Қазақ тілді радио бағдарлама Нью-Йоркте іске қосылды - Шалқар газеті
banner-top12

Цифрланған әлем

Уақыты 9 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 53 рет оқылды

0

Қазақ тілді радио бағдарлама Нью-Йоркте іске қосылды

Бағдарламаның алғашқы қонағы Димаш Ниязов болды.

Қазақстандық бағдарлама Нью-Йорктегі Freedom FM радиосында іске қосылды. Бұл туралы Нью-Йорктегі танымал қазақстандық полицей Димаш Ниязов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол осы бағдарламаның алғашқы қонағы болды.

Ол қазақ тілінде беріледі.

«Сәлем, достар! Бүгін бізде тарихи оқиға болды. Америкада алғаш рет Нью-Йорктен қазақстандық бағдарлама эфирге шықты. Біздің бағдарламаның алғашқы қонағы — жылдың полицейі, офицер, актер Димаш Ниязов», — деді эфирде жетекші журналист Данияр Қожанов.

Сонымен қатар, жүргізушілер бағдарламаны қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің музыкалық композициясынан бастады.

Сондай-ақ, Димаш Ниязов бағдарлама қазақстандық орындаушылар мен талантты жігіттерді танымал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада спорт жаңалықтары, Нью-Йорк пен Қазақстанның өмірі талқыланады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы