосқан уақыты Мамыр 9, 2014 | 1  743 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақ фольклоры

Қазақ фольклоры ауыздан ауызға тарап бүгінге жеткені әмбаға аян. Бір кезде айрандай ұйыған осы бір бейкүнә қазақ халқы тарихи себептерден тоз-тозы шығып, әлемге тарыдай шашылып кете барды. Әдебиеті мен мәдениеті де өзімен бірге қиын күй кешті. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін барып басымызға бас қосылып, шетелдегі қандастарымыздың әдебиеті мен мәдениеті арнамызға құйыла бастады. Алыс-жақын шетелден келген қаламгер ағаларымыз бен апаларымыз жиған-терген, жазған рухани дүниелерін өзімен бірге ала келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қоржынын азда болса толтырғандай болды. Мәселен, Қытайдан келген жазушы, зертеуші Оразанбай Егеубаевтың бұл жағында Қазақ еліне қосқан үлесі өте зор. Қазақ ұлтына қатысты бұл аңыздардың кейбіреулерінің желісі  Қазақстанда жаряланған материалдармен желілес болғанымен көп жағынан өзгешелеу екені көзге ұрып тұр. Ал қытайда өмір сүрген қазақтарға қатысты материалдар тіпті де өзгеше. Газетіміздің бүгінгі нөмірінен бастап ол кісінің жинаған ауыз әдебиетіне қатысты материалдарын беріп тұруды жөн көрдік.

Уақ батрымен Абақ

Уақ пен Керей бір еншілес болып Уақ ағасы екен де, Керей інісі екен. Уақ елге қол басшы, батыр болыпты.

Керейдің алғаны ұлы жүз үисін елінің қызы болыпты, аты Абақ екен. Ол Керейден бір ұл туып, ол ұлы үш жасқа келгенде Кереи өліп, Абақ жастай жесір қалыпты. Ұлының аты Ашамайлы екен. Уақ: «Іні өлсе аға мұра» деп, Абақты алмақ болса, Абақ: «мен баиға тимеймін, ұлым ержеткенше отырамын, қайнағамыз маған іренжімесін» – деп жауап қаитарған екен. бұған Уақ іштей өкпелі болыпты. Жаз кезінде Абақтың сиырлары бұқасыз қалғандықтан ол бір малайын жұмсап: «Баты ағаның ауылынан бұқа әкеліп сиырға қосыңдар» деиді. Жұмсаған адам шауып барады да, Уақтың қорасынанбір-екі бұқаны айдай жөнеледі, аған көзі түскен Уақ:

– Бұқаны қайда апарасың? – деп сұрай кетеді. Әлгі адам «келініңіз Абақ жұмсаған еді сиырларынына бұқасы жоқ болған соң» депты. сонда:

– Оның өзі бай керек қылмағанда, сиыр бұқа керек қылама? – деп бұқаны бермей алып қалыпты. Жұмсаған адам бұқа туралы айтылған бұл сөздерді Абаққа айтып келген екен, Абақ іштей қатты іренжіп, сонан Уақ батыр айшылық алысқа жорыққа кеткенде, Абақ аша майлыны алып, өз төркіні үйсін елдіне көшіп кетіпті, Уақы оның артынан іздеп бармапты. Абақ төркініне барған соң Нәзір деген молладан:

– Балам ержеткенше ерсіз отырсам бола ма?»- деп патуа сұраса, Нәзір сонда:

– Сіз жас адам екенсіз, ерсіз жас әйел бұлақтың басынан өз қолыменен су алар болса, аяқтағы елдің ол сумен дәрет алуына да болмаиды. Сондытан ерге некеленіп отырғаныңыз жөн, – деген жауапты айтыпты. Абақ ойлана келіп, ақыры сол молланың өзіне некеленіпті, одан бір ұл тауып атын қара қожа қойыпты бұл ержетіп би болған екен, Қара би атаныпты. Қара биден Майқы туыпты.

Тоқатар қожа

 

«Баласы Сарымсақтың Сайбақ ханды,

Жаратар ұдай артық әр бір жанды.

Кенжесі тоғыз ұлдың тоқтар қожа,

Байжігіт сонан туып бай атанды» деген өлең бар. Наиман ата өсіп-өрбіп рулы ел болған тұста, Байсбайдың қорлына түрік жерінен келген Тоқар қожа деген жігіт келіп тұрыпты. Ол сайбақ деген ханның баласы болып, ағаларынан жәбір көріп елінен кеткен екен. Тоқтар қожа зерек көрген- білгенін көңіліне тоқитын ақылды екен. Ол Байсбайдың малын бағып, жұмсын істеп, Байсқа жағыпты. Бір жылы ар кұзде Тоқар қожа Байстың алдына келіпті: «биылғы қыс қатты, ақ сүиек жұт болатын көрінедді»- депті. Байыс « оны қалаи білдің» – дегенде. Тоқтар қожа: «қысту мен отарды шолып келдім, жылдағы қоңыр аң ауып кетіпті, өрістегі қойлардың жайылуына қарасам тоқтылар қойдың алдына шығып жайылатан болыпты. Бұл қыстың ауыр болатынының нышаны. Менің ақылымды алсаңыз, жылқы бастаған барлық ірі қараны маған тапсырыңыз, жұт жүрмейтін жерге қыстатып келейін, ұсақ малға арша шаптырып, тал қидырып, биік қораға жинатыңыз да ішне екі жүз ұсақ қой қаматтырып батырыңыз, қалған барылық қойды қыс басында сойдырып, қарға көміп, мұздатып, қыс аяғында көже қатықтан тарыққандырға таратып, туар қой алыңыз»- дейді. Тоқар қожаның ақылына сенетін Байсбай оны бас етіп, ірі қара малын отарға көшіріп қойын тоқтар қожа айтқандай орналастырады. Бір кедей жалғыз атын «Құдайға аманат» – деп Тоқар қожа басқарған жылыларға қосып жібереді. Айтқанындай қыс қатты болып, ақ сүиек жұт болады. Көп елдің малы жұтап, таяқ ұстап қалады. Жаз шығып Байстың екі жүз тұсағы түгел төлдейді. Бірақ отарға кеткен ірі қарадан хабар болмай Байс қатты алаңдайды. Тіпті ат көзінен көк шықанша хабар-ошар болмай Баис күнде өзі төбеге шығып, қызы Мақта пайды да шығарып қаратып зарығады. Бір күні мақта апай: «Ата шүиінші, жетегі бар біреу келеді, Тоқар ағама ұқсайды» – деп жүгіріп үйге кіреді. Сонда Байыс: «Тоқар қожа малды аман әкелсе шүйіншіге сені берем» – депті. Айтқанындай жетек атты тоқтар жожа болып шығады. ол баисқа келіп, салем беріп, барлық ірі қара малының ама-есен қыстан шыққандығын, жылқыларды құлындатып, сиыраларды бұзаулатып, түйелерді боталатып бірақ әкелгендігін, жетегінің біреуі екі саба қымыз теңдеген қысыр бие екендігін және бірі әлгі кедейдің аманат жалғыз аты екендінін, отар малдың көші артта келе жатандығын айтып Байсты қуандырады. Тоқтар қожа қыста ұзақ көшіп отарлап, барғанжерінде қазық қағып, жерге қазық кірмейтін тоң болса ол жерге еру болмай, қазық кірген жерге ерулеп, жылу қатты жерлерді айнала отарлап көшіп қыстан шығыпты. Сиырларды қамысты жерлерге айдап жайылтқандықтан барлық сиырдың тұмсығын өрге жүні маңдайына деиін қырқылып түсіп қысаға айналған екен – дейді. Байсбайдың ірі қарсы қыстан аман шығып, екі жүз тұсақ қойынан ұрық болып қарызға таратқан қойларын түгел қайтарып алып онан ары шалқып байыпты. Тоқар қожаның ақылы мен жақсылығына разы болып сөзінен қайтпай қызы Мақта апайды беріп, отау көтеріп күиеу бала қылып алыпты. Мақта апайдын Баижігіт, Жанжігіт деген екі ұл туады, олар ержеткенде Тоқатар қожа еліне қайтпақ болса, Жанжігіт әкесіне еріпті де, Байжігіт шешесінен айырлымаймын, – деп Мақта апайда қалыпты. Байжігітке әке дәулеті дарып ұрпағы өсіп, сонан рулы ел болған екен – дейді.

Еміл

 

Саматөренің баласы Нұрасыл құралайды көзге атар мерген, алған бетінен, басқан ізінен қайтпайтын батыр болған екен. Найманның бура деген руынан жалғыз аил Таңдар, Таңат деген екі жігіт беймәлім бір жағыдаймен елінен ауып келіп, Нұрасыл батырды паналап, төренің ауылына арқа сүйеп жан бағады. Күндердің бірінде олардың бірі Нұрасылдың бойжеткен қарындасымен көңіл қосып, қыз жүкті болып қалыпты.

Қашқын кедей жігітке қан тұқымына төре қыз береме, екі ғашық қайтерін біле алмай ақыры бура еліне қашуға бекіседі. Үш сайгүлікпен сайланып жасырын жолға шыққан екі жігітпен қыз суыт жүріп, ұзақ жол басып, еміл өзеннің бойына барғанда қыз толғатып атқа жүре аламай, сол жерде босаныпты.  Қару-жарағын асынып, хаһарына мініп жолдастарын ертіп оларды қуа шыққан Нұрасылға анасы Ырысенең деген кісі:

– Меннен туғаның рас болса, қызымды өлтірмей нәрестесі мен әкеліп бер, үйтпесең емшек сүтімді көкке сауам- деген екен.

Еміл бойында қуып жеткен қуғынылардың екі жігітті құтқару үшін қыз тасып жатқан Еміл өзенінен жігіттерді зорлап өткізіп жібереді де, нәрестесі мен өзі Еміл өзені жағасында қалады.

Нұрасыл судан өтіп бара жатан екі жігітті атыпты, өлгені немесе жаралы кеткені мәлімсіз. Қарындасын да атып өлтіріп сол жерге жерлеп нәрестені алып қайтыпты деседі, енді бір әңгімеде қуғыншылармен біраз жігіттер арасында соғыс болып, жігіттер де,қыз да соғыста өліпті, Нұрасыл нәрестені алып қайтыпты делінеді. Тағы бір әңгімеде қуғыншылар келіп қалып жігітпен қыз суға кетіріп алудан қорқып және тулған нәрестені тастап өздері өтіп кетіпті делінеді.

Қалай болсада, Еміл бойында кіндік қаны төгілген осы нәресте ұл бала болыпты, төренің ханымның тапсыруы бойынша құшағына әкеліп салынғаны анық.

Еміл бойында туылғандығы үшін ханым оның атын Еміл қойғызып, Нұрасылымның кенже інісі «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп Нұрасылдың қара шаңғырағына бастырған екен, әрі Төре-Төленгітте кім- кімнің Емілдің атын атап, түсін түстеуіне оны бөлектеп араға жік салуына болмайтындығын өзі тіршілік өмірден көз жұмғанша уағыздап кеткен екен.

Айлар ауысып, жылдар жылжый беріп, Еміл ұрпағы іргелі ауылға айналыпты. Рабат кұңнің тусында бір жылы жайлау үстінде ауыл арасына жік түсіп қатты ренжу болады, Еміл ұрпағы қас жайлауының Қосбұлақ деген жеріне жыйналып қонып ура еліне көшіп кететіндіктерін жарялапты, әрі көшу дайындығына кірісіпті. Ел ішіндегі бөлінуден хабар тапқан кұллі қызай біліктілері бас қосып ақылдасып, араға түсіп, Еміл ауылының өкпесін орынды санап «ағайынның өкпесі бар, кегі жоқ» – деген ережеге сиғызып, Рабат күңнің теңсіздк көз қарасына қауым ел болып сөгіс айтыпты.

Сүйтіп, еміл ауылын «шиубе» деген жерге келгенде көшуден тоқтатыпты, еміл ауылы қас алқабына қайта тұрақтап қалсада «ата тегіміз төре», – дегнді қайта айтатын болып «елмілбіз» дейтін болған екен. Қазір бұл ауыл ондаған түтін болып, қас алқабының көп жеріне жамырай қоныстанып отыр.

Қаптағай

 

Жау келсе, қару дайын ат танайлап,

ұлы найман төмен ел жатқан аймақ.

Қасиетті батыр ұран етіп,

Жауға қарсы шабатын «қаптағайлап!»

Найманда қаптағай батыр өткен,

Тәңірім әрі шешен, ақылды еткен.

Әлемге әйгілі Кет бұғадаи шебер өткен,

Солардың аруақтары ұрпақтарын,

Демеп, қолданып келеді кереметпен.

Есте жоқ ерте, шетсіз-шексіз сағымдай құбылған өлкеде, найман атты жалпақ жұрт болыпты.

Олар: «атамыз- Алаш, атымыз – Қарзақ, орта жүздің ұрпағымыз» десіпті.

Олардың жері бай болыпты. Жерінің түгін тартса май шығыпты. Жетім тоқтысы егіз туыпты. Наимандар малын түгендеп ала алмапты. Қалың найманның өзенінің балығы тайдай тулапты, бақасы қойдай шулапты, орман тоғай бұлбұл үніне толыпты. Даласы алуан гүлге толыпты.

Найман елінің малдарымен тауларының аңдары қосылып, ұиірлесіп кетіпті. Осы байлыққа қиан да жатқан қызыл көз жаулар құмартыпты. Әбден дайындалып, сансыз қол бастып, шеру тартып найман елінің шығысы мен батысынан, түстігі мен терістігінен бірдей шабуылдапты, осы кезде Қаптағай жиырма жастағы шағы екен. Ол ата-бабасының аруағына сиыныпты, тәңірім жар болып сайсқа аттаныпты.

Еңірегенде етегі толған ақ шылаушты аналар мен ақ шашты аталардың, қара көз қарындастарыдың, дүниеге жаңа келген жутаңкөз сәбилердің, қосағынан айырылып аңыраған жарлылардың қасыретті үні Қаптағай батырдың тұла болиына жебе тимейтін қалқан, жеңілмейтін күш қуат бағыштайды. Наиман елі берік ынтымақтасып жауға қарсы шығыпты. Аңталаған жау берекесі қашып, алды-алдына тозыпты. Жаудың көзіне бір найман мың болып көрніпті де тоз-толаңы шығып жеңіліпті.

Жаулар: «Бұл найманды Қаптағай құдыретті адамы, темірдей мықты ынтымағы тұрғанда, қаншалық кұш болсада жаулап алуға болмайды екен. ендгі жерде бұлардың арасына білдіртпей ірткі салып, берекесін бұзып, бірін-біріне қайрап, бөлек-бөлек бағындырып құрту керек» деп шегініп кетіпті. Осыдан кейін сандаған жылдар найман әулеттері өздерінің қасиетті, жеңімпаз батыр, тәңірі қолдаған құдыретті Қаптағай есімін ұран етіп шақырып, ту етіп көтеретін болыпты.

Аары үкі дарыған Сәменбет

 

Сәменбет ата үш әйел алыпты.

Үлкен әйелі – Сұқсыр, ортаншы әйелі – Табтібике, кіші әйклі – Бадан.

Бадан ана сұңғақ бойлы, сүлу, сымбатты, сері, сергек болыпты. бірақ алғашқы өмір жолы тосынқы болса керек.

Сары деген бабамыз үлкен ұлынына Баданды айттырып алып беріпті. Бадан сұлу балаға жүкті болмай, Сары атамыздың көңілі күпті болып жүрген кезінде жазымштың жазуымен атастырған күиеуі қайтыс болыпты.

Бадан сыңарынан айырлған аққудай сұңқылдағанда, ата-енесі ботасы өлген бозынгендей боздапты. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, өлген қайтыпкелмек жоқ деген сиақты халық ақляларымен уатып жылын күтіп «ғидатын» толтырған соң Сары бабамыз келінін екінші ұлына некелепті. Бадан слу қайнысына некеленген соң жастық бұлаңдықтан отын тартып, толғамды мінез қалыптастырыпты. Сары бабамыз да ордасынан отауын бөліп бөлек қондырып маңын көршілерімен толтырыпты.

Атасының қамқорлығына дән риза болған Бадан ата-енесінің жүргек иісіне құмар-аңсарын аудырар бір нәресте көтеруді күндіз-түні ойлап Алладан тілепті, жығлған үстіне жұдырық дегендей сұлу Баданның басына қасретті қаралы күн тағы түсіпті.

Отар малында жүрген жерінен Сарының баласы қатты науқастанып жол-жөнекей үйіне жетпей қайтыс болыпты. Бала сүйемін деп үміттенген ұлынан айырылған ата-ана қайғының қара  сойылынан мерт болып жатып қалыпты. Сұлу Баданның да өмірінің гүлі солып ел-жұрты жиналып жұбату айтса да көзінің жасы тиылмапты. Күндер өтісімен «келінім үшінші ұлымнан үмтті болып отыр ма? оны өзіне тартып әкетпесе игі еді» деген ойдағы атасы өзі көшкенде келініне қабарламай жұртқа тастап кетіпті.

Тағдырдың басқа салғанына көнбеске лажы қалмаған Бадан: «сабыр түбі сары алтын, сарғайғанжетер мұратқа» деп күңіреніп отыра беріпті.

«Сары келінін жұртқа тастап кетіпті» деген хабарды естіген Саменбет бай:

– Е, екі баламмен атастырдым, екі баламда паниден бақиға кетті, ол Құдайдың жұмсы, келінімнен емес, бірақ екеуінен де бір перзент болмады. Ұрқым өспейтін болды деп жұртқа тастаған екен ғои,- деп ойлайды.

Күндердің бірінде Саменбет ахуалын ұғықалы Баданның отауына келіпті.

«Саменбет бай келеді, менің хал жайымді біледі» деген ой баданның ойына да келмеген екен. Көзі жасты, көңілі күпті Бадан көңіліне сыр бүкпейтін жәйдарлы мінезі мен:

 – Некелі болған жұбайымнан айырлғанда Құдайдың ісі деп күтіп едім. енді бүгін жалғыз үй жұртта қалып қаңырап отырмын. Жасың үлкен болса да жолым кіші қайнысын, ақылыңды айтып жолымды көрсетіп бер, отыр дейсің бе, көш дейсің бе? Көшсем қалай көшемін, отрсам қалай отырамын, – деп Сәменбет байдан ақыл сұрай бастапты. Саменбет ұзақ ойланған соң:

– Мен екі әйел алғанмын, одан тоғыз бала сүйдім, қазыр жасым ұлғайып қалды. Бірақ әйелдің адал мұңды, зары, қасиеті, -деп тоқтапты. Жасың ұлғайса да сен саған ынтықпын дегеде көзі жаутаңдап қараған Бадан сұлу Сәменбеттің сезімін сілкіндіре беріпті. Екі күн жатқан Сәменбет аттанарда:

– Көшіп қасыма келіп қон! деп кеткен екен. Бадан Сәменбетпен некелі болғаннан кеиін де екі, үш жылдай бала көтермепті.

Бір күні тәңертеңгі шайға отырған Сәменбетке Бадан: «мен бір түс көріп ояндым. Тыңдаңызшы»,- депті. Сәменбет:

– Ал айта ғой онда,- деген жадыраңқы. Бадан:

– Мына орданың шаңырағының күлдіреуішіне екі сары үкінің балапаны қонып отыр екен, екі омырауым исініп кетіпті- деп түсін аяқтатыпты.

Мұны естіген бай:

– Мынау жай ғана түс емес «сәуе» ғой деп қуанышы қоринына симай сол сәтте-ақ ауыл ақсақалдарын ақ ордаға шақырып, ақ сарбас қойға бата жасатып Баданның түсін жорытыпты. ақсақалдың бірі:

– Екі ұл табады екенсің, – депті баданға қарап. Енді бір ақсақал: екі омырауыңның исініне қарағанда екі балаң ұрпақты болармае кен деп сөзін аяқтатыпты. Бадан сұлудың түсін сан-саққа жорыған сәуегейлер бұда болса Сәменбеттің тасып жатан бағы деп Сәменбетке зет-құрмет білдірісіпті.

Кейін Бадан екі ұл тауыпты. Оның бірі – Байымбет (есағасы), енді бірі Қазыбек.

Бадан түсінде сары үкі көргендіктен Есағасы мен Қазыбектің ұрпағы он бір Сәменбеттің ішінде ең көп өскен аталар екен.

Сүйтіп сары үкі дарыған Сәменбет деген аңыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпты.

Қазырге дейін Есағасы, Қазыбек балалары сары үкіні киелі құс деп қастерлейді, оған тиспеиді, үкісін де жұлып пайдаланбайды.

Мен ертеректе Есағасы руының дуагой ақсақалы алтын бай байға сәлем бергелі үиіне барып отырғанымда бір азамат құмдақтап бөлеген үкіні алтекеңе тартуға ұсынды. Абыржып қалған Алтекең:

– үй, жаным жеимін, бұл жарықтықты қайдан ұстадың деймін? Үкісін қиған жоқсың ба деймін? Қанат-құйырығы бүтін бе деимін?- деп үкіні сылап-сипап, баласы Абдыкерім ге:

– Абдыкерім деймін, мынау азаматқа бірдеме өңгертші, бірдеме дәметіп келді ғой деимін – деді. Қымыз ішіп болған азамат рахмет айтып аттанды. Сырттан қайтып үйге кірген Абдыкерім ге Алтекең:

– Абдыкерім деймін, жаным… Мына үкіні өзің апарып қарағайдың ішіне қоя бер, басқа біреуді жұмсасақ үкісін жұлып алады, – деп Абдыкерім үкіні әкеткенше бәйек болды. Бадан анадан өсіп бұтақтаған сегіз ағасы, жеті қазыбек аталып өскен он бір Сәменбеттің екеуі көп ел болды. Олардың негізінен тұрағы: Алтайдың жеті ауданында, Баркөл, Құмыл, аймақтарына ірге тепті. Бір шеті түрутаға да қанат жайды.

Шақабайдың Жәнтекейке ұран болуы

 

Керей рулары Алтайға екінші рет қайта айалып келгенде жер-судың тұтығымен кеңін, шөптің шүйгінін қуалап, әр ауыл әр сайдан қоныс алыпты. Ел, ауыл саны шағы-шағын болғанмен аралары жарым күндік, бір күндікке шейін барады екен.

Есентайдың үлкен ұлы Шақабайдың өзінен үлкен әпекесін ертіп, бір туысының үйіне амандасып қайту үшін шығады. Шақабай сол кезде 18 жаста болып, жүректі де, мықты екен шақабаймен әпекесі ел, ұзын сайды құлдап келе жатса, сай аузынан алпыс шамалы жау жасауылдары қазақтарды шаппақ болып, аттарын демалдырып, өздері тамақтанып жатқан кез екен. Шақабаймен әпекесі бір тұмсықшаны айлана бере әлгі жау жасауылдарының үстінен түсіп қалады да, жау екенін біліп қайта тұра қашады. Жаулар олрды көре салып «елге тірі жібермеу керек» деп аттарын жайдақ, кейбіреулері ерттеп мініп тұра қуады. Мінгені өңкей саңлақ. Жау жағы шақабаймен әпекесін құтқармауға айналады. Сонда Шақабай әпекесін:

– Анар бірді құтқаратын емес, сен шаң көрсетіп алдыға қарай шаба бер. Мен мынау бұрын талдың арасын жасырынып қалып, артынан түре соғайын,- депті.

Айтқанындай жеті-сегізі алдыға өтіп кеткеннен кейін, Шақабай қолына бір сойылды дайындап алып, қуғыншылармен араласа шауып, тар сай ішінде оларды бір-бірплеп ұрып түсіре береді. Артқы қуғыншылар алдынғы жағындағы жығылып жатқан адамдарды, бос ойнап шыға келген аттарды көргенде істің бас-аяғын түсінбей қайта қашады. Тар сай ішінде Шақабай алдынғы 7-8 адамды түсірген соң кері қашқан жауды қайта қуады. Әпекесі де Шақабайдың ерлігін көріп атынын басын тоқтатып, қайта қашқан жауды қуған шақабайға айғайлап: «Шақабаи! Шақабаи! қаит! қаит!» – деп дәмілсіз айғайлайды. қайта қашандардың бірнешеуін түсіріп жіберген Шақабай он неше атты ер, тоқымымен жиып қайта қайтады.

Жаулардың кеиін қашқан тобы артта қалған адамдарына қарамаи: «шақа баилап ұран салған біреу кезігіп бізді бір-ақ жайпады» деп еліне қашып барады. Олардың онысын қазақтарда естіп біледі. Кейін керейлер жаумен соғысқанда «шақабаи! шақабаи!»- деп ұран салып шабатын болыпты. «Шақабай» ұранын естіген жауда табан тіреп соғыса алмаитын болыпты. Сүйтіп бірте-бірте «шақабай» жәнтекеидің ұранына айналыпы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑