banner-top12

Ақпараттар ағымы 912791418

Қосқан уақыты Ақпан 17, 2015 | 632 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан 10 мемлекетпен визасыз режимде қарым-қатынас орнататын пилотты жобаны жүзеге асырмақ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі он мемлекетпен визасыз режимді жүзеге асыруға ниетті. Дегенмен, осындай саясатқа мүдделі тараптар саны көп болып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай мәлімдеді.
«Біз визасыз режим бойынша 10 мемлекетке дейін пилотты жобаны жүзеге асырмақпыз. Қазір бұны кеңейтуге бола ма, болмай ма соны талқылап жатырмыз. Ал 10 мемлекеттің құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Жапония мен Оңтүстік Корея секілді елдер бар», – деді Е. Ыдырысов.
Министрдің сөзіне қарағанда, көптеген елдер Қазақстанмен арада визасыз қарым-қатынас орнатуға барынша қызығушылық танытқан. Тіпті, бұл әңгіме барысында елдердің ұзын-сонар кезегі де қалыптасып қалған көрінеді.
Ал солардың арасында ең бірінші кезекте Қытай Қазақстанмен визасыз режимге мейлінше мүдделі екенін танытқан.
«Қытай «біз Қазақстанда ең үлкен инвестормыз, бізге визасыз режим орнатыңыздар» дегенді алға тартады. Әлбетте, бұған біз барғымыз келмейді, оны түсіндіріп жатудың қажеті де жоқ шығар. Дегенмен, Қытай халқының 2 млрд.-қа жуық екенін де еске салайық», – дейді Е. Ыдырысов.
Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы келешекте виза беру режимі электронды түрге алмастырылуы мүмкін екенін жеткізді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑