banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Шілде 16, 2014 | 496 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан және Қырғызстан кеңауқымды екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

       Ү.ж. 15 шілдеде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде сол елдің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Эрлан Абдылдаевпен кездесті.
Келіссөздер барысында қазақстан-қырғыз екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі халі мен мүмкіндіктері, өңірлік ықпалдастық пен халықаралық күнт тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылық және су-энергетикалық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылау ерекше назарға алынды. «Елдеріміздің экономикалық ынтымақтасуына зор мүмкіндіктер бар. Бізге сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетіп, өзара сауданы барынша ынталандыру қажет», – деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.
Сыртқы саяси мекемелерінің басшылары өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі мемлекеттердің көпжақты ықпалдастығының деңгейі мен мазмұнына қанағат білдірді. «Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық сахнадағы серіктестік қатынастарын және екі мемлекеттің бастамаларына өзара қолдау көрсететінін атап өткім келеді», – деп атап өтті Е.Ыдырысов.
Келіссөздердің басты қорытындысы болып, екі ел арасындағы саяси сұхбатты нығайтуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылуы болып табылады.
Сыртқы істер министрлері келіссөздер қорытындыларына қанағат білдіріп, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастық жалғасын табатындығына үміттерін білдірді.
Ү.ж. 16 шілдіде іссапар шеңберінде Ерлан Ыдырысовтың Қырғыз Республикасы Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі және Орталық Азия елдері мен Жапония сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы жоспарланған.

ҚР СІМ Баспасөз қызметі

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑