banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 17, 2014 | 463 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан 10 елдің азаматтары үшін визасыз тәртіп орнатады

 

Ү.ж. 12 маусымда ҚР Президенті маңындағы Шетел инвесторлар кеңесінің Бурабайда өткен отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда 10 елдің азаматтары үшін визасыз тәртіп орнатылады деп жариялады, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2014 жылдың 15 шілдесінен 2015 жылдың 15 шілдесіне дейінгі аралықта АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы мен Жапония азаматтары үшін визасыз тәртіп орнату бойынша тиісті шешім қабылдады.
Аталған уақыт аралықта осы он елдің дипломатиялық, қызметтік, ұлттық төлқұжаттарына ие азаматтарына мемлекеттік шекараны өткеннен бастап 15 күннің ішінде көпреттік түрде Қазақстан Республикасының территориясына визасыз кіріп, шығып, транзитпен өтуге мүмкіндік беріледі. Жоғарыда аталған елдердің азаматтары Қазақстан Республикасы территориясында 15 күннен артық болатындай дәйекті қажеттілік пайда болса, олар заңмен бекітілген тәртіп бойынша ҚР Ішкі істер органдарында «іскерлік» санаттағы және ҚР Сыртқы істер министрлігінде «инвесторлық» санаттағы тиесілі визаларын алуы қажет.
2014 жылы 15 шілдеден 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін визасыз тәртіптің орнауы алғаш енгізілетін тәжерибе болып табылады. Бұл жобаның іске асырылуы қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі оны жалғастыру не тоқтату шешіміне келеді.
Қазақстанның бұл бастамасы екі жақты серіктестік қатынастардың нығаюына, және шетел іскерлері мен туристтерге елімізде оңды жағдай тудыруға бағытталған. Жоба шеңберінде жоғарыда аталған елдер азаматтары Қазақстанға визасыз келіп, тарихи, туристік және табиғи назар аударарлық орындарын өз көздерімен көріп, Қазақстан мәдениетімен жақынырақ танысып, бизнес байланыстарын орната алады.
«Бұл өзге мемлекеттермен ынтымақтастықты жеңілдетуге, инвестицияларды тартуға және Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесінің қарсаңында халықаралық қатынасқа жағдай жасауға бағытталған еліміздің ерекше қадамы», – деп ҚР-да аккредитацияланған шетел елшілері мен консулдармен кездесуінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 ұлттық комиссары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстан визасыз тәртіпті бір жақты орнатып, жоғарыда аталған және өзге де мүдделі елдермен еліміздің азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздерді белсеңдірете түседі.
«Болашақта, визасыз елдер тізімін кеңейткен кезде, Қазақстан әрбір елге кірердегі виза алу үрдісінің қаншалықты қиын болатындығына ерекше назар аударып, Қазақстан азаматтарына виза алу үшін оңды жағдай жасайтын елдер үшін визалық тәртіпті алып тастайтын болады», – деп атап өтті Р.Жошыбаев




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑