banner-top12

Ақпараттар ағымы Golos_Logo

Қосқан уақыты Шілде 28, 2014 | 1  076 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақстан дауысы» жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 600-дей адам қатысты

 

«Қазақстан дауысы» атты танымал музыкалық жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 600-дей адам қатысты, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі.
Аталмыш жоба Астана қаласында 27 шілде күні өтті. Оған Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Орал, Семей, Жезқазған, Теміртау, Астана және Қазақстанның басқа қалаларынан 600-дей адам қатысты. Ресейдің Омбы мен Томск қалаларынынң тұрғындары да жобаға қатысу үшін Астанаға келген. Өткен жылғы іріктеу кезеңдердің қорытындысы бойынша жобаға 10000-дай адам қатысып, бақ сынаған, оның ішінде Ресейдің Новосібір қаласының да өкілдері болды.
Алматы қаласындағы іріктеу кезеңі 6 тамыз күні Төле би көшесі 296 А мекенжайы бойынша өткізіледі. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, оған Қытай мен Монғолияның да қазақтары қатысуға алдын ала ниет білдірген.
Жобаның телевизиялық жобасы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 26 қазаннан бастап көрсетіледі. Жоба смс дауыс беру мүмкіндігімен 2015 жылдың 11 қаңтарынан бастап, тікелей эфирде өткізіледі.
Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Жобаға қатысу – тегін, жеке басты куәландыратын құжат қана қажет.
Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев сынды танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады.
Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.
Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы – Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері – Нұрлан Албан. Байқау жеңімпазы әлемге әйгілі «Universal» дыбыс жазу студиясымен бір жылға келісімшартқа отыру мүмкіндіне қол жеткізіп, 5 миллион теңге қаржылай сыйақыға ие болды.
«Қазақстан Дауысы» 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – барлық қатысушыларды тыңдау арқылы әділқазылардың әрқайсысы төрт топ құрады. Екінші кезеңде әр түрлі топтардың мүшелерінен құралған жұптық сайыс өткізіледі. Үшінші кезеңде жеңімпаздарды халық SMS-дауыс беру арқылы анықтайтын болады.
Тележобаға қатысып, бағымды сынаймын деген үміткерлер Алматы қаласындағы +7 727 250-65-61 телефоны немесе www.thevoice.kz сайты арқылы толық ақпарат алуына болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑