banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 17, 2014 | 520 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан «Адам құқықтары мен заң басымдығының «Пост-2015» даму күн тәртібіне қосқан үлесі» атты жоғары деңгейлі отырысына қатысты

 

2014 жылғы 9-10 маусым кезеңінде БҰҰ Бас Ассамблеясында «Адам құқықтары мен заң басымдығының «Пост-2015» даму күн тәртібіне қосқан үлесі» атты жоғары деңгейлі отырысы болып өтті. Бұл 2015 жылдан кейінгі жаңа жаһандық даму күн тәртібін құрастыру жөніндегі процесстің аяқтаушы кезеңдерінің бірі болып келеді. Қазақстан атынан бұл іс-шарада Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Хатшысы сөз сөйледі, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Т.Әбішев өз сөзінде, БҰҰ қызметі тұрғысында адамның негіздемелік құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету маңыздығын, сондай-ақ ұлттық және халықаралық деңгейде жаһандық тұрақты дамуға жету, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау, жергілікті және халықаралық жанжалдарды реттеу үшін қажет екендігін атап өтті.
Іс-шара аясында Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Хатшысы БҰҰ Бас Хатшысының адам құқықтары бойынша Көмекшісі Иван Шимоновичпен кездесіп, Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етудің жағдайы туралы, сонымен қатар бөлек осал топтар – босқындар, еңбек мигранттары, азаматтығы жоқ тұлғалар, оралмандар, адам саудасының құрбандары туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігі жетекші халықаралық құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл жиынға Хьюман Райтс Уотч, Журналистерді қорғау комитеті, Ашық қоғам қоры және Халықаралық амнистия шақырылып, Қазақстанның келесі баяндамалары назарға ұсынылып талқыланды: адам құқықтарының жағдайы туралы; оралмандар, азаматтығы жоқ тұлғалар, босқындар құқықтарының жағдайы туралы; мигранттар құқықтарының жағдайы туралы. Халықаралық құқық қорғаушылары дөңгелек үстелді өткізген үшін алғыстарын білдіріп, қазақстандық және халықаралық үкіметік емес құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша Қазақстанның белсенді күш-әрекеттеріне өз жоғары бағасын берді. Олар БАҚ қызметіне қатысты нақты істер туралы сөз қозғап, Қазақстандағы құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша рекомендацияларын берді.
 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑